Ақжайық ауданының Чапаев ауылдық округі әкімінің сайлау қорытындылары туралы Ақжайық аудандық аумақтық сайлау комиссиясының хабарламасы

 Ақжайық ауданының Чапаев ауылдық округі әкімінің сайлау қорытындылары туралы

Ақжайық аудандық аумақтық сайлау комиссиясының

ХАБАРЛАМАСЫ

 

2022 жылғы 17 шілдеде Ақжайық ауданының Чапаев ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.

Ақжайық аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Ақжайық ауданының Чапаев ауылдық округі әкімін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 6221 азамат енгізілді, оның ішінде - 2108 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 68, «Барлығына қарсы» деген жолда белгісі бар – 54.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Зейнуллин Б.Б. – 1614 (81,3%);

Крикпаев Р.И. – 180 (9,1%);

Нагибова А.Ж. – 192 (9,6%).

Ақжайық ауданының Чапаев ауылдық округінің әкімі болып Зейнуллин Бибулат Бахитжанович сайланды, 1975 жылғы, Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Чапаев ауылдық округі әкімінің орынбасары, Ақжайық ауданының Чапаев ауылында тұрады. «Amanat» партиясы ұсынған.

 

                            Комиссия төрағасы                       С.Аймукашев

                             Комиссия хатшысы                      С.Стармаусова

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

усова

Дата публикации
18 июля 2022