АҚЖАЙЫҚ АУДАНДЫҚ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ХАБАРЫ

АҚЖАЙЫҚ АУДАНДЫҚ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ХАБАРЫ

Қазақстан Республикасының «Сайлау туралы» Конституциялық Заңының 113-3 бабына сәйкес, 2022 жылдың 05 мамыр  күні Алмалы ауылдық округі әкіміне үміткер болып өзін-өзі ұсынумен Нагибова Айнат Жаскайратовна аумақтық сайлау комиссиясына тиісті құжаттарын тапсырды. Ол Ақжайық ауданы Қабыршақты ауылының тұрғыны. Ол 2017 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген,  мамандығы- әлеуметтану. Қазіргі уақытта Ақжайық ауданының ішкі саясат бөлімінде бас маман  болып жұмыс жасайды.

Ақжайық аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ауылдық округ әкімдеріне үміткерлерді Қазақстан Республикасының «Сайлау туралы» Конституциялық Заңына және «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңына сәйкестігін анықтайтын болады.

 

 

Дата публикации
06 мая 2022