Алғабас ауылдық округі әкімі Т.Қ.Есенғалиевтың Алғабас ауылы тұрғындарымен есеп беру кездесуінің баяндамасы

 

Құрметті жиынға қатысушылар!

Алғабас ауылдық округі бойынша 2021 жылдың 12 айында 18 кездесу жиналыстары өткізілді. Күн тәртібінде тұрғындардың күнделікті өзекті мәселелері талқыланып, олардың айтқан ұсыныс-пікірлеріне іс-шаралар жоспары белгіленіп, заң аясында орындалу барысы туралы хабарланып отырды.

Жыл басынан бері ауыл әкімі «40» шешім, «86» өкім қабылдаса, осы мерзімде 19 өтініш қабылданып, 7 өтініш қаңағаттандырылып, 9 өтініш иелеріне  түсіндірілді, 3 өтініш басқа мекемеге жолданды.

 

Демографиялық ахуал

Округ бойынша бүгінгі таңда 1878 тұрғын, Алғабас ауылын қоса есептегенде 5 елді мекен, 427 аула, 542 отбасы, 36 қыстақ бар. Ауылдық округте еңбекке қабілетті 992 тұрғын, 202 зейнеткер бар. Осы 12 ай ішінде 31 сәби дүниеге келіп, 11 адам дүниеден озды. Табиғи өсім + 20 құрайды.

 

Қаржы және экономика саласы

Ауылдық округтің әлеуметтік – экономикалық дамуының негізі болып табылатын жылдық бюджет көлемі 39281,0 мың теңгені құрады. Оның 37823,0 мың теңге игеріліп. Жоспар 96,3% орындалды.

 

 Ауыл шаруашылығы мен шағын кәсіпкерлік саласы

Алғабас ауылдық округінде бүгінгі күні 73 шаруа қожалығы, 21 жеке кәсіпкерлік субъектілері, 3 СПК тіркелген.

Қазіргі таңда ірі қара малы 8076, қой-ешкі 26654, жылқы 3246, түйе 19 басты құрайды.

Жыл басынан бері бруцеллез ауруына округ бойынша 12 611 ірі қара малы, 34 090 қой-ешкі,  15 түйе малдары тексеріліп, қан алынды.

Нәтижесінде 38 бас ірі қара, 5 бас қой малынан бруцелез анықталып, барлық 43 бас тапсырылды.

Алғабас ауылдық округінің негізгі бағыты мал шаруашылығы болғандықтан малдың асылдандырылуына көп көңіл бөлінуде. Ауылдық округ бойынша мал басын асылдандыру мақсатында шаруа қожалықтар ағымдағы жылы 42 бас асыл тұқымды бұқа, 116 бас асыл тұқымды қошқар сатып алды. Округ бойынша мал азығын дайындау жоспар
42500 тонна, орындалғаны 34000 тонна, 80% пайызға орындалып отыр.

Ауылдық округке ағымдағы жылы 5,3 га көлемге картоп, 6 га
бау – бақша дақылдарын, 5,2 га көкөніс егу жоспарланған болатын, қазіргі таңда жоспар орындалып отыр.

Округ тұрғындарының меншігінде 122 трактор, 12 жүк машинасы және әртүрлі ауыл шаруашылық техникалары бар. Есепті кезең ішінде Округ бойынша есепті кезең ішінде шаруа қожалықтары 3 дана МТЗ-82 тракторы, 3 дана шөп шапқыш, 4 дана шөп тайлағыш, және 2 ШҚ электронды бақташы құрылғысын алып жұмыстануда.

 

Халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау

«Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасының I бағыты бойынша 12 ай ішінде жастар тәжірибесінен өтуге 2 адам жіберілді. 15 адам тұрақты жұмысқа ораналасты. Алғабас ауылының жол жөндеу жұмыстарына «Юнисерв» ЖШС арқылы 16 адам, Өрт сөндіру бекетіне -10 адам, қысқы от жағу жұмысы және киім ілу жұмысына 53 адам. әлеуметтік жұмыс орындарына шаруа қожалықтары мен жеке кәсіпкерлерге 11 адам, ақылы қоғамдық жұмысқа жоспар бойынша 63 адам кезекпен жұмысқа тартылды.

2021 жылдың 12 ай ішінде 11 отбасыға (62 адам) 2 млн 258 мың 860 теңге көлемінде  атаулы әлеуметтік көмек берілді.

Аудандық әлеуметтік бағдарламар бөлімінің комиссия отырысынын шешімімен 23 адамға 1 млн 104 мың 810 теңге көлемінде бір жолғы материалдық көмек берілді.

2 әлеуметтік қызметкер – 1 жалғыз басты қария мен мүгедекке, 18 жастан асқан психо-неврологиялық аурулары бар 2 адамға, 16 жасқа дейінгі 2 мүгедек балаға қызмет көрсетуде.

Еңбек бағдарламасы бойынша бастау бизнеске 11 адам оқыды. 3 жеке кәсіпкер 13 млн теңге көлемінде несие алды. 12 адам әр қайсысы 583400 теңге көлемінде қайтарымсыз грант алып жұмыстануда, мақсаттары әр түрлі, тігін цехын ашу, қой өсіру, сиыр өсіру, жеміс ағаштарын егу. Жалпы сомасы 23 млн 364 мың 810  теңге.

 

Білім беру саласы

Ауылдық округте 1 орта мектеп, 1 негізгі мектеп, 2 бастауыш мектеп және 1 балабақша, 4 шағын орталық, 1 мектеп жанындағы интернат жұмыс жасауда. Округ бойынша жаңа оқу жылындағы бала саны 353 оқушыны құрады. Білім беру ошақтарында 77 мұғалім оқушыларға біліммен тәрбие беруде.

        

Денсаулық сақтау саласы

         Алғабас дәрігерлік амбулаториясы, 4 медициналық пункті халыққа қызмет көрсетуде. Онда 10 орта буын медицина мамандары жұмыс жасайды. Есепті кезең ішінде 872 адам скринингтік тексеруден өтіп, 90 пайыз орындалды. Қазіргі кезде пандемияның алдын алу үшін сақтық шараларына байланысты екпе жасау (вакцинациялау) жұмыстары жүруде. Алғабас ауылдық округі бойынша әлемді жаулаған COVID-19 ауыруына байланысты алуға тиісті 1051 адамның 658 адам, яғни 63 пайызы екпе алды.

        

Мәдениет және спорт саласы

Ауылдық округте 1 мәдениет үйі, 1 клуб, 5 кітапхана халыққа мәдени қызмет көрсетуде. Округ бойынша 5 спорт алаңы бар. Есепті жыл ішінде мәдениет үйінде жоспарланған онлайн 26 офлайн 22  іс шара ұйымдастырылып, 1210 тұрғын қатысты. Ауылдық кітапханаларда жыл басынан онлайн 88 офлайн 120 әр түрлі шаралар ұйымдастырылып 2540 тұрғын қатынасқан. Ағымдағы жылдың мамыр айында Батыс Қазақстан облысы спорт басқармасының және Ақжайық ауданы әкімдігінің қолдауымен сонымен қатар А.Зулкашев пен Ө.Молдабековтың шәкірттерінің демеушілігімен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай және спорт ардагерлерін еске алуға арналған жасөспірімдер мен кіші жасөспірімдер арасында облыстық ашық турнир өтті. Сондай ақ есепті кезең ішінде 12 қараша күні Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай тұспа-тұс келген Алғабас ауылының тумасы биыл 2021 жылы Сербия елінің Белград қаласында өткен грэпплинг әлем чемпионатында Қазақстанның туын көкке желбіреткен, елінің абыройын асқақтатып, кіндік қаны тамған Алғабас ауылына үлкен мәртебелі қуаныш сыйлаған әлем чемпионы  Зайреден Қонысбайұлы Мухаметжановпен ауыл тұрғындары, ел ағалары арасында үлкен кездесу кеші ұйымдастырылды. Ауылымыздан шыққан  спортшыларымызға құрмет көрсетіп, қолдау мақсатында ауылымыздың шаруа қожалық басшылары және ауыл азаматтарының атынан 2 млн теңге ақшалай сертификатпен және 4 жылқы, 4 қой сыйға тартылды. Сонымен қатар Алғабас ауылдық округі, Жаңажол елді мекенінде жергілікті бюджеттен 8млн 423 мың теңге бөлініп шағын спорт алаңы ашылылып, пайдалануға берілді. Аталған нысанның құрылыс жұмыстарын «Ак жүрек» ЖШС жүргізді.

 

Ауыз сумен және табиғи газбен қамту

         Ауылдық округке 2006 жылы «Таза су» бағдарламасы бойынша таза ауыз су тартылған болатын. Алғабас ауылындағы 219 үйдің 195-не, Тегісжол елді-мекенінің 10 үйіне таза ауыз су өткізілген. Тоған елді мекенінде ағымдағы жылы 5 үйге құдық қазылды. Ауылдасымыз, «Нұртілек» шаруа қожалығы басшысы Н.Қайырхомовтың демеушілігімен Тоған бастауыш мектебінің санузелін сумен қамту мақсатында 80 мың қаржысына құдық қаздырып берді. Округте табиғи газ құбыры 2002 жылы жүргізілді. 2020 жылы округіміздің 4 елді мекеніне табиғи газ құбыры жеткізіліп, әлеуметтік нысандармен тұрғын үйлерге барлығы 130 үй жайларға өткізіліп пайдалануға берілді. Сондай ақ есепті кезең ішінде округіміздің 3 шаруа қожалығы 5 қыстаққа көгілдір отын кіргізіп алды.

 

Жол қатынасы, телефон байланысы, электр жарығын жеткізу және тазалық мәселесі

Ағымдағы жылы халқымыздың көптен күткен Алғабас ауылынан Орал-Атырау тас жолына қатынай кіре беріс жолна асфальт төсеу жұмыстары жалғасуда, қазіргі таңда 25 шақырым төселді және келер жылы аяқталады деген сенім мол. Мердігер «Жайық құрылыс» ЖШС. Аталмыш жұмыстардың нәтижесінде ауыл тұрғындары уақытша жұмысқа орналасты.

Телефон байланысы округ бойынша қазіргі таңда 95 тұрғын үйде және әлеуметтік нысандарда телефон нүктесі, 71 ғаламтор нүктесі орнатылған. 2019 жылдың желтоқсан айында округ орталығына «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында талшықтық-оптикалық интернет желiсін жүргізу жұмыстары аясында 2020 жылдың шілде айында округ әкімшілігіне, Алғабас ЖОББ мектебіне, дәрігерлік амбулаторияға интернет қосылды.

«Әр аулаға-жасыл желек» «Өз аулам өз бағым» ауылды көгалдандыру мақсатында акциясы ұйымдастырылып, ауыл тұрғындарынан жеміс ағаштарын отырғызуға сұраныс жинақталып 28 дана алма ағашы, 4 шабдалы ағашы 69 дана малина көшеттері отырғызылды.

Биылғы жылы жылдағы дәстүр бойынша округ әкімшілігінің ұйымдастыруымен 2 дана Камаз және 3 тонналық жүк тиегіш ауыр техникалары келіп және өзіміздің ауылдастарымыздың жеке техникаларымен Алғабас ауылында қыстан қалған 250 рейс күл қоқыс, Жаңажол елді-мекенінен 40 рейс күл қоқыс ауыл сыртындағы арнайы полигонға шығарылды (2370 тоннадан астам).

Есепті жыл ішінде 2 рет Бударин каналының, Көшім өзені жағалауы және суқоймасы жағалауы, Киров-Шежін, Вологин каналдарының жағалаулары тұрмыстық қалдықтардан тазартылды. Алғабас ауылы ішінде пластик қалдықтар жинауға арналған темір жәшіктер орнатылып, пластик қалдықтар бірнеше рет арнайы орынға жинақталды. Ауыл ішінің тазалығы, облыс, аудан орталықтарына шығатын жолдар бойының тазалығы қоғамдық жұмыстағы жұмысшылардың және ауыл әкімшілігі қызметкерлерінің күшімен жол бойынан 6 тонна қоқыстан тазартылды. Осы орайда, тазалаған жер емес, қоқыс тастамаған жер таза болады деп ауылдастарымды жол бойына және ауыл ішіне қоқыс тастамауға шақырамын.

 

Атқарылған жұмыстар

Жыл басынан бері ауылымыздың аз қамтылған отбасыларына демеушілер көмек көрсетті. Атап айтсақ жерлесіміз Нургалиев Сағындық 15 отбасына6 1 отбасына 17110 теңге көлемінде барлығы 256650 тенгеге азық түлікпен көмек берді. Ауыл жастары 16 отбасына 60240 теңгеге азық түлікпен, жерлесіміз Айнур Бисенбаева 4 отбасына 8495 теңгеден барлығы 33980 теңгеге азық түлікпекпен көмек көрсетті.Қайырымдылық көрсету аясында Халық банкі ауылымыздың мүмкіндігі шектеулі 10 отбасына 500 000 теңгеге азық түлікпен қамқорлық жасады. Алғабас ауылдық округінің шаруа қожалықтары 4 («Нұртілек» ш/қ Н.Есқалиев, «Аут» ш/қ Р.Ажимов, «Болашақ» ш/қ Р.Абуов, «Сағат» ш/қ А.Сағатов) аз қамтылған отбасыларына арзандатылған бағамен шөп сату ұйымдастырылды. Округ бойынша 2021 жылдың 10-30 қазан аралығында өткен мейрбандық күндері қайырымдылық айлығында 3 зейнеткер, 3 мүгедек, 24 аз қамтылған отбасыларына барлығы 724,0 мың теңге көлемінде азық түлікпен және мал азығымен көмек көрсетілді. «Агрофирма Ақас» басшысы Гафар Қатауоллаұлы Ашигалиев Жаңажыл қарсаңында  ауылымыздың аз қамтылған 15 отбасынын бүлдіршіндерін сыйлықтармен қуантты. Аз қамтылған отбасына ықтимал өрт қаупі кезінде тұрғындардың түтінге немесе газға улануының алдын алу және ауылдастарымыздың өмірі мен шығынына жол бермеу мақсатында жерлесіміз «Сабит» ш/қ басшысы Ерболат Кұрманғалиев 60 000 теңгеге, Ақжайық ауданының «Құрметті азаматы» Асқар Дабысқалиұлы Қабановты еске алуға арналған Жаңабұлақ ауылында өткен волейболдан ерлер арасындағы жарыста Алғабас командасы жүлделі
II орын иеленіп ақшалай сыйлығынан 40 000 теңгеге барлығы 90 мың тенгеге 18 отбасына газ анализаторы орнатылды.

Елімізде төтенше жағдай кезеңінде халыққа жасаған қайырымдылық істері үшін жоғарыда аталған жомарт жүрек азаматтарға ауылдастарымыздың атынан үлкен ризашылығымды білдіремін.

Сондай ақ, ауылдастарымыздың бірігіп, жұмыла жасаған жұмыстың нәтижесінде, «Өлі разы болмай, тірі байымас»-дегендей барлығы 48 600 шаршы метр құрайтын ауылдық зиратты қоршап алдық. Аталмыш жұмыстарға ат салысқан әр отбасына шынайы рызашылығымды білдіріп, әрдайым еліміз амандықта, халқымыз бірлікте болуға шақырамын.

 

Рухани жаңғыру бағдарламасы

Есепті жыл ішінде Елбасынын «Рухани Жаңғыру» бағдарламасы аясында Алғабас ауылында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30жылдығына орай Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру ісшаралары аясында Алғабас ауылдық кітапханасында «КОМЬЮНИТИ» орталығы ашылды. Ақжайық аудандық мәдени демалыс орталығында «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында және ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Ел қариясы-ел қазынасы» атты қариялар арасында байқауға Алғабас округі, Тегісжол елді мекенінен Қостанай Тлегенұлы Жұматаев қариямыз қатынасып «Шежірелі қария» аталымымен марапатталды. Ақжайық аудандық «Мерейлі отбасы» байқауына Алғабас ауылдық округі Жаңажол елді мекенінің Жомарт Джанаевтар қатысып «Өнерлі отбасы» номинациясына ие болды. Тәуелсіздігімізге 30 жыл толуына орай ауылымыздың көркейіп, жаңару жолында 1989 жылы туылған азаматтарымыз Алғабас ОЖББ мектебінің 40 түлектері ауылымыздың аялдамасын жөндеуге демеушілік көрсетіп, жаңартып берді.

 

2022 ж. Жоспар

  1. 1941-1945 ж. Ұлы Отан соғысы құрбандарына арналған монумент жанына саябақ ашу (сахна жабдықтау).
  2. Алғабас ауылының әлеуметтік нысандармен тұрғындарын техникалық су жеткізу.
  3. Алғабас ауылындағы көше шамдарын жаңа үлгідегі электр үнемдегіш шамдарға ауыстырып, санын көбейту.

 

 

Өзекті мәселелер

1 . Алғабас ауылын көктемгі тасқын судан қорғау  және округте мал шаруашылығын одан әрі дамыту мен мал азығын арзандату мақсатында Киров және Вологин суару-суландыру жүйесін күрделі жөндеу.

  1. Алғабас ауылының шығыс бетіндегі бөгетті терендетіп қазу
  2. Әкімшілік ғимаратын күрделі жөндеу жүргізу
  3. Округ бойынша ауыл ішілік және қыстақтар арасындағы электр желілеріне күрделі жөндеу жүргізу
  4. Электр желісі мамандарын көлікпен қамтуб
Дата публикации
11 февраля 2022