Отчет акима Бударинского сельского округа о проделанной работе в 2021 году

Қаржы және экономика саласы

         Бударин ауылдық округінің жер көлемі 66,1 мың гектарды қрайды. Округімізде 3 елді-мекен бар, онда 1590 тұрғын тұрып жатыр. Бударин ауылдық округі әкімі аппаратының жылдық бюджет көлемі 30 млн 596 мың теңгені құрады.

Мүлік салығы - 65,0 мың тг., жер салығы - 46,0 мың тг., көлік салығы -2,2 млн.тг. түсті. Арендалық төлемдерден - 189,8 мың тг., жеке кәсіпкерлерден – 370,6 мың.тг., Барлығы 2,9 млн.тг. салық түсті.

        

Ауылшаруашылығы және кәсіпкерлік саласы

         Мемлекетіміздің дамуы еліміздегі аграрлық секторға тікелей байланысты. Мемлекет тарапынан ауыл шаруашылығын дамытуға баса мән беріліп келеді. Қазіргі таңда округте 5 жауапкершілігі шектеулі серіктестік, 2 ауыл шаруашылық өндірістік кооперативі, 55 шаруа қожалықтары және 38 жеке кәсіпкер бар.

01.01.2022 жылға округ бойынша 9 704 бас ірі қара, 21 817 бас қой мен ешкі, 3 360 бас жылқы бар. Былтырғы жылмен салыстырғанда ірі-қара 1000, қой мен ешкі 1349, жылқы 523 басқа көбейіп отыр.

         Ауылшаруашылығы кешенін дамыту бағытындағы мемлекеттік бағдарламалардың орындалуын ұйымдастыру және жүзеге асыру бойынша ауыл шаруашылық мақсатындағы субъектілердің пайдаланудағы жерлерін Qoldau.kz порталындағы «Минагро» бағдарламасына шаруа қожалығының және ЖШС жерлері дерек қорға енгізілді.

Ауылдық округтегі 28 ауыл шаруашылық құрылымдары асыл тұқымдық түрлендіру жұмыстары бойынша 46 бұқа және 29 қошқар сатып алды. Асыл тұқымды ірі қара өсіретін-2, жылқы өсіретін-1, қой өсіретін-1 шаруашылық жұмыс жасауда. 7 шаруа қожалығы әр түрлі ауыл шаруашылық /трактор, кун, шөптайлағыш, шөп орғыш/ техникаларын алды, оның ішінде «Аманер» шаруа қожалығы 3 жаңбырлатқыш құрылғысын алып, 50 га жерге жүгері және 50 га жерге судан шөбін егіп 4000 мың центнер сүрлем, сондай-ақ «Атамұра» шаруа қожалығы 57 га жерден 9365 центнер сүрлем дайындады.

Ауыл шаруашылық кооперативтерінің жұмыстарын жандандырылып 48 мүше тіркелді және асыл тұқымды 8 бұқа алынды. Жоспарымызда осы кооперативтер арқылы ауыл тұрғындарының қой бағымына асыл тұқымды қошқар қосып асылдандыру жұмысын жүргізу.

Ауыл шаруашылығы саласында тартылған инвестиция көлемі 243  млн.теңгені құраса, соның ішінде техника бойынша инвестиция көлемі 201,4 млн теңге.

Бағымсыз жүрген үй-жануарлары өкінішке орай жол-көлік оқиғаларының орын алуына әкелуіде. Осыны алдын алу мақсатында Бударин ауылдық округі бойынша төрт бағытта мал бағымы ұйымдастырылды. Соынемн қатар, бағымсыз жүрген малдарды қамауға арналған айыппұл тұрағын ашуды жоспарлап отырмыз, қазіргі уақытта жер телімдері беріліп, құжаттары дайындалу үстінде. Жергілікті бюджетке түскен салықтан 800 мың теңге қаражатқа ауылдың оңтүстік-батыс бағытындағы мал табынын суаруға терең ұңғымалы құдық соқтырылып  ауылдың тағы да екінші жағынан судың мәселесі шешімін тапты. 2020 жылы ауылдың солтүстік батыс бағытына соқтырған болатынбыз. Ол да жол көлік оқиғаларын болдырмаудағы жасалап жатырған жұмыстар.

(Өз сөзімен айту) Мысалы: құдық қазбас бұрын үй-жануарларын суару үшін жолды әрі-бері бірншеше рет өткізу керек болды. Қазіргі уақытта су сол құдықтарда ішіп, жолдан өтуі азайды.

Мал қыстату маңызды науқан. Шаруа қожалықтарға барып шөптердің шығымы мен жиналу науқаны ұдайы назарда. Шөп жинау науқаны кезінде шаруалар жем-шөптерін жинап алды.

Қоғамның тұрақты дамуының негізі - шағын және орта бизнес. Осы салада ауылда жыл бойына 3 нысан (наубайхана, кірпіш зауыты, сауда-саттық дүкен) ашылды. 4 ауыл тұрғыны қайтарымсыз грантқа қатысып
2,3 млн теңге және «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы бойынша мал өсіруге 2 ауыл тұрғыны 10 млн. несие алды., 29 ауыл шаруашылық құрылымдарына 53 адам келісім-шарт бойынша «Еңбек КЗ» сайтына тіркелді.

 

Жұмыспен қамту және әлеуметтік сала

         Денсаулықтарына және отбасы жағдайына байланысты 12 айда 20 адамға 875 100 теңге көлемінде мемлекет тарапынан берілетін бір жолғы материалдық көмегі берілді. Жағдайы төмен, аз қамтылған, көп балалы, мүгедек 23 адамға арзан бағамен отыннан көмек берілді. Қайырымдылық шарасымен жеке кәсіпкерлер, шаруа қожалықтар, мектеп түлектері мен ауыл тұрғындарының қолдауымен 94 отбасыға 719 000 теңгенің қаржылық-материалдық көмегі көрсетілді.

Жаңа экономикалық жағдайда халықты жұмыспен қамтамасыз етуге ерекше басымдық беріледі. Бұл тұста «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек»» бағдарламасының маңызы зор.

2021 жылға 169 адам ақылы қоғамдық жұмысқа алынды, 18 адам әртүрлі жеке кәсіпкерлер мен шаруа қожалықтарына, әлеуметтік жұмыс орындарына және келісім-шарт бойынша 72 адам тартылды. 2022 жылға шаруа қожалықтар мен кәсіпкерлер 30 адамға сұраныс түсірді. 21 адам ауылдың әр түрлі мекемелеріне тұрақты жұмысқа орналастырылды. 4 адам жастар тәжірибесінен өтті. 2021 жылға 32 адам маусымдық жұмысқа орналасса, «Жасыл ел» бағдарламасы бойынша 2 адам жұмысқа алынды.

Шартты шартсыз атаулы әлеуметтік көмек бағдарламасы бойынша 12 айда 11 отбасы 4млн 224 мың теңге ақшалай көмек алды.

 

Білім саласы

ХХ1 ғасыр-білім мен біліктің дәуірі. Әр адам өзін үздіксіз жетілдіріп, жаңа кәсіптерді игеріп, үнемі заман ағымына бейімделу арқылы ғана бәсекелік қабілетін арттыра алады. Ауылдық округте 1 мектеп-бөбекжай кешені, 1 бастауыш мектеп бар.

2021-2022 оқу жылын орта мектепте 219 оқушы бастады. Бударин мектеп-бөбекжай кешенінде педагогтар саны - 42, жоғары білімдісі – 39, арнаулы орта білімдісі–3.

Мектеп-бөбекжай кешенінің мұғалімдері мен оқушылары кәсіби білім сайыстарында өз білімдерін дәлелдеуде. Республикалық, облыстық және аудандық пән олимпиадаларынан жүлдегер атанып жүр.

2021 жылы 18 мектеп бітірушісінің 18-і де ҰБТ-ға қатысты. Соның 4-уі «Алтын белгі» иегері атанды. ҰБТ көрсеткіші бойынша орташа бал 73,8 пайызды құрады. Мектепте 8 үйірме жұмыс жасайды, онда 160 оқушы қатысады. Самал бастауыш мектебі ағымдағы жөндеуден өткізіліп, жаңа оқу жылына дайындықпен кірісті.

 

 

 

Денсаулық саласы

    Медициналық қызметтердің сапасы халықтың әлеуметтік жағдайының аса маңызды бөлігі болып табылады. Округте 1-дәрігерлік амбулатория, 2 фелдшерлік пункт жұмыс жасайды. Өткір тұрған мәселелердің бірі-кадр мәселесі. Коловертной елді-мекенінде фельдшерлік пункт күрделі жөндеуден өткенмен, дәрігер маман болмай тұр. 137 балаға тегін дәрі берілді, 1950 адамға тегін дәріге рецепті берілді. Күндізгі емдеу бөлімінде 312 адамға тегін ем қабылдады, оның ішінде 24-і үйден қабылдағандар. Скрининг бойынша жоспар 582 адам болса соның 582 өтті.100%.

Эпидемияның алдын алу жұмыстары бойынша мониторинг топ құрылып, барлық нысандар тексеріліп түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Пандемия кезінде жаман індетпен жыл ішінде 12 адам ауырды. Вакцинаның 1 компонентін 632 адам алып, 70,4% , 2 компонентін 590 адам, 65,4% , Ревакцинация 120 адам, «Комернати» вакцинасын 66 адам, 51,1% құрап отыр.

 

Мәдениет және спорт

Мәдениет және спорт саласы бойынша жұмыстар атқарылды. Округ бойынша 1 Мәдениет Үйі, 1 ауылдық клуб, 3 кітапхана жұмыс жасайды.

Жыл бойына өтетін қоғамдық саяси, мәдени-көпшілік, спорттық іс-шаралардың барлығы дәстүрлі түрде өтіп отырды. Спорттық іс-шаралардың барлығы жоспарлы өткізілді. Мектеп оқушыларының арасында еркін күрес, жеңіл атлетика, волейбол, баскетбол, шаңғы тебу спорт түрлерінен жетістіктерге жетті.

Ауылымыздың тумасы, полиция майоры Нұрлыбеков Айболат Нұрлыбекұлын еске алуға арналған шағын футболдан аудандық турнир ұйымдастырылды. 1 Желтоқсан ҚР Тұңғыш Президенті күні мерекесіне орай мекемелер арасында волейболдан жарыс өткізілді.

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған ауыл жастары арасында волейболдан сайыс ұйымдастырылды. Балалардың бос уақытын тиімді өткізіп, дене шынықтырумен айналысуына жағдай жасау мақсатында мұз айдыны жасақталды.

 

«Рухани жаңғыру»

Елбасының «Болашаққа бағдар: «рухани жаңғыру» бағдарламасының «Туған жер» жобасы аясында атқарылған істер: 2021 жылы Ердос, Айдос, Айбек Қоспаевтар шамамен ...... теңге болатын 50 орындық балабақша мен ....... теңге болатын мешіт  құрылысының іргетасын қалады. Биыл ашу жоспарымызда. 1991 жылы бітірген мектеп  түлектері (600 мың тг қаражат жұмсалды) балаларға арналған ойын алаңын жасақтап берді. Мектепке 1986 жылы бітірген мектеп түлектері 100 000т қаражатқа спорттық құрал-жабдықтар тарту етті.

Жалпы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы жарияланған 4 жыл ішінде ауылымызда ел азаматтарының көмегімен 10 млн-дай қаржыға бірнеше жоба жүзеге асырылды. Бұл ауыл азаматтарының туған жеріне деген құрметін, сүйіспеншілігін білдіреді.

 

Көшелерді жарықтандыру, абаттандыру, тазалық және көгалдандыру жұмыстары

Көше жарығын қамтамасыз ету мақсатында Бударинде 88, Самалда 3, Коловертной елді мекендерінде 3 көше шамдары жанып тұр. Аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімінің тапсырысымен 2 774 016 тг 20 жарық үнемдегіш шамдар орнатылды.

Биыл көктем айында тазалық пен көгалдандыру жұмыстары бойынша округте 3400 тонна күл-қоқыс далаға шығарылып, 230 түп әр түрлі ағаштар отырғызылды, оның ішінде кәсіпкер Е.Битілеуов 140 түп алма ағашын отырғызып баптауға кірісті. Сонымен қатар биыл қатты тұрмыстық күл-қоқыс төгетін алаңдарды жайғастыруға 500 мың теңге бөлінді. Округтегі барлық нысандар қысқы жылыту маусымына дайындықпен кірісті.

Ауыл ішіндегі баннер, билбордтар сырланып, жаңартылды. Бударин ауылындағы саябақтар тазартылды. Ауыл ішіндегі көше тазалығы, Орал – Атырау жолының бойындағы тазалық жұмыстары үнемі назарда тұрады.

        

Газдандыру жұмыстары, жарықтандыру, таза сумен қамту

Ауыз сумен қамтылуы. Бударин ауылында 2011 жылы жүргізілген «Ақбұлақ» бағдарламасы бойынша 315 үй салынған су құбырын пайдаланып отыр, сонымен қатар әрбір екінші үйде жеке артезиан құдықтары бар. Коловертное елді мекеніне Кешенді модульді блок су қондырғысы орнатылды.

Жаңа ғана облыс әкімі ғали Нәжімеденұлы Самал ауылына «Ақбұлақ» бағдарламасымен су құбырын іске қосқан болатынбыз.

Газдандыру. Округтегі 3 елді мекенге газ желісі тартылған. Барлығы 327 үй табиғи газға қосылған, оның ішінде осы жылы округ бойынша 2 үйге газ кіргізілді, ол барлық үйлер санының 70% құрайды. Округтегі барлық әлеуметтік ғимараттар табиғи газбен жылытылады.

        

Осымен баяндамам аяқталды. Құрметті ауыл тұрғындары! Ауызбіршілік болса, бір-бірімізді қолдап жүрсек, кез-келген қиындықты жеңіп шығамыз деген ойдамын. Індеттен аман-есен шығайық, сақтанып жүрейік. Тыңдағандарыңызға рахмет!

 

2022 жылы жоспарланған жұмыстар тізбесі:

  1. 3 – шаруа қожалығына МТ3-82 трактор, 2- шөп тайлағыш, 2-шөп орғыш техникасын;
  2. 2 – шаруа қожалығына құдық соқтыру, 2 – шаруа қожалығына жаңбырлатқыш құрылғы,1 – шаруа қожалығына жүгері оратын комбаин;
  3. Бударин ауылдық мәдениет үйін күрделі жөндеуден өткізу;
  4. Орталықтан 1 шаштараз ашу;
  5. Самал елді мекенінде «Ақ бұлақ» су жүйесін іске қосу;
  6. Бударин ауылына кіре беріс жолдарын күрделі жөндеуден өткізу;
  7. Мал сою алаңын жасақтау;
  8. Сүтті бағыттағы сиыр малын алып, дамытуға жұмыстану;
  9. Жайық өзенінен қара суларға су шығаруға жұмыстану;

10.Балабақша құрылысын бітіріп , іске қосу;

11.Мешіт үйін қолданысқа беру;

 

 

 

Дата публикации
10 февраля 2022