Карантиндік фитосанитариялық бақылау және қадағалау
Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 11 ақпандағы «Өсімдіктер карантині туралы» Заңына және «Қазақстан Республикасының аумағын карантиндік объектілерден және бөтен текті түрлерден қорғау жөніндегі қағидаларына» сәйкес, мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылау және қадағалаудың басты мақсаты – ел аумағына карантинді объектілердің әкелінуін және таралуын болғызбау. Осыған байланысты карантинге жатқызылған өнімінің тасымалдау, сату, өткізу кезінде олардың тиісті құжаттары болуы тиіс. Бұлар: фитосанитариялық немесе карантиндік сертификат, карантиндік фитосанитариялық бақылау және қадағалау актісі . Қызметі өсімдіктен алынатын өнімді өндірумен, дайындаумен, өткізумен, тасымалдаумен айналысатын жеке адамдар, ұйымдар карантинге жатқызылған өнімді межелі пункттерінде екінші қайтара карантиндік фитосанитариялық бақылау және қадағалаудан өткізуге міндетті.
Карантинге жатқызылған өнімнің иеленушісі облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың) уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесін карантинге жатқызылған өнімнің келгені туралы кез келген қолжетімді әдіспен хабардар етеді және келген күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей межелі орнында карантиндік фитосанитариялық бақылау және қадағалауды жүзеге асыру үшін карантинге жатқызылған өнімді көрсетеді. . Карантинге жатқызылған өнімді және көлік құралдарын екінші қайтара карантиндік фитосанитариялық бақылау және қадағалау Заңның 7-бабы 1-тармағының 24) тармақшасына сәйкес жүргізіледі. Осы бақылаудың нәтижесінде карантиндік фитосанитариялық бақылау және қадағалау актісі рәсімделеді. Өсімдіктер карантині саласындағы заңнаманы бұзушылықтар болмаған жағдайда, карантиндік фитосанитариялық бақылау және қадағалау актісі 1 (бір) жұмыс күні ішінде рәсімделеді.
Карантинге жатқызылған өнімді тиісті құжатсыз өткізу және екінші қайтара карантиндік фитосанитариялық бақылау және қадағалауға ұсынбауы жауапкершілікке әкелетінін ескерте отыра, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодесінің 400-бабына сәйкес жиырмадан бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынуы қарастырылған. Сондай-ақ, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің уәкілетті органының лауазымды адамына карантинге жатқызылған өнімнің келуі туралы бірнеше рет (екі және одан көп рет) хабарламау және екінші қайтара тексеруге ұсынбау Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің тиісті мемлекеттік уәкілетті органынан ақпарат алынғаннан кейін отыз күнтізбелік күн ішінде фитосанитариялық сертификатты беруден бас тартуға негіз болып табылады.
Өсімдіктер карантині саласы бойынша толық ақпаратты Чапаев ауылы, Мендалиев көшесі, 23 үй мекенжайында орналасқан аудандық аумақтық инспекциядан білуге болады.
Байланыс телефон: 92-4-24
Жексенғали Асқаров, аудандық аумақтық инспекцияның бас маманы, өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспектор