Оралда жаңа ХҚО секторы ашылды

📍Енді "QURYLYSDEVELOPMENT" ЖШС-нен пәтер сатып алған азаматтар компанияның сату кеңсесінде "Нотариалды куәландырылмаған мәміле жасау және жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу" мемлекеттік қызметін ала алады. Бұл жөнінде арнайы Меморандумға қол қойдық.

 

✔Бұрын азаматтар жылжымайтын мүлікті сатып алу-сату шартын ресімдеу үшін ХҚО-ға немесе нотариустарға жүгінуге тиіс болатын. Жаңа сектордың ашылуы сатып алушыға жылжымайтын мүлікке меншік құқығын құрылыс компаниясының сату кеңсесінде нотариустың қатысуынсыз тіркеуге мүмкіндік береді. Осылайша, клиенттер  жылжымайтын мүлікті сатып алу-сату шартын жасауға уақыт пен ақшалай қаражатын үнемдейді.

 

🏢Сектор С.Тюленин көшесі, 47/1 мекенжайындағы құрылыс компаниясының сату кеңсесінде орналасқан.

Дата публикации
26 октября 2022