Отчет отчетного собрания акима Конеккеткенского сельского округа Кадыргалиевой Улдаш Зайдагалиевны

Құрметті ауыл тұрғындары!

 

2021 жылдың 1 қыркүйек күні «Халық бірлігі және жүйелі реформалар-ел өркендеуінің берік негізі» атты мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы жарияланғанын білесіздер. Бұл – бұған дейін жүзеге асырылып келген стратегиялық құжаттардың заңды жалғасы.

Жергілікті ауылдық округ әкімі аппараты тұрғындарға қызмет көрсету мақсатында жыл бойы тұрғындармен елдегі болып жатырған төтенше жағдайдың тәртібі сақталып және қашықтықтан 4 жалпы жиналыс /сход/, 12 тұрғындар жиынын, әкімшілік отырыстарын жоспарлы түрде өткізіп келді. Тұрғындармен кездесуде негізінен көтеріліп жүрген мәселелер:

  • Мал бағымын ұйымдастыру, ауылшаруашылығы, кәсіпкерлік саласын дамыту бағытындағы мемлекеттік бағдарламалардың орындалуын ұйымдастыру және жүзеге асыру;
  • Ветеринария саласындағы заңнамаларды халыққа кеңінен жеткізу, бруцеллез ауруының адам және мал арасындағы таралуының алдын алу;
  • Ауылдың санитарлық тазалығы, абаттандыру, көгалдандыру;
  • Қоғамдық тәртіп, салауатты өмір салтын қалыптастыру;
  • Әлеуметтік мәселелер;
  • КВИ ауруларының алдын-алу, халыққа бас санитардың қаулысын таныстыру, т.б.

 

Демография

Көнеккеткен ауылдық округінің құрамына Көнеккеткен және Қамыстыкөл елді мекендері және 10 мал қыстату қыстақтары кіреді.

Округтің жалпы жер көлемі 46731 га, шаруашылық құрылымдарына тиесілі 23512га, (с.і шабындығы 4567га, жайылым 18722га), орман аумағы 4248 га, ауылдық елді мекендер жері -18971га.(с.і Көнеккеткен аумағы 5701га, Қамыстыкөл аумағы-875 га, жайылымы-11474га, шабындығы-231га) 

Ауылдық округ бойынша тұрғындардың жалпы санының деңгейі 2022 жылдың 1 қаңтарына 233 аулада 270 отбасы бар, жалпы тұрғындар саны – 1019 адам. Табиғи өсім +3. Соның ішінде Қамыстыкөл елді мекенінде 43 аулада 50 отбасы бар, 202 тұрғын. 

 

Қаржы және экономика саласы

Жергілікті салық түсімдерінен мүлік-жер салығы 28500 тг, көлік салығы 826300 теңгені құрады.

 

Ауыл шаруашылығы мен шағын кәсіпкерлік саласы

Қазіргі таңда жылдық санақ бойынша:

  • ірі қара малы - 3191
  • қой мен ешкі - 6284
  • жылқы бас -1652
  • құс - 1208

2021 жылы мал дәрігерлік сауықтыру шаралары жоспарға сай жүргізілуде 3979 бас мүйізді ірі қарадан, 6000 бас ұсақ малдан қан алынып, олардың ішінен бруцеллез ауруына оң нәтиже көрсеткен 35 бас ірі қара малдың барлығы да уақытылы тиісті орындарға тапсырылды.

2021 жылы сырғаланған мал басы:

ірі қара-903 бас

ұсақ мал-2126 бас

жылқы-300 бас (таңбаланды)

Ірі қара малының сапалық құрамын жақсартуға бағытталған селекциялық асылдандыру жұмыстарымен биылғы жылы 18  шаруа қожалығы және «Көнеккеткен» ауыл шаруашылық тұтыну кооперативі жұмыстанып тұқымдық түрлендіруге қатысты. Ірі қарадан 1040 бас аналық және 50 бас асыл тұқымды бұқа сатып алынып 10 млн 400 мың теңге, ұсақ малдан 22 қошқар сатып алынып, 550 бас аналық қой субсидияланып 1 млн 375 мың теңге алды.

 «Көнеккеткен» АШтК арқылы 2 бағытта Көнеккеткен ауылы тұрғындарының мал бағымы ұйымдастырылып, Қамыстыкөл елді мекенінде 1 бағытта мал бағымы ұйымдастырылып, мал бағушылар келісім шарт негізінде маусымдық жұмысқа тартылды.

Инвестициялық субсидиялау бағдарламасына (ауыл шаруашылық техникаларын алу бойынша) «Иса» шаруа қожалығы лизингке ауыл шаруашылық техникасын барлық жабдықтарымен 10,7 млн теңгеге және «Бірлестік» шаруа қожалығы лизингке ауыл шаруашылығы техникасын шөп шапқышымен 10,1 млн теңгеге алды. «Бірлестік» шаруа қожалығы 8,3 млн теңгеге МТЗ-81.2 тракторын алды, «Балауса» шаруа қожалығы 1,1 млн теңгеге шөп шапқыш техникасын алды.

«Есболат» шаруа қожалығы қаржылай қолдау қоры арқылы 30,0 млн теңге несие алып, 75 бас ақ бас қашарларын алды. «Аймырза» шаруа қожалығы 22 бас және «Есболат» шаруа қожалығы 10 бас асыл тұқымды қошқарын 2,4 млн теңгеге сатып алды.

Көнеккеткен ауылдық округінің ауыл шаруашылығы саласына тартылған инвестицияның жалпы көлемі 62,6 млн теңгені құрайды.

Мал азығы 14700 тоннаға дайындалып, 100%-ға орындалды.

Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың      2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы аясындағы 2 бағыты бойынша «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы арқылы 1 ауыл тұрғыны ЖК «Амирхан» жалпы сомасы 7 млн 200 мың теңге несие алып жаңадан өз кәсіптерін ашып жылқы малын өсіру жұмыстарын бастап кетті. 2 ауыл тұрғыны А.Жалмукатова, З.Лукпанова «Бастау-Бизнес» жобасы бойынша сертификат алып, әрқайсысы қайтарымсыз 583 мың 400 теңге мемлекетік грант ұтып алды. Қазіргі уақытта өз кәсіптерін яғни наубайхана және іс тігу орнын ашып жұмыстануда.

 

Халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау

Кәсіпкерлік саласында – 33 адам жұмыспен қамтылған. Олардың 20-ы ауыл шаруашылығы, 1-і көлік тасымалы, 2-і қызмет көрсету саласы, 5-і саудада, 1-і байланыс, 4-і мал шаруашылығы саласында.

Аз қамтылған отбасыларынан 44 адам кезекпен ақылы қоғамдық жұмыспен қамтылды.

Округ бойынша жұмыссыз есебінен 14 адам шаруа қожалықтарына әлеуметтік жұмыс орындарына орналасты.   

         Ашылған жаңа жұмыс орны – 44.

2021 жылдың қаңтар айынан бастап төрт отбасына (19 адам, оның ішінде 11 бала) жалпы құны 1 158 231 теңге болатын Жаңа форматтағы АӘК тағайындалып, соның ішінде жеке шаруашылықтарын көтеру мақсатында 2 бас мүйізді ұсақ малын, жем – шөбін алып және қора жайларын жөндету мақсатында тиімді пайдаланды.

1-3 жас аралығындағы-4 балаға 469920 теңге, 3-6 жас аралығындағы-2 балаға 244080 теңге көлемінде азық-түліктей және гигиеналық тұрмыстық әлеуметтік пакет төленді.

Ауылдық округ бойынша алтын алқа және күміс алқа белгісімен марапатталғандар аналарымыз – 20, соның ішінде 8-і алтын алқа, 12-сі күміс алқа иегерлері. Тыл ардагерлерінің 3-еуі алтын алқа, 1-еуі күміс алқа иегері.

Ұлы Отан Соғысының ардагерлеріне теңестірілген, 8 Тыл еңбеккерлері  бар. Барлық тыл еңбеккерлеріне тиісінше қамқорлық көрсету мекемелер мен кәсіпкерлерге тапсырылды.

Ауған соғысының ардагерлері округте – 3-еу.

Жыл басынан 16 тұрғынға 638 085 тг бір жолғы материалдық көмек берілді.

Жыл басынан бері қайырымдылық айларында мекемелер мен ауыл жастарының, кәсіпкерлердің демеушілігімен 87 адамға 2 млн 003 мың теңгенің қаржылай және материалдық көмегі (сыйақы) көрсетілді.

1 наурыз – Алғыс айту күніне орай «МЕЙІРІМ СӨРЕСІ» атты қайырымдылық акциясы аясында қайырымдылық шарасына үн қосқан Көнеккеткен ауылдық округі әкімдігі қызметкерлері 6 отбасыға азық-түлік тауарларымен қайырымдылық көмек берді.

Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың бастамасымен ұйымдастырылған «Қайырымды істер марафоны» жалпыұлттық жобасы аясында ауылымыздың жалғызілікті тұрғыны Адешева Орынша әженің үйіне мекен-жайлық көмек және үйінің электр сымдары толықтай ауыстырылды.

Қасиетті Рамазан айында Көнеккеткен ауылдық округі бойынша аз қамтылған, көп балалы, жалғызілікті, мүмкіндігі шектеулі жандарға, жалпы 11 отбасыға 220 000 теңге көлемінде азық-түлікпен қайырымдылық көмек ұйымдастырылды.

Ораз Исаев атындағы ЖОББМ алдына «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасы аясында демеушілік жасаған 1969 жылғы азаматтардың көмегімен жалпы көлемі 175 шаршы метр жүру жолағын (тротуар) жұмыстар атқарылды.

«Мектепке жол», «Қайырымдылық» акциясы аясында Ораз Исаев атындағы ЖОББМ-де ауыл азаматтарының демеушілігімен 50 оқушыға 210 000 теңге көлемінде, Қамыстыкөл БМ-де ұстаздар демеушілігімен 4 оқушыға 30 000 теңге көлемінде көмек көрсетілді. 

«Көнеккеткен» АШтК және «Балауса» шаруа қожалығы жетекшісінің демеушілігімен 40 отбасы аудандық «Жайық таңы» газетіне тегін жазылды.

Маңғыстау облысындағы қуаңшылық жағдайға байланысты шаруаларға көмек ретінде 570 ц мал азығы жолданды.

«Жомарт» шаруа қожалығының жетекшісі Ж.Габдушев Қамыстыкөл бастауыш мектебінің 21 оқушысына 50 000 теңге көлемінде Жаңа жылдық сыйлықтар тарту етті.

Округте барлығы 35 мүмкіндігі шектеулі жандар, I топ-3, ІІ топ-16, III топ-13, бала кезінен мүгедек-3.

1 әлеуметтік қызметкер барлығы 3 адамға, оның ішінде 2 мүмкіндігі шектеулі жанға және 1 жалғызілікті зейнеткер анаға қызмет көрсетуде.

І топтағы 2 мүмкіндігі шектеулі жанға 2 күтуші тағайындалды.

ІІ топтағы 3 мүмкіндігі шектеулі жанға 2 қамқоршы сот шешімімен тағайындалды.

Кәсіби оқу орнына 3 адам жолданып, 3 адам тұрақты жұмысқа орналасты.

Есепті мерзімде 5 жас маман «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы бойынша тәжірибеден өтті.

Жас мамандарды тұрғын үймен қамту мақсатындағы «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша 2 жас маман жалпы сомасы 7 млн 561 мың 525 теңге қаржылай қолдау алды. 

 

Білім беру саласы

Ауылдық округ бойынша 1 орта мектеп, 1 бастауыш мектеп, 2 мектеп жанындағы балалар шағын орталығы және интернат қалыпты жұмыс жасауда.          

О.Исаев атындағы ЖОББМ бойынша 2021-2022 оқу жылында      112 оқушы, шағын орталықта 3 топта 33 бала, мектеп алды даярлықта 11 бала тәрбиеленуде.

Ұстаздар саны-29, олардың жоғарғы білімді 86,2 %, арнаулы орта білімді 13,8 %.

Интернатта 2021-2022 оқу жылына 22 оқушы білім алып тәрбиеленуде.

«100 кітап» бағдарламасы бағыты бойынша бастау алған «Кітап менің досым» жобасы биыл да жалғасын табуда. 1 қараша-20 наурызға дейін созылатын жоба байқауының жеңімпаздары атанатын ең үздік оқырманға 2 велосипед сыйға тартылмақ.

Қамыстыкөл бастауыш мектебі бойынша 0-4 сынып дейін 16 оқушы, шағын орталықта 8 тәрбиеленуші. Мұғалімдер саны-5, ҚР орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында курстан өткен мұғалімдер – 5.

        

 

 

Денсаулық сақтау саласы

1 ФАП, 1 медициналық пункт, 5 арнаулы орта білімді мамандармен қамтылған.

Жыл басынан 15 сәби дүниеге келді.

Жаңақала ауданаралық сауықтыру оңалту орталығына 2 тұрғын жіберілді. Арнаулы техника, байланыс телефонымен қамтылған.

Тұрғындар арасында негізі әлеуметтік ауруларды ерте анықтауға арналға тегін скрининг-зерттеулерден 100%, ал 245 адам флюорографиядан өтті. Яғни 88,7% орындалды, бұның өзі көптеген адамдардың бойынан ауруларды ерте анықтап, өмірінің ұзаруына септігін тигізері сөзсіз.

Туберкулез ауруымен 2 адам тіркелген.

Көнеккеткен ауылдық округі бойынша ауылдық әкімшілік жанынан құрылған мониторингтік топ штаттық режимде жұмыс істейтін білім беру ұйымдарында, яғни О.Исаев атындағы ЖОББМ-не, мектеп жанындағы интернат және Қамыстыкөл бастауыш мектебіне, сондай-ақ,  ауылдағы азық-түлік дүкендеріне де тексеру жұмыстары ұдайы жүргізіп отырады. Бақылау жұмыстарын жүргізу барысында ешқандай кемшіліктер болған жоқ, барлық санитарлық талаптар (оқушылардың, мұғалімдердің және қызметкерлердің дене қызуын өлшейтін журналдары, маска, антисептик, ылғалдап сүрту, терезе ашып желдету, қол жуу ережесі, ара-қашықтық белгілері, т.б.,) сақталып отырғаны анықталды.

 

Мәдениет және спорт саласы

  Окрутің әкімшілік ғимаратында ыңғайластырылған 1 ауылдық клуб, 1 ауылдық кітапхана тұрғындарға қызмет көрсетуде. Қызметкерлердің
1-уі жоғары, 1-уі арнаулы орта білімді.

Кітапханадағы кітап қоры 12466, оқырмандар саны 717 адам. Бүгінгі кітапхананың міндеті оқырмандарға рухани байлық – кітапты насихаттау.

Ауылдық округтегі спорт алаңында, көше тренажерларында, мектеп спорт залында кестеге сәйкес әр түрлі спорт түрінен (күрес, қол күресі, волейбол, баскетбол, т.б.) ауыл жастарына арналған үйірмелер жұмыс жасайды.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ауылдың 1964 жылғы азаматтарының ұйымдастыруымен «Даңқ» саябағы мен «Қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу» саябағына 30 түп қарағай және 30 түп сүмбіл теректерін отырғызды. Отырғызылған жас өскіндерді суаруға жағдай жасау мақсатында аталған азаматтар 100 000 теңге қаржыға әкімдік аумағына құдық қазып берді.

 

Ауыз су және табиғи газбен қамту

«Өңірлерді дамыту-2020» бағдарламасы бойынша 233 аула мен барлық мекемелерге және кәсіпкерлік нысандарға су құбыры тартылған.

Табиғи газ жүйесі барлығы 168 үй яғни  72%, 7 мекеме ғимаратына тартылған.

 

Телефон байланысы, қысқы отынмен, электр жарығымен қамту

Округ бойынша көше шамдары 46-ға жетті. Оның 40 данасы заманауи энергия үнемдегіш диодтық шамдарға жаңартылды.

Актив ұялы байланысы қалыпты жұмыс істеуде.

Ауыл тұрғындарын  ақпараттандыру мақсатта «Көнеккеткен» атты фейсбукте, инстаграмда және «Ауылдастар» атты ватсапта әлеуметтік желілері бар.

 

Тазалық мәселесі

2021 жылдың мамыр-қараша айларында округ бойынша тұрғындар ауласынан 6300 тоннадай қалдықтар тиісті орынға шығарылып, округ орталығындағы қатты тұрмыстық қалдықтар төгетін орын (ҚТҚ) жайғастырып тегістелді. Апта сайын көше жетекшілерімен ауыл іші тазалығы ұйымдастырылды. «Таза жағалау» экологиялық акциясын жүзеге асыру мақсатында әр апта сайын ауыл ішіне, округ тұсынан «Барбастау-Индер» күре жолы бойын, «Жайық», «Сарқырама», «Қойбас», «Қартжайық» өзен-көлдерінің айналасына сенбіліктер өткізілді.

 

Мемлекеттік қызмет көрсету, үкіметтік емес ұйымдармен жұмыс, қоғамдық тәртіптің сақталуы

Ауылдық округ тұрғындарынан келіп түскен өтініштер саны 4, оның 2-уі жеке қабылдау кезіндегі, 2-уі жазбаша, олардың барлығы да түсіндірілді. Округ әкімінің дүйсенбі және жұма күндеріндегі жеке қабылдауына әр түрлі мәселелермен келген ауыл тұрғындарының өтініш, ұсыныстары үнемі ескеріліп келеді.

Барлық тұрғындар қажетті анықтамалар мен құжаттарын egov.kz порталы арқылы алуы әкімшілік ғимаратында жасақталған «Өз-өзіне қызмет көрсету» бұрышында қызметкерлердің көмегімен еш қиындықсыз орындалды. Есепті кезеңде 290 электронды қызмет және 12 қағаз түрінде мемлекеттік қызмет (Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою) көрсетілді. Оның ішінде: жеке тұрғындарға электронды цифрлық қолтаңба ашу, мекен жайға тіркелу, медициналық мекемеге тіркелу, жылжымайтын мүлкі туралы анықтама, соттылығының болуы немесе болмауы туралы анықтама, туу туралы куәлік, неке қию туралы куәлік, қайтыс болуы туралы куәлік, үй-құжаттарын алу, т.с.с. қызметтері көрсетілді.

2021 жылдың 12 айында 1 қылмыс тіркелді, бұл қылмыс ашылмай тұр. 103 әкімшілік хаттама толтырылды.

Пробациялық есепте 1 адам тұрады, онымен  жергілікті учаскелік полиция қызметкерімен біріге отырып, кездесу, жеке әңгімелесу өткізіліп тұрады.

Үкіметтік емес ұйымдар белсенді түрде қоғамдық шараларға ат салысуда.

 

2021 жылғы аудан әкімінің тұрғындармен есепті кездесуінде және ашық диалогта айтылған ұсыныстар мен ескертулердің орындалуы жөнінде мәлімет:

  1. Баубақша егуге қаржы алайын десем, жұмыс жасайсыз деп несие берілмейді. Қалай несие алуға болады?

         ескерту: Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысымен ауыл тұрғыны Н.Молдағалиевке несие алу жолдары түсіндірілді.

  1. Ауылдан 2 км жерде кубик бар. Оған көптен су келмегесін бітеліп қалған. Сол кубикті қар еріместен бұрын 2,5 метрдей тереңдетсе су келер еді;

ескерту: 2021 жылдың 16 тамызы күні №233, 234 өтініш хаттарымен Ақжайық ауданының жер қатынастары бөлімінің басшысы Н.Д.Мутиевке өтініш хаты жолданды. Қазіргі уақытта жер актісіне шешім шығарылды. Енді қаржының ыңғайы шыққан соң жер актісі жасалатын болады.

  1. Қамыстыкөл ауылына ауылдық клуб ғимаратын салу;

ескерту: Көнеккеткен ауылдық округі әкімі У.Кадргалиева Қамыстыкөл ауылында клуб ғимаратын салу бойынша Ақжайық ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөліміне 2021 жылғы 29 қаңтарда № 40 қызмет хат жолдаған болатын, бөлім басшысы А.Ермухановтың 2021 жылғы 3 ақпандағы № 01-24/78 хатында қазіргі уақытта шағын елдімекендерде ауылдық клуб салу мүмкіндігі жоқтығын айтып, алдағы уақытта жоспарға қойылатындығын жеткізді.

  1. Мал жаюға жер тапшы, ауыл тұрғындарына пайдалануға жер берілсе;

ескерту: «Көнеккеткен» АШөК-і округ аумағындағы 330 га жайылымды конкурс арқылы алып, Қамыстыкөл елді мекені тұрғындарының малын жаюға келісім берді.

  1. Интернет желісінің жылдамдығын күшейтсе;

ескерту: Округ бойынша Актив байланысының интернет желісі күшейтілген болатын, Қамыстыкөл елді мекеніне интернетті күшейту мақсатында округ әкімі У.Кадргалиевадан «Beeline.kz» компаниясының техникалық бөлім басшысы В.Н.Холоповқа 2021 жылдың 12 ақпан айында шығыс №66 қызметтік хаты жолданған болатын, жауабында алдағы жоспарға енгізетіндігін жеткізді.   

  1. Округ бойынша электр желілерін және трансформаторларды тозығы жетуіне байланысты ауыстыру;

ескерту: 2021 жылдың 28 қаңтарында №37 хатымен округ әкімі У.Кадргалиева Тайпақ АЭТ бастығы Т.Г.Гинуллинге округтегі электр желілері мен трансформаторларды тозығы жетуіне байланысты жаңарту қажеттігі жөнінде хабар жолдаған болатын, жауапты мекеме 2021-2025 жылдарға арналған жоспарға енгізу жөнінде 2021 жылдың 2 ақпандағы №5 хаты арқылы жауап берді.

  1. Ауылда бұралқы иттер мен мысықтар көбейуіне байланысты, жою қажет;

ескерту: Округ әкімі У.Кадргалиевадан 2021 жылғы 28 қаңтардағы №38 қызметтік хаты жолданған болатын, жауабында Ақжайық аудандық ветеринариялық станциясының басшысы А.Абдешов ауылдық округтегі ветеринария мамандарына хабарлама жіберіп бұралқы иттер мен мысықтарды жоюға болатындығы жөнінде 2021 жылдың 22 ақпандағы №35 хатпен жауабы келіп түсті. Алайда жою жұмыстары жүргізілмегенімен, тұрғындардың өтініші бойынша кастрация жұмысы жасалды.

 

Көнеккеткен ауылдық округі әкімі аппаратының міндеттері:

  1. Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар-ел өркендеуінің берік негізі» атты жолдауын Көнеккеткен ауылдық округі әкімі аппараты өз қызметінің барлық саласында басшылыққа алу;
  2. Ауыл шаруашылығы кешенін дамыту бағытындағы мемлекеттік бағдарламалардың орындалуын ұйымдастыру және жүзеге асыру;
  3. Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасын жүзеге асыру бағытындағы жұмыстарды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
  4. Ауылымызды аббаттандыру, көгалдандыру санитарлық ахуалын жақсарту бағытындағы жұмыстарды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
  5. Тоғандар мен өзен-көлшіктерді тереңдетіп қазу бойынша ауданға ұсыныстар енгізу;
  6. Көнеккеткен ауылдық округіндегі барлық трансформатор мен электр желілерін жаңарту бағытында тиісті мекемелерге ұсыныстар енгізу;
  7. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламасының «Туған жер» жобасы аясында ауыл тұрғындарының қолдауымен тың жұмыстарды жасау.
  8. КВИ ауруларының алдын-алу, халыққа бас санитардың қаулысын таныстыру, тұрғындар арасында тәртіп шараларын сақтауды үнемі бақылау.

 

 

Зейін қойып тыңдағандарыңызға үлкен рахмет!

Дата публикации
09 февраля 2022