Құрметті Қалияр Шадиярұлы!
Құрметті жиналысқа қатысушылар!
Біз жұмысымызды Президенттің жыл сайынғы жолдауында айқындалатын басты бағыттар мен жергілікті жерлерде түрлі бағдарламаларды іске асыруға және тұрғындарымыздың ұсыныстары мен сауалдарын тиісінше қанағаттандыруға бағыттап жұмыстарымызды ұйымдастырамыз.
Бұл бағытта округ көлемінде өткен жылы атқарылған және алдағы уақытқа жоспарланған жұмыстарға тоқталып өтуге рұқсат етіңіздер.
ДЕМОГРАФИЯ
Округте 3 елдімекен бар (Мерген, Мойылды, Жолап). 2021 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша округте халық саны 1362 адам, өткен жылғы кезеңмен салыстырғанда 6,0 процентке азайып отыр (01.01.2020-1449). Соның ішінде жұмыс жасайтындар – 420, өзін-өзі қамтып отырғандар – 264, зейнеткерлер – 164 және жұмыссыздар – 86 адам.
ХАЛЫҚПЕН ЖҰМЫС
2021 жылы әкім аппаратымен барлығы 9 мемлекеттік қызмет көрсетілді, соның 9-ы да елді-мекен шегінде объект салу үшін жер телімін рәсімдеу. Мерзімі бұзылып көрсетілген қызметтер жоқ.
Сонымен қатар әкімшілікте ашылған өзін-өзі қамту бұрышында 258 қызмет ұсынылды. (ЭЦҚ кілттерін алу мен соттылығы жоқ және тұрғылықты жерін растау бойынша т.б. анықтамалар).
Биыл аталған бұрыш жанынан «Қазақтелеком» акционерлік қоғамының терминалы қойылды. Бұл терминал көмегімен тұрғындар қазақтелекомның барлық және банктік төлемдерді, ХҚКО арқылы ұсынылатын кейбір қызметтерді ала алады.
Есептік кезеңде жеке және заңды тұлғалардан барлығы 4 өтініш келіп түсті, соның 2-уі жер мәселесі, 1 – уі жұмыс мәселесі және 1 – уі ұсыныс. Барлығына да уақытыл жауап берілді.
ҚАРЖЫ САЛАСЫ
Жылдық бюджет көлемі 31 млн. 901,0 мың теңгені құрап,
99,9% игерілді. Жергілікті мүлік және көлік құралдарынан түскен салық түсімі 1 млн. 386 мың теңгені құрады, 2020 жылмен салыстырғанда 5,4 пайызға жоғары. (1 млн. 314 мың тг.)
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫ
Мерген ауылдық округінің аумағы 110230 га. Соның 78594 га. ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер (Жайылым–73700 га, Шабындық–4894 га.), 47 га. су қорының жерлері және 31589 га елді-мекен жерлері. (Мерген – 17480 га, Мойылды – 5823 га, Жолап – 8286 га.)
Округ тұрғындарының негізгі кәсіп түрі мал өсіруге бағытталған, қазіргі таңда ағымдағы жылдың 1 қаңтарындағы есеп бойынша жеке және шаруа қожалықтарды қоса есептегенде МІҚ 8731 бас (2021-7762 бас), қой-ешкі 12162 (2021-12538 бас), жылқы 4178 бас (2021-3858 бас) және құс 648 басты (2021-645 бас) құрайды. Былтырғы жылғы есеппен МІҚ 12, жылқы 8 пайызға өссе, ұсақ мал 3 пайызға кеміп отыр.
Округ көлемінде 7 шаруа қожалығы асыл тұқымды шаруашылық мәртебесін алған. Соның ішінде «Жайық тұлпары» ЖШС – і жылқы малын және «Дөңгелек», «Әсем», «Ерғали», «Қабен», «Омар», «Досмекей» шаруа қожалықтары ірі қара малымен айналысуда. Асыл тұқымды ірі қара малының үлесі ірі қара бойынша 16,5 %, жылқы малы бойынша 19 % және қой малының 13,6 % - ды құрайды.
Тіркелген шартты мал басына есептегенде қажетті 24 400 тонна мал азығы жиналып, бүгінгі таңда 11 400 тоннасы, яғни 46 пайызы қолда бар.
2021 жылы 3 кооператив құрылды («МергенСК», «Нәсу», «Райса»). Соның ішінде ауылдағы жеке тұрғындардың ірі қара малын бағуды ұйымдастыру және тұқымдық түрлендіру мақсатында ауылдың 91 отбасы біріккен «МергенСК» АӨК – іне тоқталсам. Кооператив асыл тұқымды мал шаруашылығынан 16 бас асыл тұқымды бұқаны жалға алып, мал бағымы ұйымдастырылды. Екі бағытта бағылуы жоспарланып, 1 бағыты ғана бастан-аяқ бағып, екінші бағыты малдың су ішетін орны болмауына байланысты тоғайда жайылды. Түрлендіру бағдарламасына қатысқаны үшін 3,5 млн. тг. көлемінде демеуқаржы алып, 1 бас жылқы сатып алды. 2 адамды (1 уақытша, 1 тұрақты) жұмыспен қамтыды. Әрине, көп жылдан бері бағылмаған соң көптеген проблемалық мәселелер де бар. Биылғы мал далаға шыққанға дейін тұрғындармен арнайы жиын өткізіп, бұл мәселелер шешілетін болады. Биыл ауылдың сыртында орналасқан ескі қора ғимаратының жерін осы кооперативке рәсімдеп беруді жоспарлап отырмыз.
Сонымен қатар өткен жылдың соңында трассаның арғы бетіне мал далаға шығатын бағытта 2 құдық соғылып, су соратын насосы мен астаулары алынды. Көктемде электр энергиясын тарту жұмыстарын атқаруымыз керек.
Одан бөлек Ақкүтір қыстағының тұрғындарының бірігуімен «Нәсу» кооперативі ашылып, өткен жылы 2 бас асыл тұқымды бұқа сатып алып, тұқымдық түрлендіру бағдарламасына қатысқаны үшін 340 мың тг. демеуқаржыға қол жеткізді. Биыл бұл коопертив төрағасымен Мойылды ауылы тұрғындарын кооператив құрамына кіргізу арқылы мал бағымын ұйымдастыру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз.
Сонымен қатар жыл соңында құрылған «Райса» кооперативін қой малын тұқымдық түрлендіруге бағыттауды жоспарлап отырмыз.
Тағы бір маңызды мәселе, бұл кооперативтерді жермен қамту. Өзіңізге белгілі, өткен жылдың соңында аудандық жер қатынастары бөлімімен бірлесе округ аумағынан конкурсқа жер учаскелерін дайындаған болатынбыз. Биыл көктем айларында өтетін конкурсқа осы коопертивтердің қатысуын бақылап, мүмкіндігінше жермен қамтамасыз етуге жұмыстанамыз.
Есепті жыл ішінде ауыл шаруашылығы саласына 84 млн. 245 мың теңге көлемінде инвестиция тартылды. Соның ішінде ауылшаруашылық техникаларына 62,3 млн. тг., электорндық бақташы, күн сәулелі батарея және құдық соғуға 10,5 млн.тг. және асыл тұқымды бұқа мен қошқар сатып алуға 11,3 млн.тг. тартылды.
«Иманғали-Құспан» шаруа қожалығы 35 га жерге судандық шөп егіп, 320 ц. өнім алды. Бүгінде 400 га жерін қоршап, көпжылдық шөп егуді жоспарлап отыр.
Сонымен қатар округке қарасты «Төлеген» шаруа қожалығы биылдан бастап 100-150 га. жерге көпжылдық шөп егуді жоспарлап отыр.
Округте тіркелген барлық үй жануарлары жоспарға сай ауруларға қарсы егілді. Жыл басынан 9700 бас МІҚ мен 14800 бас ұсақ мал бруцеллез ауруына зерттеліп, 13 ауладан ауруға шалдыққан 71 бас МІҚ малы түгелдей ет комбинатына тапсырылды. (өткен жылы 7 ауладан 15 бас). Ауру анықталған барлық аулалар бұқырланды.
Бірдейлендіру жұмыстары да қалыпты деңгейде жүргізіліп келеді.
Жыл басынан барлығы 2000 бас, соның ішінде 1400 басқа сырға салынса, 600 басқа эмиссия тәсілі арқылы МІҚ малына және 5000 бас қой мен ешкі малдары бірдейлендіруден өтіп, компьютерлік қорға енгізілді. Одан бөлек ірі қара төліне 1000 сырға жетіспеуіне байланысты, биыл сырғаланатын болады. Сонымен қатар жылқы малына 200 басқа чип салынса, 136 басқа эмиссия тәсілі арқылы салынды.
Сонымен қатар 142 жылқы малының иелеріне бірдейлендіру, жарық шағылыстырғыш лента байлау жөнінде арнайы хабарламалар таратылып, хабарламадағы талаптарды орындамаған 8 мал иесіне 6 мәрте акт толтырылып, аумақтық инспекцияға жолданды.
Баршамызға белгілі, тағы да бір өзекті мәселе күре жолда малдың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғасы. Округ аумағынан Орал – Атырау, Чапаев – Казталов және Чапаев – Жаңақала бағытындағы күре жолдар кесіп өтеді. Есепті кезеңде осы аумақтарда 20 дан астам малдың қатысуымен ЖКО болды. Адам шығыны болған жоқ. Бұның алдын алудың бірден-бір жол малды қараусыз қалдырмау немесе мал бағымын ұйымдастыру. Өткен жылы біз ауылдың шетінен бағымсыз малды қамауға арналған айыппұл тұрағының жерін рәсімдеп, иелікке алған болатынбыз. Қазіргі уақытта сенімгерлік басқаруға беру жұмыстары жүргізіліп жатыр, көктем айларында жұмысын бастайтын болады.
Жолдағы қауіпсіздікті алдын алу мақсатында әкімшілік тарапынан «Қазавтожол» мекемесіне жолдың қауіпті аймағын электрбақташымен қоршау жөнінде хат жолданған болатын. Мекеме тарапынан қолдау тауып, «Ерасыл» шаруа қожалығымен бірлесе 3,5 шақырым жер электрбақташымен қоршалды (1,3 млн.тг.).
ШАҒЫН КӘСІПКЕРЛІК САЛАСЫ
Ауылдық округте 7 заңды тұлға, 25 жеке кәсіпкер, 81 шаруа қожалығы жұмыс атқаруда.
Кәсіпкерлік саласында 190 адам еңбекпен қамтылып отыр. Олардың 180 – і ауыл шаруашылығында, 10–ы сауда саласында.
ХАЛЫҚТЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК САЛА
Жыл басынан тұрақты жұмыс орындарына жұмыссыздар есебінен 10 адам жұмысқа орналасты. Маусымдық жұмысқа 32 адам алынды.
2021 жылы ақылы қоғамдық жұмысқа 80 орын бөлініп, кезекпен 35 адам жұмысқа тартылды.
4 жас маман (Г.Нуралиева. Д.,Жолдыгалиева, С.Мұратша, А.Дошатова.) әр түрлі салаларда жастар тәжірибесінен өтті.
Шаруа қожалықтарына әлеуметтік жұмыс орындарына 8 адам орналасты.
Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында 2 отбасы (Утенова А.,Талғатов М.) қайтарымсыз грантқа қол жеткізді.
Сонымен қатар «Ерасыл» шаруа қожалығы «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорынан» 12,0 млн. теңге және ауыл тұрғыны К.Губашев 4,0 млн. теңге несие алып, мал шаруашылығымен айналысуда.
2021 жылға жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек 6 отбасына тағайындалып, 1 млн. 758 мың теңге көлемінде көмек алды. Осы қаражаттың 173,0 мың теңгеге көлемінде 2 отбасы мал сатып алды.
2021 жылы аудан әкімі жанындағы арнайы комиссияның шешімімен табиғи апат салдарынан өрт оқиасынан зардап шеккен 2 отбасыға (Е.Кустаубаев М.Мендигарина), 90 жастан асқан 3 қарияға (Н.Ихсанов, И.Есенова, К.Уразов.), бала жасынан мүгедек 6 балаға, онкологиялық ауруға шалдыққан 2 адамға, туберкулез ауруына шалдыққан 1 адамға және Семей полигонының мүгедегіне, барлығы 15 тұрғынға 758,0 мың тг. көлемінде біржолғы материалдық көмек берілді.
Округ бойынша 15 қарияға 3 әлеуметтік қызметкер әлеуметтік қызметтер көрсетуде.
Жергілікті әкімшіліктің ұйымдастыруымен І-топ мүгедегіне (Даулеткалиев М.) мал азығы түсіріліп, көмекке мұқтаж 7 отбасыға 50 % жеңілдікпен отын түсіріліп берілді.
Есепті кезеңде түрлі қайырымдылық шараларының аясында жалғызбасты, көпбалалы, көмекке мұқтаж отбасыларға жалпы көлемі 772,5 мың теңгенің қайырымдылық көмектер көрсетілді. Аталған қайырымдылық шараларға ауыл кәсіпкері Хамиев Төлеген, «Әсем», «Талғат», «Дөңгелек», «Тұқфатолла» және «Ералыс» шаруа қожалықтары жетекшілерінің қосқан үлестері көп.
Одан бөлек «Ерасыл» шаруа қожалығы жетекшісінің демеушілігімен мүмкіндігі шектеулі баласы бар отбасының үйіне ішкі әжетхана жүргізілді. Осы санатта тағы бір отбасына биыл жүргізу жоспарланып отыр.
Әкімшіліктің ұйымдастыруымен газбен жылыту маусымында қауіпсіздік шараларын алдын алу мақсатында 5 отбасына газталдауыш құрылғы алып, орнатылды.
Округте І-топта 1, ІІ-топта 14 және ІІІ-топта 28, барлығы 43 мүмкіндігі шектеулі ауылдасымыз бар. Округ бойынша 5 әлеуметтік қызметкерлер әртүрлі санаттағы адамдарға әлеуметтік көмектер көрсетіп келеді.
Есепті кезеңде «Дипломмен ауылға» бағдарламасы арқылы 3 жас маман үй сатып алды.
АУЫЗ СУ, ТАБИҒИ ГАЗ, ЖОЛ ЖӘНЕ ҒАЛАМТОР ЖЕЛІСІМЕН КАМТУ
Ауылдық округте Мерген ауылы таза ауыз сумен 100% (260 аула), табиғи газбен 93% (242 аула) қамтылған.
Мойылды ауылында – 41 аула табиғи газбен қамтылған. Қамту пайызы – 54%. Өткен жылы Мойылды ауылына «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 165,0 млн. теңгеге ауыз суы кіргізілді. Мердігер –«QAZconstruction» ЖШС. Бүгінде округтегі халықтың 94,3 пайызы таза ауыз сумен қамтылып отыр. Жолап ауылында тұрғындар ауыз суды жеке құдықтан алуда. Биыл су тазарту қондырғысын қою жоспарлануда.
Жол мәселесі бойынша аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі арқылы Мерген ауылына кіре-беріс жолын жөндеу жұмыстарына сметалық – құжаттамасы жасақталып, сараптамадан өтті, биыл қаражат бөлінген жағдайда 5 шқ. кіріп-шығатын жол жөндеуден өтетін болады.
Байланыс желісі мен интернетке келетін болсам, барлық елді мекенде де белайн, актив байланыстары жұмыс жасап тұр. Интернет Мойылды ауылында 3G жылдамдығымен, ал Мерген ауылында жаңа жыл қарсаңында белайн байланыс желісі арқылы 4G жылдамдығы іске қосылды.
БІЛІМ БЕРУ
Округте 1 орта, 1 мектеп жанындағы интертат, 1 негізгі мектеп, 1 мектеп жанындағы балалар шағын орталығы және 1 бала бақша жұмыс жасауда. Барлық мектептер мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты мен санитарлық нормаларға сай қызмет атқаруда.
Өткен 2020-2021 оқу жылында 10 оқушы мектеп бітірді. Соның ішінде 6 түлек ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысып, жинаған ортақ балл көрсеткіші-53-і құрап отыр. Сол түлектердің 5-і грант иегері атанып,1-уі ақылы негізде оқуға түсті. Қалған 4 түлек түрлі арнаулы оқу орындарына түсті.
Мектеп жанындағы интернатта 14 бала тәрбиеленуде.
Әлеуметтік қорғалмаған отбасылардың балалары толықтай және ақылы негізде 10 бала ыстық тамақпен қамтылған.
«Мектепке жол акциясы» аясында тамыз оқу құралдарымен киім-кешекпен аз қамтылған және көп балалы отбасыларының баларына барлығы 18 балаға 208,0 мың тг. көлемінде қайырымдылық көмектер көрсетілді.
Ауылдағы мектеп жасына дейінгі 70 балаға «Дөңгелек» ШҚ жетекшісінің демеушілігімен жаңа жылдық сыйлықтар таратылды.
ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ
Округте 1дәрігерлік амбулатория, 1 фельдшерлік пункт халыққа медициналық қызмет қөрсетуде. 319 тұрғын диспансерлік есепте тұр.
«Саламатты Қазақстан» бағдарламасы бойынша салауатты өмір салтын сақтау мақсатында кесте бойынша ауыл тұрғындарының 97%-ы скринингтік тексеруден өткізілді. Инфекциялық аурулардың алдын алу мақсатында профилактикалық жұмыстар өз деңгейінде жүргізіліп тұрады. Округ тұрғындары туберкулез, бруцеллез, онкологиялық ауруларына 100% тексерілді. 2021 жылы ана мен бала өлімі тіркелген жоқ. Есепті кезеңде 15 бала дүниеге келді. Диспанцерлік есепте тұрған аурулар және 5 жасқа дейінгі балалар тегін дәрі-дәрмекпен қамтылды.
Қауіпті КОВИД-19 дертіне ауылымыздың 20 тұрғыны шалдығып, 1 тұрғын қайтыс болды, қалғаны амбулаториялық жағдайда ем алып, жазылып шықты. Екпе алуға жататын 709 тұрғын болса, бүгінгі таңда соның 476-ы немесе 67 пайызы екпе алды. Сонымен қатар бүгінде тұрғындар екпенің үшінші компонентін алып жатыр.
МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ САЛАСЫ
Ауылдық округте 1 мәдениет үйі, 1 ауылдық клуб және 3 кітапхана бар.
Мектептерде 15 үйірмеде 179 бала спортпен айналысады. Мектеп оқушыларының арасында футбол, теннис, туризм, күрес, допты хоккей сайыстарынан жақсы жетістіктерге қол жеткізді.
Мектеп бітіргендеріне 25 жыл толуына орай 1982 жылғы туған азаматтардың бастамасымен, ауыл жастары асарлатып 1 млн теңге көлемінде қаржы жинап, спорттық алаңын қайта жөндеуден өткізіп, төсенішін жаңартып берді.
Балалардың бос уақытын тиімді өткізу, спортпен шұғылдануға жағдай жасау мақсатында футбол алаңы жанынан «Талғат» ШҚ жетекшісі Талғат Губашевтың демеушілігімен мұз айдыны құйылды.
Жыл басынан округ көлемінде мерекелік, мәдени, қайырымдылық, спорттық, акцияларды қоса есептегенде барлығы 57 іс – шара оздырылды. Ұйымдастырылған көпшілік шаралар Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай мерекеге орайластырылып өткізілді. Соның ірілеріне тоқталсам, 31 тамызда ауыл жастары арасында шағын футболдан жарыс, 10 қарашада аудан көркемөнерпаздарының ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік – мәңгілік елдің тұғыры» атты мерекелік концерт, осы тақырыпта 17 қарашада ауылдың өнерпаздары Мойылды елді мекенінде концерттік бағдарламамен болды және 15 желтоқсанда жастар, мекеме қызметкерлері және ауыл көшелерінің құрама командалары арасында волейболдан жарыс өткізілді.
ҚОҒАМДЫҚ ТӘРТІП
2020 жылдың 12 айында 10 қылмыс тіркеліп, 10-да ашылса, 2021 жылдың 12 айында 9 қылмыс тіркеліп, 9-ы да ашылды.
Есепті кезеңде учаскелік полиция инспекторы әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің талаптары бойынша барлығы 70 хаттама толтырып, 300 мың тг. айыппұл салса, соның барлығы да өндірілді. Соның 21-і үй жануарларын ұстау қағидасын бұзғаны үшін ӘҚБ Кодексінің 408-бабы бойынша толтырылды.
Тағы бір өзекті мәселе ол бұралқы иттерді жою. Баршамызға белгілі иттерді бұрынғыдай атуға тыйым салынды. Алайда, Мойылды ауылындағы тұрғындардың өтініші негізінде заңға қайшы келсе де учаскелік полиция инспекторымен бірлесе отырып, бұралқы иттерді жою жұмыстарын атқардық.
Өткен жылы учаскелік полиция инспекторы, полиция майоры Берік Қоспаев облыста үздік танылып, ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың алғыс хатымен және «Жылдың үздік учаскелік полиция инспекторы» төсбелгісімен марапатталды.
АБАТТАНДЫРУ ЖӘНЕ ТАЗАЛЫҚ МӘСЕЛЕСІ
Мерген ауылына мамыр айынан бастап, қазан айының бірінші жартысына дейін көше арықтарына техникалық су жіберілді. Ауылдағы 15 көшенің 10 – ына, яғни 174 аулаға арық арқылы техникалық су барып тұр. Қалғанына тарту тек тұрба арқылы жүргізгенде ғана мүмкіндік туады. Техникалық судың көмегімен 115 аулада жеміс ағаштары мен бау-бақша егуде. Қазіргі уақытта ауылдағы арық жүйесінің жерін рәсімдеу жұмыстары жүргізілуде.
Тазалық айлықтары аясында сенбіліктер ұйымдастырылып, ауылдың, күл-қоқыс төгетін орынның айналалары, тас жол бойы және Жайық өзенінің жағалаулары тазартылды.
«Жасыл ел» жасағы жасақталып, оған студенттер мен жастар қатарындағы 8 жасымыз қатысып, ауылдың тазалық және абаттандыру жұмыстарына тартылды.
Мерген ауылындағы 2, Мойылды ауылындағы 2 және Жолап ауылындағы 1 зираттардың жер телімдері рәсімделді. Өткен жылы тұрғындардың күшімен Мойылды ауылындағы мұсылман зираты қоршалды.
Мерген, Мойылды және Жолап ауылдарындағы мал молалары қайта қазылып, қоршалды.
Мерген және Мойылды ауылдарының аялдамаларына әжетхана орнатылды.
Әкім аппаратының теңгерімінде тұрған ветеринариялық пункт ғимаратын аукцион арқылы сатуға шығарып жатырмыз, алдағы уақытта кәсіпкерлік мақсатта пайдаланылатын болады.
Қысқы мезгілде ауыл көшелерін қардан тазалау мақсатында «Марлен» ШҚ жетекшісімен келісім шарт жасалып, қажеттілігіне қарай қардан аршу жұмыстары жүргізілуде.
Үш елді мекенде де көше жарығымен қамтылған. Барлығы 96 көше шамы жанып тұр. Есепті кезеңде 72 шам ауыстырылды. Қызмет көрсету үшін аудандық электр торабы мекемесімен арнайы келісім шарт жасалды.
Осымен баяндамам аяқталды.
Өткен есепті кездесуде көтерілген мәселелерге тоқталатын болсам.
Есепті кезеңде өткен жылғы 7 өзекті мәселенің 2-уі шешімін тапты, бірі Мерген ауылына сапалы интернет қосу болса, екіншісі мал молаларын жаңарту.
ОКРУГТЕГІ ЕҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР
Шешілген мәселелер: