АҚЖАЙЫҚ АУДАНДЫҚ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ХАБАРЫ

«Қазақстан Республикасының сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 113-3 бабына сәйкес, 2022 жылдың 14 қыркүйек күні Ақсуат  ауылдық округі әкіміне бірінші үміткер болып өзін-өзі ұсынумен Темиргалиева Ляззат Дюсекеновна аумақтық сайлау комиссиясына тиісті құжаттарын тапсырды. Ол Ақжайық ауданы Базартөбе ауылдық округі Базартөбе ауылының тұрғыны. 2010 жылы Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетін бітірген,  мамандығы- балық шаруашылығы. Қазіргі уақытта "Батыс Қазақстан облысы  Ақжайық ауданы Базартөбе ауылдық округі әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесінде  бас маман болып жұмыс жасайды.

Құрайлысай ауылдық округі әкіміне бірінші үміткер болып өзін-өзі ұсынумен Мустахапов Лесбек Мергенгалиевич аумақтық сайлау комиссиясына тиісті құжаттарын тапсырды. Ол Ақжайық ауданы,Тайпақ ауылының тұрғыны. 2006 жылы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін бітірген,  мамандығы- ветеринарлық санитария. Қазіргі уақытта "Батыс Қазақстан облысы  Ақжайық ауданы Тайпақ ауылдық округі әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесінде  жетекші маман болып жұмыс жасайды.

Құрайлысай ауылдық округі әкіміне екінші үміткер болып өзін-өзі ұсынумен Таскалиев Парасат Манарбекович аумақтық сайлау комиссиясына тиісті құжаттарын тапсырды. Ол Ақжайық ауданы, Есенсай ауылының тұрғыны. 2011 жылы  Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін бітірген,  мамандығы- мемлекеттік және жергілікті басқару. Қазіргі уақытта "Батыс Қазақстан облысы  Ақжайық ауданы Есенсай ауылдық округі әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесінде  бас маман болып жұмыс жасайды.

Ағымдағы  жылдың 15 қыркүйек күні Ақсуат  ауылдық округі әкіміне екінші үміткер болып «Amanat» партиясынан Доскалиев Талгат Базаргалиевич аумақтық сайлау комиссиясына тиісті құжаттарын тапсырды. Ол Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының тұрғыны. 2008 жылы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін бітірген,  мамандығы- құқықтану. Қазіргі уақытта Бөрлі ауданы  Ақсай қаласындағы " SD-Corporаtion" ЖШС өндіріс жөніндегі директоры болып жұмыс жасайды. 

Ақсуат  ауылдық округі әкіміне үшінші үміткер болып өзін-өзі ұсынумен Малдыбаев Уалихан Утешкалиевич тиісті құжаттарын тапсырды. Ол Ақжайық ауданы, Чапаев ауылының тұрғыны. 1993 жылы «Құрмет белгісі» орденді А.С.Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын бітірген,  мамандығы- география, ал 2007 жылы Батыс Қазақстан гуманитарлық академиясын бітірген, мамандығы- дене шынықтыру және спорт. Қазіргі уақытта Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Ақжайық ауданы білім беру бөлімінің М.Әуезов атындағы №2 жалпы орта білім беретін мектебінің әдіскері, дене шынықтыру пәні мұғалімі болып жұмыс жасайды. 

Құрайлысай ауылдық округі әкіміне үшінші үміткер болып «Amanat» партиясынан Джапашев Орынбек Талгатович аумақтық сайлау комиссиясына тиісті құжаттарын тапсырды. Ол Ақжайық ауданы, Құрайлысай ауылының тұрғыны. 1998 жылы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Шымкент заң колледжін бітірген,  мамандығы- құқық қорғау қызметі, ал 2012 жылы Батыс-Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетін бітірген, мамандығы- құқықтану. Қазіргі уақытта "Батыс Қазақстан облысы  Ақжайық ауданы Құрайлысай ауылдық округі әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесінде  ауылдық округ әкімі болып жұмыс жасайды.

Ақжайық аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ауылдық округ әкімдеріне үміткерлерді «Қазақстан Республикасының сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына және «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңына сәйкестігін анықтайтын болады.

Дата публикации
15 сентября 2022