АҚЖАЙЫҚ АУДАНДЫҚ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ХАБАРЫ
Қазақстан Республикасының «Сайлау туралы» Конституциялық Заңының 113-3 бабына сәйкес, 2022 жылдың 04 мамыр күні Жамбыл ауылдық округі әкіміне үміткер болып өзін-өзі ұсынумен Жаншин Адилбек Габитович аумақтық сайлау комиссиясына тиісті құжаттарын тапсырды. Ол Ақжайық ауданы Чапаев ауылының тұрғыны. Ол 2000 жылы Батыс Қазақстан аграрлық университетін бітірген, мамандығы- зоотехния, ал 2012 жылы Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетін бітірген, мамандығы- менеджмент. Қазіргі уақытта Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Чапаев ауылдық округі әкімі аппаратында бас маман болып жұмыс жасайды.
Алмалы ауылдық округі әкіміне үміткер болып өзін-өзі ұсынумен Ахмет Жарқынғали Ғалымұлы аумақтық сайлау комиссиясына тиісті құжаттарын тапсырды. Ол Ақжайық ауданы Алмалы ауылының тұрғыны. 1985 жылы Батыс Қазақстан ауылшаруашылық институтын бітірген, мамандығы-ауыл шаруашылығын механикаландыру. Қазіргі уақытта «Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Алмалы ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінде Алмалы ауылдық округі әкімі болып жұмыс жасайды.
Алмалы ауылдық округі әкіміне екінші үміткер болып өзін-өзі ұсынумен Қайыржанов Абзал Русланұлы аумақтық сайлау комиссиясына тиісті құжаттарын тапсырды. Ол Ақжайық ауданы Қабыршақты ауылының тұрғыны. 2018 жылы Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетін бітірген, мамандығы- қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі. Қазіргі уақытта Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Қабыршақты ауылдық округі әкімі аппаратында бас маман болып жұмыс жасайды.
Алмалы ауылдық округі әкіміне үшінші үміткер болып өзін-өзі ұсынумен Сабиров Ербол Амангелдиевич аумақтық сайлау комиссиясына тиісті құжаттарын тапсырды. Ол Ақжайық ауданы Алмалы ауылының тұрғыны. 1996 жылы Орал құрылыс техникумын бітірген, мамандығы- құрылысшы-техник, ал 2002 жылы А.С.Пушкин атындағы Батыс Қазақстан гуманитарлық университетін бітірген, мамандығы- жоғары кәсіби білімді география мен экология пәнінің мұғалімі. Қазіргі уақытта «Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Ақжайық ауданы білім беру бөлімінің «Алмалы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде мұғалім болып жұмыс жасайды.
Ақжайық аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ауылдық округ әкімдеріне үміткерлерді Қазақстан Республикасының «Сайлау туралы» Конституциялық Заңына және «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңына сәйкестігін анықтайтын болады.