Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданының Чапаев ауылдық округ әкімінің сайлауын 2022 жылғы 17 шілдеге тағайындау туралы

АҚЖАЙЫҚ АУДАНДЫҚ САЙЛАУ

КОМИССИЯСЫНЫҢ ШЕШІМІ

 

 

Чапаев ауылы                                    №21                        2022 жылғы 17 маусым

 

 

Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы

Ақжайық ауданының Чапаев ауылдық округ

әкімінің сайлауын 2022 жылғы 17 шілдеге тағайындау

туралы

 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының   8-1)-тармақшасына және 113-1-бабының 2-, 3- тармақтарына сәйкес Ақжайық аудандық сайлау комиссиясы ШЕШТІ:

  1. Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданының Чапаев ауылдық округі әкімінің сайлауы 2022 жылғы 17 шілдеге тағайындалсын.
  2. 2022 жылғы 17 шілдеге тағайындалған Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданының Чапаев ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың қоса беріліп отырған Күнтізбелік жоспары бекітілсін.
  3. Сайлау шаралары Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңына сәйкес өткізілсін.
  4. Аталған ауылдық округтің әкімдігі Ақжайық ауданының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерімен бірге Чапаев ауылдық округі әкімінің сайлауын өткізу кезеңінде өңірдегі эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, сайлау процесінің санитарлық қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын көздесін.
  5. 5. Осы шешімнің көшірмесі Ақжайық ауданының әкіміне жолдансын.
  6. Осы шешім аудандық «Жайық таңы» қоғамдық – саяси газетінде және сайтта (мемлекеттік органдардың бірыңғай интернет ресурстар порталы) жариялансын.

 

 

 

       Ақжайық аудандық сайлау

       комиссиясының төрағасы                                   С.Аймукашев

 

       Ақжайық аудандық сайлау

       комиссиясының хатшысы                                   С.Стармаусова

 

 

 

 

Дата публикации
17 июня 2022