Ауыл шаруашылығы тауарөндірушінің фитосанитариялық есеп тапсыру міндеті туралы

Ауыл шаруашылығы тауарөндірушінің фитосанитариялық есеп тапсыру міндеті туралы

 

Ауданда ауылшаруашылық саласының басты бағытының бірі өсімдік шаруашылығы. Бұл салада шаруа құрылымдарының саны соңғы уақытта ұлғайып келе жатқаны байқалады.

Аймақтың жер құрамдық ерекшелігіне сәйкес шаруашылық құрылымдар бау-бақшамен айналысып, картоп, сәбіз, қарбыз, қауын мен қияр-қызанақ өндіруді қолға алған.

Саладағы шаруа қожалықтар болсын немесе жеке кәсіпкерлер болсын өсімдік шаруашылығындағы кейбір мемлекеттік қадағалау тетіктерін біле-білмейді.

Ауыл шаруашылығы дақылдарынан өнім алатын тауарөндірушілердің фитосанитариялық міндеттері бойынша іс-әрекеттері Қазақстан Республикасының «Өсімдіктерді қорғау туралы» Заңымен қадағаланады.

Өсімдік шаруашылығымен айналысатын, яғни өсімдіктен өнім алатын, өндірісінде арнайы бүріккіш (опрыскиватель) және дәрілегіш техниканы пайдаланатын немесе пестицидтер қолданатын тұлғалар қызметі мемлекеттік фитосанитарлық бақылау объектісіне жатқызылған. Аталған заңның 13, 14-5 баптары фитосанитарлық есепті жүргізуді және өсімдіктерді қорғау жөніндегі уәкілетті органға уақытылы тапсырып тұруды міндеттейді.

Фитосанитариялық есепке алу нысандары Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 29 мамырдағы №15-02/584 бұйрығымен бекітілген 8 нысан бойынша тапсырылады. Оның ішінде ұсыну мерзімдері бойынша жылдық (жыл сайын 10 қаңтарға), жарты жылдық (10 қаңтарға, 10 шілдеге) және өндіріс кезеңіне қарай айлық (наурыз-қыркүйек айларының есептер келесі айдың 10-нына) есептерді құрайды.

Фитосанитарлық есепті тапсырмаған немесе уақытында тапсырмаған шаруашылық құрылымдарға Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 403-бабына сәйкес, жеке тұлғалар – бес, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне- он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – он бес, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Фитосанитариялық есептiлiктiң нысандарын және оларды табыс ету мерзiмдерiн ҚР АШМ АӨК МИК Ақжайық аудандық аумақтық инспекиясынан біліп, алуға болады. Байланыс телефоны : 8-71136-92424. Электронды адрес : zh.makashev@msh.gov.kz

 

Жаслан Макашев

ҚР АШМ АӨК МИК Ақжайық аудандық аумақтық инспекциясының өсімдіктерді қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторы

 

Дата публикации
28 февраля 2022