Құрметті ауыл жұртшылығы!
Мемлекет басшысының барлық деңгейдегі әкімдердің халық алдындағы есеп беру кездесулерін өткізу жөніндегі Жарлығына сәйкес жыл басында өздеріңізбен кездесіп, ауылда атқарылған жұмыстарды, алдағы маңызды деген бірқатар міндеттерді сіздердің назарларыңызға ұсынамын.
Өздеріңізге белгілі, әр өңірдің экономикалық даму басымдықтары Қазақстан Республикасы Президентінің дәстүрлі Жолдауларында қойылған міндеттер мен қабылданған бағдарламаларға сай айқындалады.
Осындай басшылық құжаттардың мақсаты еліміздің кедергілерге кідірмей, дамыған 30 елдің қатарына қосылу болса, біздің ауыл үшін де өсу, өркендеу кезеңі болып қалмақшы.
2021 жылдың 13-25 қаңтар аралығында және 8 ақпанда Ақжайық ауданы әкімінің тұрғындармен есепті кездесулерінде айтылған ұсыныстар мен ескертпелерді іске асыру жөніндегі іс-шаралардың орындалуы туралы. Хабарлама. (Слайд)
Алмалы ауылдық округі бойынша барлығы 408 аула бар. Алмалыда – 298, Атамекенде – 110. Жалпы халық саны – 1963. Алмалыда – 1392, Атамекенде – 571 адам.
Қаржы және экономика саласы бойынша
2021 жыл ішінде ауылдық округтің әлеуметтік - экономикалық дамуының негізі болып табылатын қаржы көлемі 41млн 371,0 мың теңгені құрады. Жұмсалғаны 41 млн 369,0 мың теңге.
2021 жылдың 12 ай ішіндегі шығыс бөлігі 99,9 пайызға игерілді. Жергілікті салық түсімдерінің жоспары 3 млн 765,0 мың теңге, орындалғаны 4 млн 335,6 мың теңге. Оның ішінде табыс салығы 1 млн 342,1 теңге, мүлік салығы 69,0 мың, жер салығы 44,0 мың, көлік құралдарына салынатын салық 2 млн 770,8 жалға беруден алынатын салық 109,7 мың теңге.
Халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау
Қазіргі таңда мүмкіндігі шектеулі жандар саны – 66, соны ішінде
1 топта-4 адам, 2 топта-18 адам, 3 топта-38, бала мүгедек – 6. Әлеуметтік қамқорлықта 2-бала және 1 - 18 жастан асқан психоневрологиялық ауытқуы бар ІІ топ мүгедегі. Сонымен бірге 2 қария әлеуметтік қамқорлықта. 2021 жылы Округ бойынша мемлекеттік жаңа форматтағы Атаулы әлеуметтік көмек алушы 17 отбасы, 94 адамға
5,969 052 тенге көлемінде жәрдемақысы төленді. Соның ішінде Атамекен бойынша 6 отбасы 31 адам қамтылып отыр.Жаңа жұмыс орындары 77. Соның ішінде тұрақты жұмыс орны 24, оның ішінде 11 грант иегері, 1 кредит алушы, 12 жаңадан ашылған жеке кәсіпкер мен шаруа қожалық жұмыс орындары. 57 уақытша жұмыс орындары ұйымдастырылды: оның ішінде 13 әлеуметтік жұмыс орны, 3 жастар тәжірибесі, соның ішінде Алмалыда 36 адам, Атамекенде 21 адам ақылы қоғамдық жұмысқа алынды.
4 адам инвестициялық жоба бойынша жұмысқа алынды.
Жыл сайын өткізіліп отыратын қайырымдылық іс-шаралар үнемі назарда. «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы аясында барлығы 51 оқушыға 150 мың теңге көлемінде көмек көрсетілді. Сонымен қатар 20 отбасыға азық-түлік, 15 отбасыға тегін және жеңілдетілген бағамен отын ағашы түсірілді. «Салтанат» шаруа қожалығының төрағасы С.Масалимов Жаңаөзен қаласының тұрғындарына Камаз автокөлігімен тегін руллон шөп жөнелтіп көмек берді. Ауылдық округтегі мекемелердің демеушілігімен 3 зейнеткер қарияға, 2 мүмкіндігі шектеулі жанды және 5 көпбалалы отбасыға «Жайық таңы» газетіне жазылуға ұйымдастырылды. Кәсіпкер Мурзабаева Гулдана 5 отбасын, «Ахмед-Али» шаруа қожалығы 5 отбасын, «Салтанат» шаруа қожалығы 10 отбасын, «Луч» шаруа қожалығы 5 отбасын «Орал өңірі» газетіне, Атамекен ауылының тұрғыны Төлеуов Әділбек 10 отбасын «Егемен Қазақстан» газетіне жазуға демеушілік жасады. Округте 11 адам грантқа қол жеткізді. Оның ішінде 6 адам қой шаруашылығы, 1- еуі ірі қара өсіру, 1–еуі құс шаруашылығы,
1-шаштараз, 1 тігін цехы, 1-маникюр. Қайырымдылық шараларын халық арасында кеңінен ұйымдастыру мақсатында ауылымыздағы дүкендеріне «Мейірімділік сөресі» қойылып, оған жиналған азық-түлік аз қамтылған және көп балалы отбасыларға үлестірілді.
Ауыл шаруашылығы мен шағын кәсіпкерлік саласы.
Мемлекетіміздің қарқынды дамуы еліміздің аграрлық секторға байланысты. Сондықтан осы саланы дамытып, қарқынын арттыруға мемлекет тарапынан мән берілуде.
Жеке тұрғындардың малдарын асылдандыру бағытында бұқа алу жоспары 28 бас болса бүгінгі күнге 55 бас бұқа алынып, бұқа алу 196 пайызға орындалып отыр. Қошқар алу жоспары -28 бас болса, қазіргі кезде 48 бас қошқар алынып отыр. Жоспар 171 пайызға орындалды. Ауылшаруашылығын дамыту мақсатында шаруа қожалықтар «Житняк» АӨК 78 мың теңгеге Электропастухтың блокпитаниясы, 100 мың теңгеге матор алды. «Бірлік» ш\қ-7,1 млн теңгеге МТЗ тракторын,
«Данияр» ш\қ –«Электропастух» 127000 мың теңгеге, Пресс-подборщик руллонный – 3 млн 350 мың теңгеге сатып алса, «Беларусь-82» тракторын 8 млн 300 мың теңгеге лизингке алды. «Мұрат» ш\қ 1 млн 150 мың теңгеге Кашель сатып алды. «Б-Абылай» ш\қ – «Беларусь-82.1» тракторын 8 млн 810 мың теңгеге өз қаражатына сатып алса, Плуг навесной «ПЛН 3-35» -640 мың теңгеге сатып алды. «Арай» ш\қ Трактор «МТЗ-92» 8 млн 300 мың теңгеге, аспалы Кун 038 980 мың теңге, Косилка екібрусты КТУ-4, Грабля-4,2 -570 мың теңгеге алды. Инвестициялық жобалардың барлық құны – 39 млн 505 мың теңге. Округіміздегі ауылшаруашылығы өндірісі коперативитері
«Алмалы - 2017» 6 бас бұқаға 900 мың, «Атамекен» - 1 млн 390 мың көлемінде субсидияға қол жеткізді. Атамекен ауылында айыппұл тұрағы ашылды. Жер актісі жасақталып құзырлы органдарға тіркелді.
Мемлекет саясатының басты бағыттарының бірі ауыл тұрғындарының әл- ауқатын арттыру.
Округ бойынша ауыл аймағындағы мал саны:
ірі қара мал саны- 4917, с.і.Алмалы-3812, Атамекенде-791;
жылқы – 1960, с.і. Алмалыда-1688, Атамекенде-272;
қой, ешкі – 14434, с.і. Алмалыда-11301, Атамекенде-3133;
түйе-5;
құстар- 940\471 тауық құрап отыр.
2021 жылдың қорытындысы бойынша Профилактикалық
іс-шаралар жоспары жасақталды. Серологиялық тексерістен өткен 6000 бас мүйізді ірі қара малының 3 басы оң нәтиже көрсетіп бруцеллез ауруы анықталды. Малдар түгелдей жойылып, ет комбинатына тапсырылды. 14500 бас ұсақ мал бруцеллез ауруына тексеріліп, 53 бас оң нәтиже көрсетіп түгелдей жойылды. Биылғы 1000 бас МІҚ төліне сырға салынды. 3500 бас ұсақ малға, 300 бас жылқы малына таңба, 60 бас жылқы малына чип салынды. Компьютерлік базаға барлығы енгізілді. 20 бас ит, 3 бас мысық залалсыздандырудан өтті. ИСЖ базасына вакцинациялаудан өткен малдар толықтай енгізілді.
Бау-бақша егу жұмыстарындағы жоспар 519,1га болса,
орындалуы – 519,1га бау – бақша егілді. Соның ішінде картоп - 7,5 га, алынған өнім – 113,99 тонна, көкөністер – 66,5 га алынған өнім – 1021, 1 тонна, қарбыз – 329га, қауын – 125,1 га. Алынған өнім – 1021,1 тонна.
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін жалға беру бойынша 2 мәрте конкурс өткізіліп 3 шаруа қожалығына 1030 га жер учаскесі берілді. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі
«ПАРЫЗ-2021» республикалық конкурсына қатысқаны үшін «Салтанат» және «Балауса» шаруа қожалықтары Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі С.Шәпкеновтың «Алғыс хатымен» марапатталды. «Ахмед-Али» шаруа қожалығының мүшесі Масалимов Аманжол ауылымыздағы көпбалалы және жағдайы төмен 8 отбасының үйіне тегін түрде Газ құбырын жүргізіп беруге көмектесті. Биылғы жылы А.Масалимов «Жомарт жүрек» премиясына ие болып, Аудан әкімінің атынан «Алғыс хатпен» марапатталды.
Шағын кәсіпкерлікті дамыту
Ауыл аймағында шаруа қожалықтар-65, кәсіпкерлер-17. Экономиканың осы саласында барлығы 155 адам жұмыспен қамтылып отыр. Округ бойынша 2 тойхана, 12 азық-түлік және киім-кешек дүкені, 2 тамақтану нысаны, 1 шаштараз жұмыс істейді.
Болашақта өз кәсібін ашқысы келетін ауыл аймақтан асхана, жанар-жағар май бекетін және асыл тұқымды мал басын ұстап, шаруашылығын дамытуға ниет білдіріп, аукцион арқылы жер телімін алып, жер учаскесін конкурс арқылы алуға ниет білдірушілер бар.Кәсіпкерлік саласында тек дүкен немесе ауыл шаруашылығы құрылымдарын ашумен шектелмеу керек, оны әрі қарай дамытып, ілгерілету мақсатында кәсіпті түрлендіру қажет-ақ. 2021 жылы «Алихан» ЖК құрылып мал алу бағытында 4 млн теңге несие алды.
Білім беру саласы
Ауылдық округте 2 жалпы орта білім беретін мектеп бар. Онда 342 оқушы білім алуда. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар (инклюзив) -4 оқушы, үйден оқитын оқушылар саны – 1, мүгедектігі бар оқушы – 2. Барлығы 65 ұстаз білім мен тәрбие беруде. Олардың 57 жоғары білімді ұстаздар. Оның ішінде Педагог сарапшы – 16, педагог –зерттеуші – 7, педагог-модератор – 22. Мектептер газ және таза су жүйелеріне қосылған. Ыстық тамақпен қамтылған жалпы оқушы саны 181. «Балапан» бағдарламасы аясында 2 мектеп жанындағы балалар шағын орталығы жұмыс жасауда. Шағын орталықта 84 бала тәрбиеленуде. Алмалыда-50.Атамекенде-34.
Өткен оқу жылында орта мектеп бітірген түлек саны –26.
Ұлттық бірыңғай тестілеуге 22 түлек қатысты. Мектеп бітірген 19 түлек жоғары оқу орнында, 6 түлек колледждерде білімдерін жалғастыруда. 11 түлек грант иегері атанды. Білім сапасы 57,9 пайыз.
11 сынып бітірген 3 оқушы «Алтын белгі» иегері атанса, 9 сыныпты тәмамдаған 5 оқушы «Үздік аттестат» иегері атанды.
Тәрбие саласында атқарылатын жұмыстар жоспары жыл басында жасақталып, құзырлы орган басшыларының қолымен бекітілді. Жыл бойы мектепте «Сұлтан» ер балалар кеңесі, «Сән мен сымбат» қыз балалар кеңесі, «Адал ұрпақ» еріктілер клубы жұмыс жасады. Қыз баланың қоғамның белсенді мүшесі екенін ұғынуға, адал, тәрбиелі, мәдениетті, қоғамда қазақ қыздарының орнын айқындау, адамгершілікке тәрбиелеу мақсатында ашылған «Сән мен сымбат» қыздар клубы бірнеше жылдан бері өз жұмысын жүргізіп келеді.
Денсаулық сақтау саласы
Округте 1 дәрігерлік амбулатория, 1 медициналық пункт халыққа қызмет көрсетуде. Онда 1 жоғары білімді, 5 орта буынды дәрігер мамандары жұмыс жасайды.
«Саламатты Қазақстан» бағдарламасы бойынша тұрғындар арасында негізгі әлеуметтік ауруларды ерте анықтауға арналған тегін скрининг – зерттеулерден 700 адам өтті. Туберкулезбен ауыратындар- 4 адам, Екпеден бас тартқан отбасы тіркелген жоқ. «Ковид-19» вирусына байланысты 18-65 жас аралығында халық саны 1056. 1 компонент бойынша вакцина алғандар саны – 538 адам. 50.9 пайыз.2 компонент бойынша вакцина алғандар-450 адам (42.6%). ревакцинация қантар айынан 167 адам алу керек болса.бүгінгі күні алған 111 адам. Яғни 66.5 процент.файзер 1 компонент алған -12 адам.
2021 жылы туылған сәбилер саны - 41, олар уақытымен азаматтық тіркеуге алынып, тиісті жәрдемақылар берілуде. Сәби өлімі жоқ.
Мәдениет, кітапхана және спорт саласы
Ауылдық округте 1 мәдениет үйі, 2 кітапхана және 1 ауылдық клуб халыққа мәдени қызмет көрсетуде. Онда мәдени–ән, би, драма үйірмелері «Інжу Маржан» және «Атамекен» әжелер ансамблі жұмыс істейді.
2021 жылы тамыз айында аудандық «Қара өлең» айту челленджіне «Інжу-маржан» әжелер ансамблінің мүшесі Тасжанова Сәнім апай белсене қатысты. «Ел қариясы-ел қазынасы» атты аудандық қариялар байқауына қатысып «Ұлтын ұлықтаған» аталымымен марапатталды. Биылғы жылы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерекесі округімізде көптеген мәдени – іс-шаралармен аталып өтті. «Нұр Отан» бастауыш партия ұйымдары арасында өткен «Бастауыш-партия негізі» айлығы аясында «Жақсылық жасаудан жалықпа!» атты қайырымдылық концерті өтті. Одан түскен қаржыға көпбалалы
1 отбасына азық-тұлікпен көмек көрсетілді.
Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында мектеп бітіргендеріне 30 жыл толған түлектер яғни 1974 жылы туылғандар ауыл әкімшілігінің алдына жаңадан қоршау, спорт алаңына және ескерткіш жанына орындықтар орнатып берді. Сонымен қатар мектеп бітіргендеріне 35 жыл болған 1969 жылғы түлектер Жастар саябағына демалатын арнайы орын жасақтап берді. 1981 жылы туған ауыл азаматтары Мұсылмандар зиратына жаңадан қақпа салуға көмектесті. Атамекен ауылындағы спорттық алаң құрылысын БҚО Орал қаласы УСТС ЖШС мердігері салып, оған жоба құны 9 333.6 мың тенге жұмсалып пайдалануға берілді, соңынан шағын футболдан мекеме аралық жарыс ұйымдастырылды. Жеңімпаз командалар арнайы кубок, медальдармен және сыйлықтармен марапатталды. Атамекен ауылында бұдан бұрын салынған спорт алаңына ауыл жастарының көмегімен электр бағанасы орнатылып жарық тартылды. Атырау-Орал тас жолы бойында Ауылшаруашылық өнімдерін сататын алаңдар Алмалы, Атамекен ауылдарында ашылды. Оған 640 мың тенге қаржы жұмсалды.
Мәдениет үйінде және мектебімізде түрлі спорттық – мәдени сайыстар, шаралар өтеді. Тұрғындар мен еңбек ұжымдары, жастарды көптеп қатыстыру, бұқаралық дене шынықтыру және спорт бойынша түрлі жарыстар ұйымдастыру мақсатында Ауылымызда көптеген спорттық ойындар ұйымдастырылуда. Ауылымызда Волейбол ойыны жақсы жолға қойылған. Волейбол командасы аудандық, аймақтық жарыстардан жүлделі орындарға ие болып келеді. Волейбол командасының мүшелері Тілекқабылов Абзал, Ишанов Ахмедир, Сатқанов Жігер облыстың құрама командасында өнер көрсетіп жүр. Жігіттеріміз желтоқсан айында Базаршолан ауылында өткізілген аудандық ашық біріншілікте жұлделі І орынға ие болды. Сонымен қатар осы қаңтар айында ауыл жастарының қолдауымен, ауыл әкімшілігінің бастамасымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Волейболдан ерлер арасында аудандық ашық біріншілік өткізілді. қорытындысында Алмалы командасы І орынды иеленді. Алмалы ауылдық моделді кітапханасында 19284 мың кітап қоры сақталған. Оқырмандар саны – 957. Республикалық «Бір ел-бір кітап» акциясы аясында Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі коммуналдық мемлекеттік мекемесі ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ұйымдастырылған «Кітап оқып 30 жылдықты атап өт» атты онлайн байқауында оқырманымыз Наурызғали Жаннұр ІІ орын иеленіп Дипломмен марапатталды. Ауылдық кітапханамызда Ы.Алтынсаринның 180 жылдығына арналған «Ұлттың ұлы ұстазы» атты әдеби – сазды кеш ұйымдастырылды. Қ.Аманжоловтың 110 жылдығына орай «Қасымның әні-ғасырдың әні» кеші, Құрманғазы Сағырбайұлына 215 жыл толуына орай «Күй атасы-Құрманғазы» тақырыбында іс –шара мектеп оқушыларымен өткізілді. Хамза Есенжанов атындағы облыстық Волгоград жасөспірімдер кітапханасы ұйымдастырған орыстың ұлы жазушысы В.И.Дальдің 220 жылдығына онлайн фестиваліне қатысқан Меңдіғали Нұрдана Дипломмен марапатталды. Ауыл аймағында тіркелген діни бірлестіктер жоқ. Қоғамдық- саяси жағдай тұрақты.
Округ бойынша көктемгі әскерге шақыру маусымына 21 азамат шақырылып, 13-іне ЖОО-да оқитындығы туралы анықтама тапсырылды, 4-еуі облыстық медициналық комиссиядан өтіп, 2-еуі әскер қатарына жөнелтілді, 1-еуі жоғары техникалық мектепті (ВТШ) аяқтады, 1-еуі денсаулық жағдайына байланысты шақырудан босатылды, 2-еуі қоныс аударуына байланысты есептен шығарылды.
2021 жылғы күзгі әскерге шақыру маусымына барлығы 12 азамат шақырылып, 8-іне оқитындығы туралы анықтама тапсырылды, 2-еуі аудандық медициналық комиссиядан өтіп 27 жасқа толуына орай әскери билеттерін алды, 1-еуі әскер қатарына жөнелтіліп, 1-еуі бас бостандығынан айырылу жазасына байланысты есепке қойылды. Аудандық қорғаныс істері бөліміне әскерге шақырылушыларды тіркеу бойынша 2021 жылы 2004 жылы туылған 20 ер балалар толықтай әскери есепке алынды.
Ауыз сумен және табиғи газбен қамту, Жол қатынасы, телефон байланысы, электр жарығын жеткізу және тазалық мәселесі
Ауылымыз газ құбырымен қамтылған. Округте жалпы 310 үйге газ тартылған. Округ бойынша 52 көше шамы жарық беріп тұр. Таза су 2021 жылы 5 үй кіргізді. Жыл сайын таза су тұтынушылар саны артып келеді. Былтыр техникалық су жіберу жұмыстарында біраз қиыншылықтар туындады. Оны тұрғындар біледі. Биыл көктем мезгілінде уақытында беріледі. Оған дайындық жұмыстары жүргізілуде.
«Тазалық акциясы» аясында көктем, жаз, күз айларында әр сенбі күні сенбіліктер ұйымдастырылып отырды. Қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру бағытында Алмалы ауылындағы екі көше бойына 3 дана қоқыс жәшігі орнатылды. Ауыл ішілік қоқыстар, ескі иесіз ғимарат орындары тазартылып арнайы белгіленген орынға тасымалданды. Атамекен ауылына Орал қаласынан арнайы техника алдырып, 470 тонна көлемінде көң-қоқыс шығарылды.
Алмалы, Атамекен ауылдарындағы мұсылмандар және христиан зираттарының жер актісі жасақталды. Ауылішілік техникалық судың жер актісі рәсімделді.Атамекен ауылында айыппұл тұрағының жері анықталып генпланга енгізілді.Нысанды рәсімдеуге құжаттары тапсырылды.
Сонымен бірге мемлекеттік қызметтерді «Егов» порталы арқылы керек құжаттарды электронды түрде алу үшін арнайы кабинет жасақталып, терминал орнатылды.
Атамекен ауылына жарықтандыру жұмыстары бойынша 9 жарықтандырғыш фонарь, 18 лампа жаңартылып орнатылды. Әлеуметтік нысандардағы жылу қазандықтары уақытында ауыстырылып, жылу жүйесі толықтай жұмыс жасап тұр. Алмалы ауылына жасөспірімдерге арналған шағын мұз айдыны соғылды. Атамекен ауылының жастарының ұйымдастыруымен жаңадан салынған Спорттық алаңға электр бағаналары орнатылып, жарық жүргізілді. 2021 жылы ауылымыздың студент жастарынан жасақталған «Жасыл ел» жасақтары жұмыс жасады.
Арыз – шағымдармен жұмыс
Тұрғындарға мемлекеттік қөрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру мен азаматтардың мемлекеттік органдардың қызметіне сенімін арттыру маңызды қызмет.
Есепті жыл ішінде азаматтардан келіп түскен өтініштер мен ұсыныстарға баса назар аударылуда. Ауылдық округ әкімінің атына жеке тұлғалардан 7 өтініш түсті (4 өтініш, 3 жеке қабылдау).
Қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылық туралы.
Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет/ «Ақжайық-Адалдық алаңы» жобасы аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, соның ішінде мемлекеттік мекемелер өз саласына қатысты қызметті атқару кезінде сыбайлас жемқорлыққа жол бермей, адалдық, ашықтық, парасаттылық принциптерін сақтау арқылы халықтың мемлекетке деген сенімін арттыруымыз қажет. Осы мақсатта өткен жылдың қыркүйек-желтоқсан айларында «Пара беру де, алу да-күнә» тақырыбында жемқорлыққа қарсы акция ұйымдастырылды. Желтоқсан айында «Ашық есік» күні, «Парасаттылық» тақырыбында дәріс өткізілді. Кездесу барысында жемқорлық, оның алдын алу мен болдырмау салдары және жемқорлықтың шығу негіздері жайлы түсініктер беріліп, ой пікірлер айтылды.
Тыңдағандарыңызға рахмет!