Доклад акима Чапаевского сельского округа

 

Қаржы және экономика саласы

Чапаев ауылдық округінің аумағы – 38,2 мың га., халық саны – 10679 адам. Соңғы 3 жылмен салыстырғанда халқымыздың саның 2,2%-ға өскені байқалады.

Ауылдық округтің әлеуметтік – экономикалық дамуының негізі болып табылатын жылдық бюджет көлемі 115,586 млн. теңгені құрады.

Жергілікті салықтан: мүлік салығы 952,8 мың теңге, жер салығы 443,4 мың теңге, көлік салығы 15 млн. 782,9 мың теңге, табыс салығы
3 млн. 829 мың теңге, мүлікті сатудан 4 млн. 316,2 мың теңге, салықтық емес түсім 950,8 мың теңге. Барлығы 26 млн. 275 мың теңге салық түсті.

        

Ауылшаруашылығы және кәсіпкерлік саласы

Қазіргі таңда округте - жауапкершілігі шектеулі серіктестік, 1 ауыл шаруашылық өндірістік кооперативі, 23-шаруа қожалықтары және жеке кәсіпкерлердің жалпы саны 447–ге жетіп отыр.

Қазіргі уақытта ауылдық округ бойынша мүйізді ірі қара саны 4748-ді, қой мен ешкі 6851, жылқы 1139-құрайды.

Соның ішінде жеке тұрғындарында ірі қара саны 2961 қой мен ешкі 5262. құрайды. Қазірі кезде ауылда өзекті мәселе болып келе жатырғандардың бірі ол - мал бағымы. Бізде Чапаев ауылдық округінде мүйізді ірі қара малы 3 бағытқа шығарылады. Барлығыда бақташылармен қазіргі уақытта келісіліп, қамтамасыз етілді. Олар мінгі атпен және ат құралдарымен қамтамасыз етілді. Бұдан басқа «Жайық ҚАБ» ауылшаруашылық өндірістік кооперативті арқылы Жайық елді-мекені тұрғындарының 245 бас мүйізді ірі қара малы бағылып келеді. Бағымдағы малдарға 4 асыл тұқымды бұқа сатып алынды.

Бағымсыз жүрген үй-жануарлары өкінішке орай жол-көлік оқиғаларының орын алуына әкелуде. Тек 2021 жылдың басынан 279 бас ірі қара және 24 бас жылқы айыпппұл тұрағына қамалды. Осы қамалған малдардың 42 мал иесіне айыппұл салынса, қалғандарына ескерту хаттамалары толтырылды. Соңғы кезде жылқы малының жол бойында жайылып, жол апаттарының тіркелуі көбейді. Оның себебі, жылқы малы қараусыз ауыл ішінде, тас жолдар бойында иесіз жүруде. Сондықтан жылқы малының иелеріне малға таңба салу, жарық бергіш ленталар тағу жұмыстарын қолға алып келеміз.

         Мал басын асылдандыру бағытындағы жұмыстарға 7 шаруа қожалығы қатысып, 30 бас ірі қара, 19 бас бұқа сатып алды.

 Өткен жылы  2 шаруа қожалығы лизинг арқылы  ауыл шаруашылық техникасын алуға қол жеткізсе, 5 шаруа қожалығы күн сәулелі батареясын және 1 құбырлы құдық соғып су сорғы насос орнатты. Осы аталған ауылшаруашылық техникалары мен малдардың барлығына
31 млн. 610 мың теңге қаражат (инвестиция) тартылды. Биылғы жылы округ бойынша 11100 тонна шөп дайындалды. Кәсіпкерлік саласында да бірқатар ілгерілеушілік бар. Атап айтсақ, жеке кәсіпкер Мирас Кабдығалиев Чапаев ауылының орталығынан «Анашым» супермаркетінің құрылысын аяқтап іске қосса, жеке кәсіпкер Хамзина Айнагул Республика көшесінің бойынан «Диана» азық-түлік дүкені құрылысын аяқтап іске қосты. 2022 жылға тағы да жеке кәсіпкерлер Эльдар Губайдуллин Қонаев көшесінің бойынан сауда орталығын, Кубашева Салтанат 2-қабатты «Балалар әлемі» супер маркетін, Н.Салыхов 2-қабатты сауда орталығы кешенін, Ж.Рахишев шағын сауда маркетін, Нұрхат Доскалиев сауда орталығын, Кабдыгалиев Мирас бұрынғы автобаза ғимараты орнынан кешенді ет комбинаты (колбаса жасау цехы, консервілеу цехы, мал сою цехы т.б) құрылыстарын аяқтайды деп күтілуде

 

Әлеуметтік қорғау

         Денсаулықтарына және отбасы жағдайына байланысты 140 отбасына 5 341 420 теңгенің бір жолғы материалдық көмегі берілді. Қайырымдылық айы барысында жеңілдетілген бағамен 24 отбасыға бір жүктен отынмен, аз қамтылғандар мен тұрмысы төмен отбасыларға азық түлікпен жалпы көлемі 2 млн 300 мың тенге көмек берілді. Сонымен қатар желтоқсан айында ауыл кәсіпкерлері, әкімшілік, мұсылмандар мешіті тарапынан 43 отбасыға әрқайсысына 7200 тенге көлемінде азық-түлікпен көмек көрсетілді.

 

«Нәтижелі жұмыспен қамту» бағдарламасының орындалуы

«Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасының орындалуы бойынша 2021 жылға 139 адам ақылы қоғамдық жұмысқа тартылды. 146 адам тұрақты және уақытша жұмысқа орналастырылды. Кәсіби оқытуға 2021 жылы 11 адам жолданып, 40–ы тұрақты жұмыспен қамтылды. Атап айтқанда, аудан орталығындағы 3 орта мектепке, БЖСМ-не, Жайықтехсервис мекемесіне, аудан әкімшілігіне және т.б.

Шартты шартсыз атаулы әлеуметтік көмек бағдарламасы бойынша 53 (276 адам) отбасы 18 565,0 мың теңге ақшалай көмек алған.

 

Білім саласы

         Ауылдық округте 3 мектеп, 1 орталау мектеп, 1 колледж жұмыс жасайды. Сондай-ақ 1 саз мектебі мен 1 спорт мектебі бар. Сонымен қатар, мектепке дейінгі ұйым саласы бойынша 5 балабақша, 2 шағын орталық қызмет көрсетуде. Ауылдық округ бойынша 251 мұғалім бар. Олардың 46-сы жоғары санатты, 57- бірінші санатты, 57- екінші санатты. Округ бойынша жетіспейтін мұғалім саны - 7. Мектеп бітірген түлектер саны - 75, с.і. ҰБТ қатысқандар - 67, грант бойынша жоғарғы оқу орындарға түскендер саны - 45.

 

Денсаулық саласы

Округ бойынша 4 денсаулық сақтау ғимараты, 1 дәрігерлік амбулатория тіркелген. Медицина кадрлар ішінде 37 дәрігер, 119 орта медицина қызметкерлер жұмыс істеуде.

 

Көшелерді жарықтандыру, тазалық жұмыстары және көгалдандыру

Көше жарығын қамтамасыз ету мақсатында Чапаевта 628 Жайықта 39 көше шамдары болса, қазіргі кезде 16 трансформаторға есептегіш құрал орнатылып, таймер арқылы уақытпен жанып тұр. Тазалық пен көгалдандыру жұмыстары бойынша округте сенбіліктер кезінде 93 тонна күл-қоқыс шығарылды. Сонымен қатар биылғы жылы Жайық ауылындағы қатты тұрмыстық қалдықтар орыны тазартылып, шұңқырлары бітелді. Былтырғы жылы ауыл ішіндегі саябақтарға 780  түп әр түрлі ағаштар отырғызылған болса, биыл тағы да 850 түп жас тал қосымша егілді. Жыл басынан округ бойынша Чапаев ауылында біркелкі жұмыстар атқарылып келді. Ауылдағы саябақтар жағдайы үнемі назарда. Атап айтқанда тазалығы, қоршаулары, ішіне егілген теректер жағдайы қоғамдық қыметкерлер мен арнайы штаттық кестеге сәйкес 4 қызметкер атқарып келеді. Биылғы жылы Қонаев және Мендалиев көшелеріндегі жаңадан салынған саябақ темірмен қоршалып, жаңартылды.

Саябақтарды жаңарту мақсатында жаз айларында «Орал құрылыс» ЖШС- мен 4 млн 468 мың көлемдегі қаржыға «Даңқ» саябағының ішіндегі постаменттер қайта жаңартылып, кафельдері ауыстырылды.

Көпқабатты үйлердің жағдайын реттеу мақсатында биылғы жылы Қонаев көшесі №38 5-қабатты көппәтерлі тұрғын үйдің кәріз жүйесінен әкімшілік күшімен 162 куб лас су шығарылып берілді.

Көше жарықтарын реттеу мақсатында Чапаев ауылының Ихсанов көшесіне құны 3 млн 920 мың тенгеге, Исаев көшесі 2 млн 520 мың тенгеге, Есенжанов көшесі, Қазақстан көшесі қаражат қарастырылып, 5-электр желісі және оған қосымша жаяу жүргіншілер жолын жарықтандырғыш шамдар тартылды. Жаңа жыл қарсаңында аталған көшелердегі бағаналарға безендіргіш өрнекті шамдар мен лайтбокстар орнатылды. Сонымен қатар Чапаев ауылы көшелеріндегі жарық бергіш лампалардың тозығы жетуіне байланысты Сейфуллин, Мәңгілік ел секілді көшелердің лампалары ауыстырылды. Қазіргі уақытта көше шамдарына (освещения улиц) Чапаев ауылдық округі әкімшілігі жауапты болғандықтан, Чапаев ауылындағы кейбір қоршаусыз тұрған трансформаторлар қоршалды.

 Чапаев ауылындағы құрылыс саласында да бірқатар ілгерілеу жұмыстары болды. Жылдың басында аз қамтылған, көпбалалы және әр түрлі санаттағы азаматтарға 48 пәтерлі тұрғын үй құрылысы, дене шынықтыру кешені (ФОК) құрылысы басталып, биылғы жылы қолданысқа беріледі.

Әр жаз айларында ауылшаруашылығы жәрмеңкелерін өткізу мақсатында Чапаев ауылының Қазақстан және Исаев көшелерінің қиылысындағы автокөлік тұрағының жанынан ашылған «Жәрмеңке базары» жұмысын жалғастырып келеді.

Жаз айларында тұрғындардың бау-бақша өнімдерін егулеріне қолайлы болу үшін көше арықтары жұмыстары да назардан тыс қалмай отыр. Көше арықтарына келетін су жеткізуші негізгі канал қоғамдық қызметкерлер күшімен тазартылып жүргені өздеріңізге белгілі. Жыл сайын көктем шыға арық жүйесі тазартылып тұрады. Алайда Чапаев ауылына су жеткізетін негізгі каналда су тапшылығы болуына байланысты бірқатар кедергілер болғанын жасыра алмаймын. Карачинск каналының бойында орналасқан бау-бақша өсірушілер де өнімділігін арттыру үстінде. Бүгінгі күнге округте 3 ұжымдық бау-бақша өсірушілер жалпы 11,1 га көлемде 30 жанұя айналысуда. Оған қоса 2 жеке кәсіпкер (Утепов А, Кушеккалиев Е) 2 га жерге, 1 шаруа қожалық
(Ким С.) 20 га жерге бау бақша өсіруде және Нугманов Тлек алма бағын егуге 10 га жер учаскесін рәсімдеп алдағы жылға жоспарлауда. Сонымен қатар 850-ге жуық отбасы өз аулаларына бау-бақша егумен айналысуда. Көше арықтарына келетін су жеткізуші негізгі Карачинск каналына тереңдету, тазарту жұмыстары жүргізіліп, 19 шақырым ұзындықта 10 млн 600 мың тенге көлемінде қаржы жұмсалып, жұмысын аяқтады. Чапаев ауылы көшелерінде техникалық су жүретін 17,6 км арық жүйесі жұмыс жасайды. Биылғы жылға арық жүйесін жер асты құбыры арқылы жүргізу жоспарланып 26 млн тенге қаржыға жобалық-сметалық құжаттамасы дайындалды.

Қазіргі уақытқа дейін Чапаев ауылының өзінде 98 дана күл-қоқыс жинағыш контейнер жұмыс жасап тұр. 2021 жылдың күз айларында «Жер-Ана» ЖК пластмасса ыдыстырды қайта өңдеу цехын ашып, жиналған қалдық пластмассалар аталған кәсіпкерлікке тапсырылуда.

 

Газдандыру жұмыстары, телефон байланысы, жарықтандыру, таза сумен қамту

Ауыз сумен қамтылуы. Чапаев ауылдық округі 100 пайыз ауыз сумен қамтылған. Осы бағытта Чапаев ауылында ауыз су алушы абонентер саны көбейуіне байланысты, су айдағыш насостардың қуаты азайған болатын. Осы мәселені шешу мақсатында биылғы жылы жаз айларында «Жайықтехсервис» мекемесімен 6 млн тенге қаржыға су мұнараларының ұңғымалары тазартылып, тағы да қосымша екі су мұнарасына ұңғыма (водобашня) қазылды. 2022 жылға осы мәселені түбегейлі шешу мақсатында реконструкциялау (жаңғырту) жұмыстары жоспарлануда. Бұл жұмыстарға 1 млр 700 мыңға жуық қаражаттың жобалық-сметалық құжаттамасы жасақтылып, жасақтылып, конкурстық рәсімдері жүргізілуде..

 

Газдандыру

Чапаев ауылдық округі 98 пайызға газбен қамтылған. Жаңадан салынып жатқан тұрғын үйлер толық газға қосылған уақытта 100 пайыздық газдандыру жұмыстары аяқталады. Округтің газбен қамтылуына КазТрнсГазАймақ мекемесі жауапты. Жылдың кейбір мезгілдерінде, атап айтқанда күрт ауа райы төмендеген уақыттарда газ құбырларының бойына қалдықтар (конденцат) жиналуына байланысты газ тоқтайтын кездер болады. Алайда, оған жауапты мекеме уақытқа қарамай, газ беруді тоқтатпауға жұмыстанып жүр.

2021 жылда атқарылған жұмыстар туралы қысқаша мәліметтер осындай.

 

Алдағы жылға жоспар:

  1. Көше жарықтарын реттеу бойынша Есенжанов көшесінің электр жарығын агроколледжге дейін қосу.
  2. Мендалиев көшесі бойымен гимназиядан Казпошта мекемесіне дейін және Қонаев көшесінен Айтиев көшесіне дейін электр жарығын жүргізу.
  3. Сейфуллин және Мәңгілік ел көшелерін жарықтандыру. Бауырластар, Утепбаев, Тауқалақов, Қостанбаев көшелеріне электр үнемдегіш жарық шамдарын орнату.
  4. Көшелерге жол салу бойынша Чапаев ауылындағы жобалық сметалық құжаттамалары дайындалған 7 көшені асфальттау.
  5. Жайық елді мекеніне мектеп құрылысын жүргізу.

 

Баяндама аяқталды. Тындағандарыңызға рахмет.

Дата публикации
11 февраля 2022