Жаңабұлақ ауылдық округі бойынша жалпы мәлімет
Жаңабұлақ ауылдық округінің жер көлемі 75 559 га. Аумағында 2 елді-мекен, 26 мал қыстағы орналасқан. Ауылдық округ бойынша
2022 жылдың 1 қаңтарына халық саны 1061 адамды құрайды. Округте аула саны 284, отбасы саны 293. Округ орталығы газдандырылған, электр энергиясымен, таза ауыз сумен қамтылған, телефон байланысы бар және ғаламтор желісіне қосылған.
Қаржы және экономика саласы
Ауылдық округ бойынша салық түсімі 510 мың теңге құрады.
Ауыл шаруашылығы, ветеринария мен шағын және орта кәсіпкерлік.
Ауылымыздың дамуының басты саласы мал шаруашылығы. Қазіргі таңда округте 4 жауапкершілігі шектеулі серіктестік, 68 шаруа қожалық,
11 кәсіпкер бар. Жылдық санақ бойынша ірі қара малы 5967 бас, қой мен ешкі 22 237 бас, жылқы 2452 бас, түйе 2 басты құрайды.
Мал басын асылдандыру мақсатында округ бойынша 2021 жылдың өзінде шаруа қожалықтар 54 бас асыл тұқымды бұқа, 48 бас қошқар, 23 бас асыл тұқымды қашар малын сатып алды.
2020 жылғы тапсырма бойынша қажетті шөптің мөлшері 30 200 тонна болса, 27 200 тонна мал азығын дайындадық 90 пайыз орындалды. Қазіргі таңның өзінде 171 рулон шөп әкелінді.
Асыл тұқымды мал мәртебесін алған «Сұлтан» шаруа қожалығы қазақтың ақбас тұқымды бұқаларын сатумен айнасуда. Аталған шаруа қожалық иелігінде 506 бас асыл тұқымды ірі қара, соның ішінде 319 бас аналық малы бар. Есептік жылы 56 бас асыл тұқымды бұқа сатса, соның ішінде 4 басы Жаңабұлақ ауылдық округінің шаруа қожалықтары сатып алды.
6 жыл мерзімге «Жәңгірхан атындағы Батыс Қазақстан аргарлы-техникалық университетінің» ғылыми жетекшілігімен «Аймекен» шаруа қожалығы еділбай тұқымды қой шаруашылығын дамытуда. Қазіргі таңда, 1639 бас қойға асыл тұқымды мал мәртебесін алып, есептік жыл ішінде осы қожалық 541 бас асыл тұқымды қошқар мен асыл тұқымды аналық тоқты сатты.
Жыл басынан бері округте бруцеллез ауруының алдын алу мақсатында көктем-күз мезгілінде 7641 бас ірі қара, 21 000 бас қой зерттеліп, соның ішінде оң нәтиже беріп ауыруға шалдыққан 62 бас мүйізді ірі қара малы, 3 бас қой түгелдей жойылды. Бұқырлау жұмыстары жүргізілді.
Бірдейлендіру мақсатында ауылдық округке қарасты барлық ірі қара және ұсақ қой малдар сырғаланып, күні бүгінге 530 бас жылқыға чипсалынды. Ауылдық округ бойынша 3 азық-түлік сататын дүкен,
1 тамақтану орны, 300 орындық 1 тойхана жұмыс жасап тұр. Жаңабұлақ-Орал бағытында 2 микроавтобус үзіліссіз жолаушыларды тасымалдаумен айналысады.
Мемлекеттік бағдарламаларға қатысушы ш/қ жөнінде мәлімет.
Есептік жылы «Айдос» шаруа қожалығы «Сыбаға» бағдарламасы арқылы 62,5 млн теңгеге Ресей Федерациясынан 83 бас асыл тұқымды ірі қара малын, «Аймекен» шаруа қожалығы Теректі ауданының «ҚазАқбас» ЖШС-нен 23 бас асыл тұқымды қашар сатып алды.
Бүгінгі таңда лизингке «Асмир» шаруа қожалығы бір МТЗ-82,0 маркалы трактор, бір дана косилка, «Дабыс» шаруа қожалығы бір МТЗ-82,0 маркалы трактор,бір дана косилка, КУН, прессподборщик, «Ғатау» шаруа қожалығы бір МТЗ-80 маркалы трактор сатып алды.
Осыған қоса «Қошқарбай» шаруа қожалығы 1100 гектар аумаққа электронды бақша орнатты.
Асылдандыру және тұқымдық түрлендіру жұмыстарына шаруа қожалықтар 20 млн 600 мың теңге көлемінде демеу қаржы алды.
Әлеуметтік сала
2021 жылы ауылдық округ бойынша 83 жаңа жұмыс орны ашылып,
10 адам тұрақты жұмысқа, 73 адам маусымдық жұмысқа орналасты.
57 жұмыссыз адам АҚЖ тартылып, 8 жас маман жастар тәжірибесінен өтті. 5 адам 2 млн 915 теңге мемлекеттік қайтарымсыз грант алса, 1 адам несие алды.
7 отбасыға 1 млн 443 мың теңге көлемінде атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды. Жыл басынан бері мекемелер мен ұйымдардың қатысуымен 26 отбасына 1 млн 021 теңге көлемінде қайырымдылық көмегі көрсетілді. 15 адамға 564 360 теңге көлемінде біржолғы материалдық көмек берілді.
Білім беру саласы
Ауылдық округте 1 жалпы орта білім беретін мектеп, 1 мектеп жанындағы шағын орталық жұмыс жасауда. Шағын орталықта 50 бүлдіршін тәрбиеленсе, жаңа оқу жылындағы оқушы саны 160 бала,
35 мұғалім балаларға білім мен тәрбие беруде.
Өткен оқу жылында 11 оқушы мектеп бітірді. Ұлттық біріңғай тестілеудің 2021 жыл қорытындысы бойынша орташа бал 74-ті құрап, Жаңабұлақ орта жалпы білім беретін мектебі аудан бойынша алтыншы орынға орналасты. 8 оқушы жоғарғы, 3 оқушы арнаулы орта оқу орындарына грантқа түсті.
2021 жылы демеушілердің көмегімен «Мектепке жол» акциясы шеңберінде тұрмысы төмен отбасыларының мектеп жасындағы балаларына 420 000 теңгеге оқу құрал – жабдықтары мен киім – кешектер алып берілді.
Мектеп қабырғасында аудандық бюджет арқылы 94 оқушы ыстық тамақпен қамтылған.
Денсаулық сақтау саласы.
Округте 1 фельдшерлік-акушерлік пункті халыққа қызмет көрсетіп келеді. Онда 1 фельдшер, 1 акушер және 1 медбике жұмыс жасайды. «Саламатты Қазақстан» бағдарламасы бойынша тұрғындар арасында негізгі әлеуметтік ауруларды ерте анықтауға арналған тегін скрининг – зерттеулерден 180 адам өтті. Есепті кезеңде 24 сәби дүние келді. Сондай – ақ, осы уақытқа дейін ана мен бала өлімі тіркелген жоқ.
Мәдениет және спорт саласы
Ауылдық округте 1 мәдениет үйі, 1 коворкинг орталығы кітапханасы қызмет көрсетеді. Жоспарланған мәдени-көпшілік шаралар қазіргі таңдағы жақдайға сәйкес ұйымдастырылмай қалып отыр.
Мәдениет үйінің «Қазына» би үйірмесі қызмет жасауда 2021 жылы ел ордамыз Нұр-Сұлтан қаласына барып «АЛАШ СТАР» би жарысынан бас жүлде алып келді.
Ауыз сумен және табиғи газбен қамту, абаттандыру
Округте таза ауыз сумен 100 % қамтылған, су жүйесі 245 үй мен мекемелерге тартылған. Ауыл тұрғындарының 60 % техникалық сумен қамтамасыз етілді.
Көгілдір отынмен 229 тұрғын үй және мекемелер, яғни ауылдың
93% қамтылған. Сонымен қатар округ аумағындағы «Жамиға», «Сажида» шаруа қожалықтары және «Саят» демалыс орны көгілдір отынын пайдалануда.
2020 жылы басталған Орал-Атырау тас жолынан Жаңабұлақ ауылына дейіңгі жол және ауыл ішіндегі 5 бірдей көшеге яғыни, барлығы 6 км асфальт жол төселіп осы жылы құрлысы аяқталды.
2020 жылы жаңғыртылған «Еске алу» саябағына «Жамиға» ш/қ көктем мезгілінде 50 түп әртүрлі тұқымды ағаш алып беріп, отырғызылды.
Осы жылы мектеп бітіргендеріне 40 жыл болған мектеп түлектері ауыл орталығына «Жаңабұлақ менім жүрегім» маноментін орнатты.
Алдағы уақытта қаражат көзі шешілсе көң төгу полигоның қоршау жоспарлануда. Сметалық құжаттары дайындалуда.
Телефон байланысы, электр жарығы
Ауылдық округтегі телефон нүктелерінің саны 171 болса, соның
88-і ғаламторға қосылған.
2 ұялы байланыс жүйесі, «актив» және «билайн» жұмыс жасап тұр.
Ауылдық округ орталығын 50 көше шамы жарықтандыруда, соның
27-сі электр жарығын үнемдеуші заманауи диодты шамдарға ауыстырылды.
Бұл жұмыстар алдағы уақытта да өз жалғасын таабады деп жоспарлаудамыз.
Округ бойынша өзекті мәселелер:
Н А З А Р Л А Р Ы Ң Ы З Ғ А Р А Х М Е Т!