Объявление о конкурсе на поступление на гражданскую службу государственного учреждения "Акжаикский районный отдел занятости и социальных программ"

Ақжайық аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, 090100,  Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Чапаев ауылы, Қонаев көшесі 35 үй,
3 бөлме, анықтама телефоны: 8 (71136) 92-3-45,

 эл.мекенжай: ar_sobez@mail.ru

 

Мерген ауылдық округі бойынша қарттар мен мүгедектігі бар адамды күту және психоневрологиялық аурулары бар мүгедектігі бар балаларды және 18 жастан асқан мүгедектігі бар адамдарды күту жөніндегі әлеуметтік қызметкері - 1 бірлік

 

Лауазымдық еңбекақысы 191670 теңгеден - 214684 теңгеге дейін.

 

  Функционалдық міндеттері:

Өз қызметін Үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесі туралы ережеге сәйкес жүзеге асырады. Бөлімшенің меңгерушісі бекіткен кесте (жоспар) бойынша жұмысын орындайды. Қызмет көрсету аймағында тұратын және бөгде адамның көмегіне мұқтаж жалғызілікті қарттар мен еңбекке қабілетсіз адамдарды анықтайды. Қызмет көрсетілетін азаматтарды азық-түлік өнімдерімен, ыстық тамақпен, бірінші қажеттіліктегі өнеркәсіптік және шаруашылық тауарларымен, дәрігердің рецепті бойынша дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етеді. Тұрғынжайларды жинауға көмек көрсетілуіне ықпал етеді, пеш жағады (орталық жылуға қосылмаған үй-жайларда), киімдерді кір жуу, химиялық тазалау орындарына тапсырады және жеткізеді, қызметтерге, оның ішінде коммуналдық қызметтерге ақы төлеуді жүргізеді. Қажет болған кезде тұрғынжайды жөндеуге, отынмен қамтамасыз етуге жәрдемдеседі. Дәрігерге дейінгі көмек көрсетеді: ыстығын өлшейді, қыша қояды, қыздыратын компресс қояды, үйге дәрігер шақыруды, сондай-ақ шұғыл жағдайларда алғашқы медициналық көмекті жүзеге асырады. Қызмет көрсетілетін азаматтармен денсаулық сақтау ұйымдарында бірге жүреді. Қызмет көрсетілетін азаматтардың туыстарымен, достарымен хат жазысуға қатысты өтініштерін орындайды. Ардагер бұрын жұмыс істеген еңбек ұжымдарымен байланыс орнатады, әлеуметтік мәселелер бойынша заңнаманы түсіндіреді және олардың тапсырмаларын орындайды. Қызмет көрсетілетін азаматтардың әлеуметтік көмектің қажетті түрлерін, оның ішінде медициналық, протездік-ортопедиялық көмек алуына жәрдемдеседі.

Үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесі туралы Ережеге сәйкес өз қызметін жүзеге асырады. Бөлімшенің меңгерушісі бекіткен кесте (жоспар) бойынша жұмысты орындайды. Бөгде адамның көмегіне мұқтаж және қызмет көрсету аймағында тұратын  психоневрологиялық аурулары бар мүгедектігі бар балаларды және 18 жастан асқан мүгедектігі бар (бұдан әрі – балалар мен 18 жастан асқан адамдар) анықтайды. Балалар мен 18 жастан асқан адамдарға өзіне-өзі қызмет көрсету, өзін-өзі ұстау, өзін-өзі бақылау және қарым-қатынас жасау дағдыларын үйретеді. Балалар мен 18 жастан асқан адамдардың бос уақытын ұйымдастырады (ойындар, кітап оқу, кітапханалық қызмет көрсетуді ұйымдастыру және т;б;). Ауруханада (ауруханаға жатқызылған жағдайда) ата-аналармен және олардың отбасы мүшелерімен балалар мен 18 жастан асқан адамдарды оңалту іс-шараларын іске асыру және бейімдеу бойынша жұмыстарды жүргізеді. Балалар мен 18 жастан асқан адамдардың ата-аналарын науқас балалар мен 18 жастан асқан адамдарды жалпы күтудің практикалық дағдыларына, балалар мен 18 жастан асқан адамдардың дамуына ықпал ететін әдіс-тәсілдерге, қимыл-қозғалыстарға және әлеуметтік дағдыларға үйретеді. Балалар мен 18 жастан асқан адамдарға және олардың ата-аналарына психологиялық көмек көрсету үшін мамандарды шақырады. Қамқоршылықты, қорғаншылықты белгілеу, жәрдемақы тағайындау, интернат үйлеріне немесе аумақтық орталықтарға орналастыру және басқа да көмек алу үшін құжаттарды ресімдеуге жәрдемдеседі. Балалар мен 18 жастан асқан адамдарды күтіп отырған күнкөрісі төмен отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек, қайырымдылық қорлары, демеушілер есебінен басқа да гуманитарлық көмектің берілуіне жәрдемдеседі. Білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қызмет көрсету мекемелерімен, ұйымдарымен клиенттерге анағұрлым тиімді қызмет көрсету үшін өзара іс-қимыл жасайды. Жұмысқа талдау жүргізеді, белгіленген мерзімде есепті ұсынады. Еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы мен өртке қарсы қауіпсіздік қағидалары мен нормаларының орындалуын қамтамасыз етеді.

 

Конкурс қатысушыларының біліктілігіне қойылатын талаптар:

      біліктілігі жоғары деңгейдегі маман:

      жоғары санат: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) (әлеуметтік, экономикалық, психологиялық, педагогикалық, медициналық) білім және жұмыс өтілі бірінші санаттағы біліктілігі жоғары деңгейдегі маман лауазымында кемінде 2 жыл;

      бірінші санат: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) (әлеуметтік, экономикалық, психологиялық, педагогикалық, медициналық) білім және жұмыс өтілі екінші санаттағы біліктілігі жоғары деңгейдегі маман лауазымында кемінде 1 жыл;

      екінші санат: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) (әлеуметтік, экономикалық, психологиялық, педагогикалық, медициналық) білім және жұмыс өтілі санаты жоқ біліктілігі жоғары деңгейдегі маман лауазымында кемінде 1 жыл;

      санаты жоқ: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) (әлеуметтік, экономикалық, психологиялық, педагогикалық, медициналық) білім, жұмыс өтіліне талап қойылмайды;

      біліктілігі орташа деңгейдегі маман:

       жоғары санат: техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) (әлеуметтік, экономикалық, психологиялық, педагогикалық, медициналық) білім және жұмыс өтілі бірінші санаттағы біліктілігі орташа деңгейдегі маман лауазымында кемінде 2 жыл;

      бірінші санат: техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) (әлеуметтік, экономикалық, психологиялық, педагогикалық, медициналық) білім және жұмыс өтілі екінші санаттағы біліктілігі орташа деңгейдегі маман лауазымында кемінде 1 жыл;

      екінші санат: техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) (әлеуметтік, экономикалық, психологиялық, педагогикалық, медициналық) білім және жұмыс өтілі санаты жоқ біліктілігі орташа деңгейдегі маман лауазымында кемінде 1 жыл;

      санаты жоқ: техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) (әлеуметтік, экономикалық, психологиялық, педагогикалық, медициналық) білім немесе негізгі орта білім және әлеуметтік даярлық туралы сертификат.

 

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

Құжаттарды қабылдау мерзімі (күнтізбелік 15 күн), ол конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі күнінен бастап есептеледі.

 

Конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

1) қоса берілетін құжаттардың тізбесі көрсетілген конкурсқа қатысу туралы өтінішті;

2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;

3) кадрларды есепке алу жөніндегі толтырылған жеке парақты (нақты тұратын мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген);

4) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелерін;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесін;

6) "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтаманы ұсынады.

Көрсетілген құжаттардың бірінің болмауы құжаттарды конкурсқа қатысушыға қайтару үшін негіз болып табылады.

Конкурсқа қатысушы, болған жағдайда оның біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәреже мен атақ беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнындағы басшылық берген ұсынымдарды) ұсынады.

 

Қосымша ақпарат

Конкурс Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтiк даму министрiнiң 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 1017 бұйрығымен бекітілген Азаматтық қызметке кіру және азаматтық қызметшінің бос лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидалары негізінде жүргізіледі.

Дата публикации
07 ноября 2022