Ауыл шаруашылығы тауарөндірушінің фитосанитариялық мониторинг жүргізу міндеті туралы
Ауданда ауылшаруашылығы саласында өсімдік шаруашылығымен айналысатын шаруа құрылымдарының саны соңғы уақытта ұлғайып келе жатқаны белгілі.
Аталған шаруашылық құрылымдар бау-бақшамен айналысып, картоп, сәбіз, қарбыз, қауын мен қияр-қызанақ өндіруді қолға алған жер пайдаланушылар болып табылады.
Ауыл шаруашылығы дақылдарынан өнім алатын тауарөндірушілердің фитосанитариялық міндеттері бойынша іс-әрекеттері Қазақстан Республикасының «Өсімдіктерді қорғау туралы» Заңымен қадағаланады. Атап өтсек, субъектілер алдында өз иелігіндегі ауыл шаруашылық жерлерінде фитосанитариялық мониторинг жүргізу міндеті бар. «Фитосанитариялық мониторинг» ұғымы аталған заңға сәйкес, зиянды және ерекше қауiптi зиянды организмдердi зерттеудi, байқауды, олардың дамуы мен таралуын есепке алуды, сондай-ақ осылардың негiзiнде фитосанитариялық болжам әзiрлеудi қамтитын iс-шаралар жүйесi болып табылады. Заңның 11 бабында, қолайлы фитосанитариялық ахуалды қамтамасыз ету мақсатында қызметi мемлекеттiк фитосанитариялық бақылау объектiлерiмен байланысты жеке және заңды тұлғалар өз аумақтарында фитосанитариялық мониторингтi жүзеге асыруға және зиян тигiзудiң экономикалық шегiнен көп зиянды және ерекше қауiптi зиянды организмдер анықталған жағдайда фитосанитариялық iс-шараларды жүргiзуге мiндеттi, -делінген. Ол жұмыстар, зиянды және аса қауіпті организмдерді морфологиясы бойынша анықтау, таралу алаңы мен даму көрсеткіштерін белгілеу шараларын қамтиды.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің «Қарсы күрес бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын зиянды организмдердің тізбесін және Фитосанитариялық іс-шаралар жүргізу қағидаларын бекіту туралы» 2020 жылғы 19 наурыздағы № 100 бұйрығына сәйкес, субъектілер өз аумақтарында фитосанитариялық мониторингтi жүзеге асыруға және зиянды экономикалық шегінен (ЗЭШ) көп зиянды және аса қауiптi зиянды организмдер анықталған жағдайда үйірлі шегірткетектестер (азиялық, марокколық және итальяндық прус) және саяқ шегірткетектестерді қоспағанда, фитосанитариялық iс-шараларды өз қаражаты есебiнен жүзеге асырады.
Фитосанитариялық бақылау объектілерінде фитосанитариялық мониторинг пен фитосанитариялық iс-шараларды зиянды организмдердің саны зиян тигiзудiң экономикалық шегiнен жоғары болатындай олардың дамуы мен таралуына әкеп соққан жүргiзбеу «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 403-бабына сәйкес, жеке тұлғалар – бес, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне- он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – он бес, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Фитосанитариялық мониторинг жүргізу мәселелері бойынша анықтаманы ҚР АШМ АӨК МИК Ақжайық аудандық аумақтық инспекиясынан біліп, алуға болады. Байланыс телефоны : 8-71136-92424. Электронды адрес : zh.makashev@msh.gov.kz
Жаслан Макашев
ҚР АШМ АӨК МИК Ақжайық аудандық аумақтық инспекциясының өсімдіктерді қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторы