«Мобильді ХҚО» қосымшасы арқылы ЭЦҚ және басқа да жиі сұралатын қызметтерді алуға болады.

📍Енді ЭЦҚ алу үшін ХҚО-ға барудың қажеті жоқ. «Мобильді ХҚО» қосымшасында ХҚО операторымен бейнеқоңырау арқылы байланысып, ЭЦҚ-ға үйден шықпай-ақ тапсырыс беруге болады.
⠀
📌Ол үшін қосымшаға кіріп «бейне қызметі» батырмасын басу керек. Оператордың қосылуын күтіңіз, ол жеке куәлік пен SMS арқылы келген кодты сұрап, өтінімді қабылдайды.
⠀
🔺Сондай-ақ, аталған қосымшада:
-жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжаттың телнұсқасын;
-жылжымайтын мүлік объектілерінің техникалық паспортының телнұсқасын беру;
-баланың тууына және бала күтіміне байланысты әлеуметтік төлем тағайындау;
-жерлеуге арналған бір реттік төлемдерді тағайындау, көп балалы отбасына жәрдемақы тағайындау;
-тұрғын үй көмегін тағайындау секілді ең көп сұралатын қызметтер де бар.
🔺Қандас мәртебесін беру немесе ұзарту қызметтерін де алуға болады.

Дата публикации
25 ноября 2022