АҚЖАЙЫҚ АУДАНДЫҚ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ХАБАРЫ

Қазақстан Республикасының «Сайлау туралы» Конституциялық Заңының 113-3 бабына сәйкес, 2022 жылдың 29 сәуір күні Жамбыл ауылдық округі әкіміне үміткер болып «Amanat» партиясынан Джамаков Альбек Шагидуллиевич аумақтық сайлау комиссиясына тиісті құжаттарын тапсырды. Ол Ақжайық ауданы Жамбыл ауылдық округі Жамбыл ауылының тұрғыны. 1983 жылы Орал қалалық №24 техникалық училищесін бітірген,  мамандығы- токарь-жонушы, ал 2019 жылы Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетін бітірген, мамандығы- ветеринария. Қазіргі уақытта "Батыс Қазақстан облысы  Ақжайық ауданы Жамбыл ауылдық округі әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесінде  бас маман болып жұмыс жасайды.

Жамбыл ауылдық округі әкіміне үміткер болып өзін-өзі ұсынумен Дюсенгалиев Мажит Кыдырович аумақтық сайлау комиссиясына тиісті құжаттарын тапсырды. Ол Ақжайық ауданы,Чапаев ауылының тұрғыны. 1988 жылы Орал совхоз-техникумын бітірген,  мамандығы- вет.фельдшер, ал 2014 жылы Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетін бітірген, мамандығы- ветеринария мамамы. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Ақжайық аудандық аумақтық инспекциясында  бас маман-санитарлық инспектор болып жұмыс жасайды.

Ақжайық аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ауылдық округ әкімдеріне үміткерлерді Қазақстан Республикасының «Сайлау туралы» Конституциялық Заңына және «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңына сәйкестігін анықтайтын болады.

 

 

Дата публикации
29 апреля 2022