Аналитическая справка по внутреннему контролю за качеством оказания государственных услуг за 2 квартал 2019 год

Мемлекеттік қызметтердің сапасына ішкі бақылау нәтижелері бойынша 2019 жылдың 2 тоқсанында 18 ауылдық округ пен 9 бөлім арқылы-71669 қызмет көрсетілсе, с.і. қағаз түрінде-1204, «электрондық үкімет» веб-порталы және (немесе) Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету мүмкіндігі болса да, қағаз түрінде көрсетілгендер-1962, электрондық түрде көрсетілген мемлекеттік қызметтер-68503. Ауылдық округтерде өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары арқылы көрсетілген қызметтердің саны-266. Ақжайық ауданы әкімдігіндегі «Ашық әкімдік» жобасында көрсетілген қызметтердің саны-1478.

Электрондық форматта көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің санын арттыру мақсатында Ақжайық ауданы мекемелерінің барлық санаттағы қызметкерлері (мемлекеттік және азаматтық қызметкерлер, техникалық персонал) және аудан тұрғындары барлығы-5856 электрондық цифрлық қолтаңба алды және ауданымызда мобильді азаматтар базасына-4974 адам тіркелген. Электрондық цифрлық қолтаңба санын арттыру бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта өз жалғасын табатын болады.

2019 жылдың І жартыжылдығына арналған көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сапасын арттыру және электронды көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді насихаттау бойынша бірлескен іс-шаралар жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың 19 маусым күні аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру жұмыстары және мемлекеттік қызметтер мониторингі бөлімінің ұйымдастыруымен Алғабас ауылдық округі әкімі аппаратының ғимаратында «мемлекеттік қызмет көрсету жәрмеңкесі» өтті. Аталған жәрмеңкеге аудандық жер кадастрлық филиалы, аудандық жұмыспен қамту орталығы және тағы да басқа қызмет көрсететін ауданымыздағы бөлімнің мамандары қатынасып халыққа қызмет көрсетті. Аталған іс-шарада 35 адамға түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, қойылған сұрақтарға толық жауап берілді. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта өз жалғасын табатын болады.

2019 жылдың І жартыжылдығында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сапасын арттыру және электронды көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді насихаттау бойынша аудандық білім бөлімі және аудандық тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі дөңгелек үстел отырыстарын өткізді.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнамаларының сақталуы бойынша ішкі бақылау жүргізу жоспарына сәйкес сәуір - маусым айларында аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінде, аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінде, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде ішкі бақылау іс-шарасы жүргізіліп, қорытындысы бойынша ұсыныстар берілді (бақылау іс-шарасының актісі жалғанды).

Стандарттар мен регламенттер бекітілу уақытына сәйкес аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсында уақтылы жариялануда.

Мемлекеттік қызметтің сапасын, қолжетімділік деңгейін жақсартуда тұрғындардың  арыз-шағымдарын, ұсыныстарын және сын-пікірлерін ескерудің маңызы өте зор. Осы бағытта ауданның мемлекеттік қызмет көрсетілетін барлық мекемелерінде тұрғындардың арыз-шағымдары мен ұсыныстары үшін арнайы жәшіктер орнатылған. Күні бүгінге мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге қатысты арыз-шағымдар түскен жоқ.

Аудан тұрғындарының мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпаратқа қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында аудан әкімдігінің ресми сайтында, «Facebook» әлеуметтік желісіндегі әкімдіктің ресми парақшасында және жергілікті «Жайық таңы» қоғамдық-саяси газетінде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және қызмет сапасын жетілдіру бойынша атқарылған шаралар мен өткізілген дөңгелек үстелдер, семинар, кеңес отырыстары туралы ұдайы мақалалар жариялануда.

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта жоспар бойынша жүзеге асырылатын болады.

 

Аналитическая справка
Дата публикации
05 апреля 2019