СООБЩЕНИЕ АКЖАИКСКОЙ РАЙОННОЙ ТЕРРИТОРИАЛЬНОЙ ИЗБИРАТЕЛЬНОЙ КОМИССИИ

АҚЖАЙЫҚ АУДАНДЫҚ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ХАБАРЫ

 

Қазақстан Республикасының «Сайлау туралы» Конституциялық Заңының 113-3 бабына сәйкес, 2022 жылдың 25 наурыз күні Базаршолан ауылдық округі әкіміне үміткер болып өзін-өзі ұсынумен Джумашев Мурат Махатович аумақтық сайлау комиссиясына тиісті құжаттарын тапсырды. Ол Ақжайық ауданы Базаршолан ауылдық округі Базаршолан ауылының тұрғыны. 2001 жылы  мемлекеттік А.С.Пушкин атындағы Батыс Қазақстан гуманитарлық университетін бітірген,  мамандығы- жоғары кәсіби білімді құқық және экономика пәнінің мұғалімі, ал 2006 жыл, Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін бітірген, мамандығы- жоғары кәсіби білімді заңгер. Қазіргі уақытта «Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Ақжайық ауданы білім беру бөлімінің Ғ.Махамбетов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі»  коммуналдық мемлекеттік мекемесі, құқық, экономика негіздері пәнінің мұғалімі, директордың шаруашылық жөніндегі орынбасары болып жұмыс жасайды.

Базаршолан ауылдық округі әкіміне екінші үміткер болып өзін-өзі ұсынумен Елешев Адилжан Каиржанович тиісті құжаттарын тапсырды. Ол Ақжайық ауданы Чапаев ауылының тұрғыны. 2012 жылы Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін бітірген,  мамандығы- музыкалық білім. Қазіргі уақытта «Ақжайық аудандық мәдени-демалыс орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнында музыкалық бөлімнің меңгерушісі болып жұмыс жасайды.

2022 жылдың 28 наурыз күні Базаршолан ауылдық округі әкіміне үміткер болып өзін-өзі ұсынумен Байбаракова Маншук Галиарыстановна аумақтық сайлау комиссиясына тиісті құжаттарын тапсырды. Ол Ақжайық ауданы Ақсуат ауылдық округі Ақсуат ауылының тұрғыны. 2007 жылы Орал қаржы-экономикалық колледжін бітірген,  мамандығы- экономист-бухгалтер. Ал 2010 жылы М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін бітірген, мамандығы- экономика және бизнес. Қазіргі уақытта Ақжайық аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде бөлімнің сектор меңгерушісі болып жұмыс жасайды.

Ақжайық аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Базаршолан ауылдық округ әкімдеріне үміткерлердің барлық құжаттары құжаттар тізбесіне сәйкес қабылданып, қабылдау туралы актісі жасалды. Қазақстан Республикасының «Сайлау туралы» Конституциялық Заңына және «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңнамасында оған қойылатын талаптарға сәйкестігін және одан әрі үміткер ретінде тіркеуді анықтау үшін барлық қажетті құжаттары тиісті органдарға жіперілді.

Дата публикации
28 марта 2022