Оралда жаңа өзіне-өзі қызмет көрсету секторы ашылды
Мемлекеттік қызметтерді кедергісіз алу үшін тағы бір өзіне-өзі қызмет көрсету секторы жұмыс істей бастады. Аталған сектор Орал қ. № 3 халыққа қызмет көрсету бөлімінде Жәңгір хан көшесі, 160/4 мекенжайы бойынша орналасқан.
Бұл сектор ең алдымен Зашаған кенттік округінің тұрғындарына ыңғайлы болу үшін жасалған. Сектор ұйымдастыру техникасымен жабдықталған 6 жұмыс орнынан тұрады. Мемлекеттік қызметтерді алуға жүгінгендерге осы бөлімнің мамандары көмектеседі. Кез келген клиенттің қаладағы басқа бөлімдерге бармай-ақ, электрондық қызметтерді алу осы жерден алу мүмкіндігі бар.
Қала бойынша Орал қ. №1, №2, №3 ХҚО бөлімдері, мамандандырылған бөлім, Орал қ. Мемлекеттік кірістер басқармасы, Халықты жұмыспен қамту орталығы, «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ мүгедектер мен ардагерлерді әлеуметтік қорғау секторында 7 өзіне-өзі қызмет көрсету секторы жұмыс істейді.
Аудандық ХҚО бөлімдерінде өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары бұрыннан да жұмыс жасайды. Ауылдық округтерде электрондық қызметтерді жергілікті әкімдіктен алуға болады.