2022 жылғы 05 маусымға тағайындалған республикалық референдумды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын бекіту туралы

«Республикалық референдум туралы» Қазақстан Республикасының  1995 жылғы 2 қарашадағы Конституциялық заңының 6-бабының 3-тармағына, 8-бабының 2-тармағына, 21-бабының 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларына, 24-бабының 3-тармағына және «2022 жылғы 5 маусымда республикалық референдум өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 5 мамырдағы №888 Жарлығы негізінде Қазақстан Республикасының Орталық референдум комиссиясының және Облыстық референдум комиссиясының қаулысын басшылыққа ала отырып Ақжайық аумақтық референдум комиссиясы ШЕШТІ:

  1. Ақжайық аумақтық референдум комиссиясы 2022 жылдың 12 мамырына дейін референдум комиссияларының құрамдары, комиссиялардың орналасқан жері мен жұмыс уақыты туралы мәліметтерді аудандық қоғамдық - саяси «Жайық таңы» газетінде және сайтта жарияласын.
  2. 2022 жылғы 5 маусымға тағайындалған республикалық референдумды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың қоса беріліп отырған күнтізбелік жоспары бекітілсін.
  3. Республикалық референдумды әзірлеу мен өткізу кезінде референдум комиссиялары тиісті сайлау комиссияларының мөрлері мен интернет-ресурстарын пайдаланатыны белгіленсін.
  4. Аудандық және ауылдық округ әкімдіктері референдум комиссияларының билігіне референдумды әзірлеу мен өткізу үшін қажетті үй-жайларды, жабдықтар мен көлік құралдарын беру жөніндегі шараларды көздесін, референдум комиссияларына олардың өкілеттіктерін жүзеге асыруға жәрдемдессін, олардың жұмысына қажетті мәліметтер мен материалдарды беруін, басқа да көмекті көрсетсін.
  5. Осы шешімнің орындалуын қадағалау Ақжайық аумақтық референдум комиссиясы мүшелеріне жүктелсін.

 

 

 

       Аудандық  сайлау

       комиссиясының төрағасы                                   С.Аймукашев

Дата публикации
12 мая 2022