Қазақстан Республикасының «Сайлау туралы» Конституциялық Заңының 113-3 бабына сәйкес, 2022 жылдың 04 мамыр күні Алмалы ауылдық округі әкіміне үміткер болып өзін-өзі ұсынумен Бекназаров Тимур Тыныбекович аумақтық сайлау комиссиясына тиісті құжаттарын тапсырды. Ол Ақжайық ауданы Алмалы ауылының тұрғыны. Ол 2005 жылы Орал техникалық институтын бітірген, мамандығы- қаржы және несие, ал 2017 жылы Қазақстан инновациялық және телекоммунтикациялық жүйелер университетін бітірген, мамандығы- экология. Қазіргі уақытта Тайпақ орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесінде орманшы болып жұмыс жасайды.
Ақжайық аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ауылдық округ әкімдеріне үміткерлерді Қазақстан Республикасының «Сайлау туралы» Конституциялық Заңына және «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңына сәйкестігін анықтайтын болады.