ТҰРҒЫН ҮЙ
Ауданда тұрғын үй кезегінде әр-түрлі санат бойынша 468 адам, тұр. Кезекте тұрған әлеуметтік осал топтарына жаңа баспана алуға мүмкіндік туғызу үшін аудан орталығында бір 3 қабатты 24 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы аяқталды. (1 бөлмелі – 31,15 ш.м, 2 бөлмелі – 49,47 ш.м). Жаңа сол үйлердің кілттері халыққа табысталды.
Сонымен қатар, 7 ауылға бір қабатты 2 пәтерлік (Жаңабұлақ, Қабыршақты, Мерген, Жамбыл, Ілбішін, Ақсуат, Алмалы), Чапаев ауылында екі 3 қабатты 24 пәтерлік, алты 2 пәтерлік, Тайпақ ауылында бір 2 қабатты 12 пәтерлік коммуналдық тұрғын үйлердің құрылысына жобалық сметалық құжаттамалары дайын.
Бүгінгі күнге аудан орталығында 1844 адам үй құрылысын салуға кезекте тұр. Соңғы сегіз жылда 652 тұрғынға жер учаскесі берілді. Соның ішінде, жеке тұрғын үй құрылысын 215 адам аяқтаса, 224 тұрғын құжаттарды рәсімдеуде. Жерді алып, құрылысын бастамай отырған
26 тұрғынның жер учаскелері қайтарылды. Сонымен қатар, әрекетсіз отырған тұлғалардың 187 жер учаскесіне биылғы жылы қайтару жұмыстары жүргізілетін болады.
Ағымдағы жылы Чапаев ауылында 294 жер учаскесіне инженерлік-коммуникациялық желілері (су желілері) жүргізілетін болады.
АБАТТАНДЫРУ
«Ауыл ел бесігі» бағдарламасы аясында аудан орталығындағы Әбілхайыр хан көшесі (16,4 млн.теңге, 1,3 шақырым, 38 фонарь) жарықтандырылды.
Чапаев ауылындағы Есенжанов көшесі (1,5 шақырым), Тайпақ ауылындағы Чапаев көшесін жарықтандыру
(2 шақырым) жобалық сметалық құжаттама жасақталып, биыл сараптамаға жолданады. Сондай-ақ, Чапаевта 2,5 шақырым (49,9 млн.тг) және Тайпақта 1,65 шақырым (47,7 млн.тг) жаяу жүргіншілер жолын төсеу үшін жобалық сметалық құжаттары жасақталып, сараптаманың оң қорытындысы алынды. Қазіргі таңда қаражат бөлініп конкурс өткізу барысында мердігер («ОралҚұрылыс» ЖШС) анықталды. Жуырда құрылыс-монтаж жұмыстары басталатын болады.
Аудан орталығында мәдени көпшілік шаралар өткізетін, балалар ойнайтын және ауыл тұрғындары серуендеуге арналған алаңның болмауына байланысты аумағы 5 мыңға жуық шаршы метрді құрайтын орталық алаңның құрылысы басталады.