Объявление о конкурсе на поступление на гражданскую службу государственного учреждения "Акжаикский районный отдел занятости и социальных программ"

Ақжайық аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, 090100,  Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Чапаев ауылы, Қонаев көшесі 35 үй,
3 бөлме, анықтама телефоны: 8 (71136) 92-3-45,

 эл.мекенжай: ar_sobez@mail.ru

 

Ақжайық аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің жалғызілікті қариялармен мүгедектігі бар адамдарға және мүгедектігі бар балаларға үйден әлеуметтік көмек көрсету аралас бөлімшесінің Әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультанты (негізгі қызметкердің бала күтімі демалысы уақытына) - 1 бірлік

 

                Лауазымдық еңбекақысы 206336 теңгеден - 238041 теңгеге дейін.

 

  Функционалдық міндеттері:

Үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшелерінде, тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына, адам саудасының құрбандарына уақытша болу және тұру жағдайларында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдарда өз қызметін жүзеге асырады. Халықты әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, білім беру органдары мен ұйымдарының, өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдармен жұмыс істеуге уәкілеттілік берілген ұйымдардың мамандарымен өзара әрекет етеді. Мүмкіндіктері шектеулі балаларға, олардың ата-аналарына немесе өзге заңды өкілдеріне, егде жастағы адамдар мен мүгедектігі бар адамдарға, тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына, адам саудасының құрбандарына (бұдан әрі – контингент):

әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзету, баланың құқықтары, мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтік қорғау және оңалту;

мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар, атаулы әлеуметтік көмек және төлемдердің басқа да түрлерін ұсыну;

қорғаншылықты, қамқоршылықты ресімдеу, білім беру ұйымдарына, халықты әлеуметтік қорғау мекемелеріне жіберу;

азаматтық, тұрғын үй, отбасы, еңбек, зейнетақы, қылмыстық заңнама, тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандары, адам саудасының құрбандары мәселелері бойынша консультативтік қызмет көрсетеді;

контингентті техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдармен және арнаулы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз етуге жәрдемдеседі;

контингентке денсаулық сақтау, білім беру, халықты әлеуметтік қорғау, заң қызметі және басқа да мамандардың консультация беруін қамтамасыз етеді;

мамандар мен әлеуметтік қызметкерлерге әлеуметтік мәселелер бойынша заңнаманы түсіндіру жөнінде оқыту өткізеді;

отбасыға әлеуметтік көмек көрсету орталықтарын, баспаналарды, жастар, жасөспірімдер мен балалар орталықтарын, күндіз болу бөлімшелері мен үйде күтім көрсету жағдайларында жұмыс істейтін клубтар құру қызметіне қатысады;

өмірлік қиын жағдайда жүрген контингентке әртүрлі көмек көрсетумен байланысты мәселелерді шешуге жәрдемдеседі;

өмірлік қиын жағдайларды еңсеру, мұқтаж адамдар мен олардың отбасыларының әлеуметтенуі және интеграциялануы үшін қажетті жағдайларды жасауға жәрдемдеседі, олардың қажетті арнаулы әлеуметтік қызметтерді алуда құқықтары мен мүдделерін қорғайды;

мұқтаж адамдарға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету бойынша қызметті үйлестіреді, арнаулы әлеуметтік қызметтерді іске асыруға қажетті мамандарды тартады;

үйде күтім көрсету жағдайында қызмет көрсететін субъектінің арнаулы әлеуметтік қызметтерді алушылармен жұмыс жүргізуінің жеке жоспарын әзірлеуді және оның іске асырылуын қамтамасыз етеді;

үйде күтім көрсету жағдайында көрсетілетін қызметтерге үнемі мониторинг жүргізеді, дерекқорды жүргізеді және белгіленген тәртіппен есеп береді;

ұйымда әлеуметтік қорғау саласындағы алдыңғы қатарлы отандық және шетелдік тәжірибені қолданады;

еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы мен өрттен қорғану қағидалары мен нормаларының орындалуын қамтамасыз етеді.

 

 

Конкурс қатысушыларының біліктілігіне қойылатын талаптар:

біліктілігі жоғары деңгейдегі маман:

жоғары санат – жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) (әлеуметтік, педагогикалық, медициналық) білім және жұмыс өтілі бірінші санаттағы біліктілігі жоғары деңгейдегі маман ретінде кемінде 3 жыл;

бірінші санат – жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) (әлеуметтік, педагогикалық, медициналық) білім және жұмыс өтілі екінші санаттағы біліктілігі жоғары деңгейдегі маман ретінде кемінде 2 жыл;

екінші санат – жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) (әлеуметтік, педагогикалық, медициналық) білім және жұмыс өтілі санаты жоқ біліктілігі жоғары деңгейдегі маман ретінде кемінде 1 жыл;

санаты жоқ: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) (әлеуметтік, педагогикалық, медициналық) білім, жұмыс өтіліне талап қойылмайды.

 

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

Құжаттарды қабылдау мерзімі (күнтізбелік 15 күн), ол конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі күнінен бастап есептеледі.

 

Конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

1) қоса берілетін құжаттардың тізбесі көрсетілген конкурсқа қатысу туралы өтінішті;

2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;

3) кадрларды есепке алу жөніндегі толтырылған жеке парақты (нақты тұратын мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген);

4) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелерін;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесін;

6) "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтаманы ұсынады.

Көрсетілген құжаттардың бірінің болмауы құжаттарды конкурсқа қатысушыға қайтару үшін негіз болып табылады.

Конкурсқа қатысушы, болған жағдайда оның біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәреже мен атақ беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнындағы басшылық берген ұсынымдарды) ұсынады.

 

Қосымша ақпарат

Конкурс Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтiк даму министрiнiң 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 1017 бұйрығымен бекітілген Азаматтық қызметке кіру және азаматтық қызметшінің бос лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидалары негізінде жүргізіледі.

 

Дата публикации
07 ноября 2022