Ақжайық ауданының Ақсуат және Құрайлысай ауылдық округі әкімдерінің сайлау қорытындылары туралы Ақжайық аудандық сайлау комиссиясының хабарламасы

 

 

Ақжайық ауданының Ақсуат және Құрайлысай ауылдық округі әкімдерінің сайлау қорытындылары туралы

Ақжайық аудандық сайлау комиссиясының

ХАБАРЛАМАСЫ

 

2022 жылғы 02 қазанда Ақжайық ауданының Ақсуат және Құрайлысай ауылдық округі әкімдерінің сайлауы өтті.

Ақжайық аудандық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Ақжайық ауданының Ақсуат және Құрайлысай ауылдық округі әкімін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:

Ақсуат ауылдық округі бойынша:

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 440 азамат енгізілді, оның ішінде - 341 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 25, «Барлығына қарсы» деген жолда белгісі бар – 12.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Доскалиев Т.Б. – 244 (80,2%);

Малдыбаев У.У – 21 (7,0%);

Темиргалиева Л.Д – 39 (12,8%).

Ақжайық ауданының Ақсуат ауылдық округінің әкімі болып Талгат Базаргалиевич Доскалиев сайланды, 1972 жылғы,  Батыс Қазақстан облысы, Бөрлі ауданы,  Ақсай қаласындағы " SD-Corporаtion" ЖШС өндіріс жөніндегі директоры, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласында тұрады. «Amanat» саяси партиясы ұсынған.

 

Құрайлысай ауылдық округі бойынша:

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 722 азамат енгізілді, оның ішінде - 607 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 15, «Барлығына қарсы» деген жолда белгісі бар – 9.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Джапашев О.Т – 518 (88,9%);

Мустахапов Л.М – 24 (4,1%);

Таскалиев П.М – 41 (7,0%).

Ақжайық ауданының Құрайлысай ауылдық округінің әкімі болып Орынбек Талгатович Джапашев сайланды, 1978 жылғы,  «Құрайлысай ауылдық округі әкімі аппараты» ММ-нің ауылдық округ әкімі, Ақжайық ауданының Құрайлысай ауылында тұрады. «Amanat» саяси партиясы ұсынған.

 

Комиссия төрағасы                              С.Аймукашев

  Комиссия хатшысы                              С.Стармаусова

 

 

 

Дата публикации
03 октября 2022