2022-2024 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы

       

         Чапаев ауылы                                                                                                         село Чапаево                                                                                                               

 

 

 

2022-2024 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы

 

Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес Ақжайық аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. 2022-2024 жылдарға арналған аудандық бюджет 1, 2 және 3 -қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2022 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 9 476 349 мың теңге:

салықтық түсімдер – 1 490 175 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 11 321 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 6 525 мың теңге;

трансферттер түсімі – 7 968 328 мың теңге;

2) шығындар – 9 476 349 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 71 923 мың теңге:

бюджеттік кредиттер – 183 780 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 111 857 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 теңге:

қаржы активтерін сатып алу – 0 теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – - 71 923 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –
71 923 мың теңге;

қарыздар түсімі – 183 780 мың теңге;

қарыздарды өтеу – 111 857 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 0 теңге.

  1. 2022 жылға арналған аудандық бюджет түсімдері Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 2 желтоқсандағы "2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Заңына, Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2021 жылғы 15 желтоқсандағы № 8-1 "2022-2024 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25972 болып тіркелген) шешіміне сәйкес қалыптастырылады.
  2. Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 2 желтоқсандағы "2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Заңы және Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2021 жылғы 15 желтоқсандағы № 8-1 "2022-2024 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы" шешімі қатерге және басшылыққа алынсын.
  3. 2022 жылға арналған аудандық бюджетте республикалық бюджеттен бөлінетін нысаналы трансферттердің жалпы соммасы 915 995 мың теңге көлемінде ескерілсін:

азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарының, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлерінің, қазыналық кәсіпорындар қызметкерлерінің жалақысын көтеруге – 229 586 мың теңге;

мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті төлеуге – 100 368 мың теңге;

балаларға кепілдендірілген әлеуметтік пакетке – 25 906 мың теңге;

протездік-ортопедиялық, сурдотехникалық, тифлотехникалық құралдар, арнайы жүріп-тұру құралдары (кресло-арбалар), техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдары кеңейту, ақпаратты Брайль қарпімен енгізу/шығару арқылы сөйлеу синтезі бар портативтік тифлокомпьютерге – 19 093 мың теңге;

мүгедектерді міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету нормаларын ұлғайту, Spina bifida диагнозымен мүгедек балаларды бір реттік қолданылатын катетерлермен қамтамасыз етуге – 12 006 мың теңге;

ымдау тілі маманының қызметін көрсетуге – 956 мың теңге;

санаторлы-курорттық емдеуге – 1 588 мың теңге;

жалақыны ішінара субсидиялауға және жастар практикасына – 77 792 мың теңге;

жаңа бизнес-идеяларды жүзеге асыру үшін гранттарға – 55 134 мың теңге;

қоғамдық жұмыстарға – 10 201 мың теңге;

мемлекеттік ұйымдардың: стационарлық және жартылай стационарлық үлгідегі медициналық - әлеуметтік мекелемелер, үйде қызмет көрсету, уақытшы болу ұйымдары, халықты жұмыспен қамту орталықтары жұмыскерлерінің жалақысын көтеруге – 82 964 мың теңге;

мемлекеттік мәдениет ұйымдарының және архив мекемелерінің басқарушы және негізгі персоналына мәдениет ұйымдарындағы және архив мекемелеріндегі ерекше еңбек жағдайлары үшін лауазымдық айлықақысына қосымша ақылар белгілеуге – 82 172 мың теңге;

Ақжайық ауданы Тайпақ ауылына кіреберіс жолды күрделі жөндеуге – 156 844 мың теңге;

БҚО, Ақжайық ауданы Чапаев ауылындағы ауылішілік жолдарды (Қазақстан, Ихсанов, Мәңгілік ел, Сейфуллин, Сырым батыр, Орақбаева, Құрманғазы көшелері) күрделі жөндеуге – 61 385 мың теңге;

  1. 2022 жылға арналған аудандық бюджетте Қазақстан Республикасының Ұлттық Қордан қарастырылған нысаналы даму трансферттердің жалпы соммасы 48 855 мың теңге көлемінде ескерілсін:

БҚО Ақжайық ауданы Чапаев ауылының Есенжанов көшесін жарықтандыру құрылысына – 17 366 мың теңге;

БҚО Ақжайық ауданы Тайпақ ауылында Чапаев көшесін жарықтандыру құрылысына – 31 489 мың теңге.

  1. 2022 жылға арналған аудандық бюджетте облыстық бюджеттен бөлінетін нысаналы трансферттердің жалпы соммасы 364 667 мың теңге көлемінде ескерілсін:

"Алғашқы жұмыс орны" жобасына – 9 680 мың теңге;

тұрғын үй сертификаттарына – 4 500 мың теңге;

факторлық-баллдық шкалаға негізделген мемлекеттік қызметкерлерге еңбек ақы төлеудің жаңа жүйесіне – 317 801 мың теңге;

жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттарға – 18 378 мың теңге;

еңбек нарығында сұранысқа ие біліктіліктер мен дағдылар бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға – 7 460 мың теңге;

арнайы қозғалыс құралдарына (кресло-арбалар) – 823 мың теңге;

санаторлы-курорттық емдеуге – 2 563 мың теңге;

сурдотехникалық құралдарға – 945 мың теңге;

тифлотехникалық құралдарға – 2 517 мың теңге.

  1. 2022 жылға арналған аудандық бюджетте нысаналы даму трансфертіне бөлінетін жалпы соммасы 96 233 мың теңге көлемінде ескерілсін:

БҚО Ақжайық ауданы Чапаев ауылы екі 3 қабатты 24 пәтерлік тұрғын үйдің құрылысына – 96 233 мың теңге.

  1. 2022 жылға арналған аудандық бюджетте республикалық бюджеттен бөлінетін кредиттердің жалпы сомасы 183 780 мың теңге көлемінде ескерілсін:

мамандарды әлеуметтік қолдау шараларын іске асыруға кредит беруге – 183 780 мың теңге.

  1. 2022 жылға арналған аудандық бюджетте облыстық бюджеттен берілген 111 857 мың теңге бюджеттік кредиттерді және облыстық бюджеттен берілген 30 872 мың теңге бюджеттік кредиттер бойынша сыйақылар өтеу көзделсін.
  2. 2022 жылға арналған аудандық бюджетте бюджет заңнамасымен қарастырылған жағдайларда ветеринария шығыстар бойынша жалпы сипаттағы трансферттерді қайтару 159 058 мың теңге, білім беру шығыстар бойынша 5 490 614 мың теңге, балалар – жасөспірімдер спорт мектебі шығыстар бойынша 138 467 мың теңге көзделсін.
  3. Жергілікті бюджеттердің теңгерімділігін қамтамасыз ету үшін 2022 жылдың кірістер бөлу нормативі төмендегі кіші сыныптар кірістері бойынша белгіленсін:

1) жеке табыс салығы аудандық бюджетке 100% мөлшерінде есепке алынады;

2) әлеуметтік салық аудандық бюджетке 100% мөлшерінде есепке алынады.

  1. Жергілікті атқарушы органдарға қарасты мемлекеттік мекемелер ұсынатын қызметтер мен тауарларды өткізуден түсетін ақшалар Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі және Қазақстан Республикасының Үкіметі анықтаған тәртіпте пайдаланылады.
  2. Облыстық бюджеттен 2022 жылы берілетін субвенция көлемінің жалпы сомасы – 6 542 578 мың теңге болып белгіленсін.
  3. 2022 жылға арналған аудандық бюджеттен жергілікті өзін-өзі басқару органдарына берілетін субвенция – 430 674 мың теңге көлемінде
    4 – қосымшаға сәйкес белгіленсін.
  4. 2021 жылға арналған ауданның жергілікті атқарушы органдарының резерві – 20 000 мың теңге көлемінде бекітілсін.
  5. 2022 жылға арналған аудандық бюджетте ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдық округтер әкімдері аппаратының мемлекеттік қызметшілеріне көтерме жәрдемақы және тұрғын үй алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау көзделсін.
  6. Осы шешім 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Ақжайық аудандық маслихат хатшысы

 

С. Сиражев

 

 

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі

________ облысының/қаласының Әділет департаменті

Нормативтік құқықтық акті 31.12.2021

Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік

тіркеудің тізіліміне № 26321 болып енгізілді

 

Результаты согласования

РЕСПУБЛИКА КАЗАХСТАН ЗАПАДНО-КАЗАХСТАНСКАЯ ОБЛАСТЬ            АКЖАИКСКИЙ РАЙОННЫЙ    МАСЛИХАТ - Руководитель аппарата Азамат Максимович Умбеталиев, 27.12.2021 22:17:19, ЭЦҚ тексерудің оң нәтижесі

РЕСПУБЛИКА КАЗАХСТАН ЗАПАДНО-КАЗАХСТАНСКАЯ ОБЛАСТЬ            АКЖАИКСКИЙ РАЙОННЫЙ    МАСЛИХАТ - Секретарь маслихата Салимгерей Калимеденович Сиражев, 27.12.2021 22:18:29, ЭЦҚ тексерудің оң нәтижесі

Дата публикации
14 февраля 2022