Мемлекеттің жаңа саяси бағыты, 2022 жылдың басында қалыптасқан жағдайға байланысты шешілуін күтіп тұрған әлеуметтік-экономикалық мәселелер ауыл округтің әкіміне, әкімнің аппаратына үлкен міндеттер жүктейді. Жұмыссыз азаматтарды жұмысқа тарту, қайта оқытып, кәсіби даярлықтан өткізу, кәсіпкерлікті дамыту, жас мамандарды қызметтік пәтерлермен қамтамасыз ету, тұрғындарға көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыру, елімізде жүргізіліп жатқан реформалар туралы тұрғындарды хабардар ету, атқарушы органдардың халық алдындағы жауапкершілігін арттыру-ауылдық округ әкімі аппаратының қызметіндегі басты міндет.
Қаржы және экономика саласы, «Дипломмен ауылға» бағдарламасы
Ауылдық округтің әлеуметтік - экономикалық дамуының негізі болып табылатын жылдық бюджеттің көлемі 2021 жылы 119067 мың теңгені құрады.
2021 жылдың бюджеттің шығыс бөлігі 118820 мың теңгеге игеріліп, 99,8 %-ке орындалды.
Атқарылған жұмыстар нәтижесінде жыл басынан бері жергілікті бюджетке түскен салық 9587 мың теңгені құрады, берілген жоспардағы 8354 мың теңгемен салыстырғанда түсімдер 14,8 пайызға өсті. Соның ішінде мүлік салығы 158,4 мың теңге, жер салығы 100,5 мың теңге, жеке және заңды тұлғалардан түскен транспорт салығы 8878 мың теңге, көлік салығының орындалуы-116 %.
«Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша ауылға келген 4 жас маманға 1166,8 мың теңге көтермеақы берілді, 3 жас маман 12270,3 мың теңге несие алып, жеңілдікпен тұрғын үй сатып алды.
Ауыл шаруашылығы мен шағын кәсіпкерлік саласы
Ауыл шаруашылығында да нәтижелі істер мен өзгерістер жалғасын тапты. Ауылдық округ тұрғындары мал басын көбейтіп, бақша өсіріп, аудан экономикасына өз үлестерін қосуда. Мүйізді ірі қара басы 2020 жылмен салыстырғанда 13,5%-ке, қой-ешкі басы 4,1%-ке,
жылқы 26,5%-ке, түйе 15,3%-ке өсті.
2022 жылдың 1 қаңтарына ірі қара малы 7803, қой мен ешкі 19636, жылқы 3897, түйе 98 басты құрады.
2021 жылы ауылдық округтің ветеринарлық қызметі көптеген жұмыстар атқарды. Жыл бойы малдарды бірдейлендіру жұмыстары жүргізілді, бірдейлендіру базасына 8000 қой-ешкі, 1500 мүйізді ірі қара енгізілді, 348 жылқы таңбаланды, 92 бас жылқыға чип қойылды.
Тұрғындардың 8100 бас мүйізді ірі қара, 22800 бас қой-ешкісі бруцеллез ауруына тексеріліп, бруцеллезге шалдыққан 33 бас мүйізді ірі қара, 198 бас қой-ешкі арнайы сою орындарына уақтылы тапсырылды.
2021 жылы 66,5 га алқапқа картоп, көкөніс және бақша дақылдары егілді.
2021 жылы 1513 тонна ет өндірілді, 2020 жылмен салыстырғанда (1330 тонна) ет өндіру 13,8 пайызға өсті. 2021 жылы шаруа қожалықтары 228 т картоп, 302 т көкөніс, 825 т бақша өнімдерін өндірді. 2020 жылмен салыстырғанда алынған көкөніс өнімдері 20%-ке, бақша өнімдерін өндіру 95%-ке өсті.
Жаз және күз айлары бойы ауылшаруашылығы жәрмеңкелері өткізіліп, тұрғындарға 450 кг сиыр еті, 670 кг қой еті сатуға шығарылды, 21 тонна бау-бақша өнімдері және шұбат, сүт, қаймақ, жұмыртқа, құрт, балық сатылды.
Ауылдық округте 2021 жылдың басынан бері 26 жеке кәсіпкер,
2 ЖШС, 2 АӨК тіркеліп, олардың жалпы саны 169 болды. Кәсіпкерлік субъектілердің 96-сы жеке кәсіпкерлер, 59-ы шаруа қожалығы, 3-і ауылшаруашылық өндірістік кооперативі және 11-і жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
Қазіргі кезде малшылар жұмысын жеңілдету үшін барлық жағдай жасалып жатыр. Қызмет көрсету құрылғылары жетілдіріліп, жаңартылу үстінде. Олар уақыт өткен сайын жаңарып, соңғы үлгідегі құрылғылар жұмыс барысында тез әрі сапалы қызмет көрсетуіне байланысты сұраныс та артуда. 2021 жылы Тайпақ ауылдық округінің "Аgro Industrial Complex" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 280 мың теңгеге 2 дана JPS құрылғыcын сатып алды, бұл құрылғының жылқы малының жайылу орнын тез анықтауға орасан көмегі бар. 2021 жылы Сүйірқұмақ қыстағында "Айберген" шаруа қожалығының аумағынан 1200 мың теңгеге жер асты суының скважиналық құдығы қазылып, тұрғындар малы бағылатын қыстақтарда мал суару мәселесі шешілді.
2021 жылы Тайпақ ауылдық округінің шаруа қожалықтары
46585 мың теңгенің трактор, шөп тайлағыш, шалғы, тырнауыш техникаларын алды, Б.Уакиеваның, Н.Бисеновтың, Е.Жарылгасов пен Е.Шененовтың шаруа қожалықтары лизингке техника алды. Асыл тұқымды малдарды сатып алу бойынша 73810 мың теңге инвестициялық субсидия алды. Тұрмысы төмен 9 отбасы 5250 мың теңге қайтарымсыз қаржы алды, 8 жеке кәсіпкер 31 мил-лион теңге несие алды.
2021 жылы жеке кәсіпкерлер А.Мақсотованың «Мақсотова» жеке кәсі-порны, Б.Төреғалиеваның жарнама агенттігі, С.Бақтыгерейдің шаштаразы, Н.Темірғалиеваның "Жасмин" трикотаж бұйымдарын сататын дүкені, Шабдаржап ауылында Д.Бисенгалиевтің "Дастан" жеке кәсіпорны ашылды
Кәсіпкерлік саласында 447 адам жұмыспен қамтылуда. Олардың
205-і ауыл шаруашылығы, 6–ы көлік тасымалы, 1–і байланыс,
1-і жарнама саласы, 187-і сауда, ал 47–сі қызмет көрсету саласында еңбек етуде.
Халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау
Жыл басынан бері мекемелер мен барлық меншік түріндегі кәсіпорындарға 181 адам жұмысқа орналасты, кәсіпкерлік сала бойынша 26 адам жаңадан тіркелді. 2020 жылмен салыстырғанда жаңа жұмыс орындарын ашу 44 пайызға өсті.
2021 жылы ақылы қоғамдық жұмысқа 300 орын бөлініп, кезек бойынша 152 адам қоғамдық жұмысқа тартылды. Есепті мерзімде 8 жас маман «Жастар практикасы» бағдарламасы бойынша тәжірибеден өтті.
Марат Табылдиевтің "Айдана", Меңдібек Ғабдуллиннің "Айберген", Болат Ғабдуалиевтің "Сахи" шаруа қожалықтары 17 әлеуметтік жұмыс орнын ашып, тұрмысы төмен отбасы мүшелері қатарынан жұмыссыздар жұмыспен қамтылды.
2021 жылы 24 отбасыға (118 адам) 6289 мың теңге мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек, сонымен қатар 3 отбасыға 211 мың теңге тұрғын үй көмегі берілді. 62 отбасыға аудан әкімі жанындағы арнайы комиссияның шешімі бойынша 2827 мың теңге көлемінде материалдық көмек берілді.
Жыл бойы мекемелер мен ұйымдар, жеке кәсіпкерлер тарапынан 182 отбасыға 3109 мың теңгенің қайырымдылық көмегі көрсетілді. Кәсіпкерлер Еркебұлан Әжікенов және Есенаман Жарылғасов, Нұртай Сахипов өз қаражаты есебінен 50 зейнеткерді және мүмкіндігі шектеулі азаматтарды "Жайық таңы" мен "Егемен Қазақстан" газеттеріне 6 ай мерзімге жаздырды.
Осы қысқы маусымда 4 аз қамтылған отбасына тегін, 13 отбасына 50% жеңілдікпен 205 мың теңгенің отыны түсірілді. Ауған соғысының
2 ардагеріне және 7 зейнеткер қарияға газанализаторлар тегін берілді, 10 тұрмысы төмен отбасының газанализаторын қосып беру 55 мың теңгенің қызметі тегін атқарылды.
2021 жылы 1 жұмыссыз кәсіби даярлау курсынан өтті, қайта мамандық алып, тұрақты жұмысқа орналасты.
Биылғы жылы Тайпақ ауылдық округінің әлеуметтік сала қызметкерлері мүмкіндігі шектеулі жандарды әлеуметтік ортаға енгізу, әлеуметтік қатынастың жалпы жүйесіне және олардың өз жағдайына қарай білім алу ортасына әлеуметтік бейімделуін қалыптастыру бағытында көптеген іс-шаралар ұйымдастырды. Округтегі 9 әлеуметтік қызметкер 27 жалғыз басты қарияға және бала жасынан мүгедек 9 адамға қызмет көрсетуде. Әлеуметтік қызметкерлер психологиялық-педагогикалық кеңес беру есебінде тұрған 19 баланың ерекшеліктері мен мүмкіндіктеріне қарай іс-шараларға қатысуын, олардың ішінде тұрмысы төмен отбасылардың балаларының аталған іс-шараларға қатысуына демеушілік көрсетуді үнемі ұйымдастырып отырады.
Білім беру саласы
Жыл сайын мектептерде ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп отырылады.
Ауылдық округте 1 кәсіптік колледж, 4 орта, 1 негізгі мектеп, 3 мектеп жанындағы балалар шағын орталығы және 2 балабақша жұмыс жасауда. Шағын орталықтарда 79, балабақшаларда 165 бүлдіршін, мектепалды топтарында 83 бала тәрбиеленуде.
2021-2022 оқу жылындағы оқушы саны 952-ні құрады.
178 мұғалім оқушыларға білім мен тәрбие беруде. Олардың 153 - і жоғары, 25 - і арнаулы орта білімді.
Өткен оқу жылында 59 бала мектепті аяқтады. Мектеп бітірген түлектердің 49-ы ҰБТ-ға барды, орташа балл-65,14, грантқа оқуға түскендер саны-40.
2021 жылы жеке кәсіпкер Р.Шененов "Мектепке жол" акциясы барысында Шабдаржап ауылындағы Хиуаз Доспанова атындағы ОЖББ мектептің оқушыларына 100 мың теңгенің оқу құралдарын алып берді.
Денсаулық сақтау саласы
Округте 1 аурухана, 2 медициналық пункт халыққа қызмет етуде. Онда 12 дәрігер мен 51,5 орта буынды медицина мамандары жұмыс жасайды.
«Саламатты Қазақстан» бағдарламасы бойынша тұрғындар арасында негізгі әлеуметтік ауруларды ерте анықтауға арналған тегін скрининг – зерттеулерден және флюрографиялық тексерулерден 2021 жылы барлығы 2652 адам өтіп, тұрғындардың денсаулығын тексеру скринингі 100 пайызға орындалып отыр.
Есепті кезеңде 100 сәби өмірге келіп, 29 адам дүниеден озды.
2021 жылы тұрғындар арасында коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу мақсатында Қазақстан Республикасы және Батыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлерінің қолданыстағы қаулыларының талаптарын сақтау бойынша объектілерде күндізгі және түнгі уақытта мониторинг жүргізу жөніндегі мониторингтік топтардың жұмысы ұйымдастырылды, коронавирусқа қарсы екпені 1904 тұрғын алды.
Мәдениет және спорт саласы
Ауылдық округте 1 мәдениет үйі, 3 кітапхана және 2 ауылдық клуб халыққа мәдени қызмет көрсетуде.
Тайпақ Мәдениет үйіндегі 8 үйірмеге 108 ауыл тұрғыны, соның ішінде ересек 25 адам белсене қатысуда. Тайпақ Мәдениет үйі ұйымдастырған, құрамында 28 өнерпаз бар 2 өнер ұжымының "Халықтық" атағы бар. 2021 жылы Тайпақ ауылдық округінің өнер мен мәдениет қызметкерлері, өнерлі ауыл тұрғындары көптеген жүлдеге ие болды. Ақжайық ауданы бойынша «Ауғанның от жалыны» атты әскери ˗ патриоттық әндерді орындаушылардың онлайн ән байқауында Тайпақ ауылының тұрғыны Тілекқабылов Еркебұлан Сержанұлы жүлделі І орынға ие болды, «Рухы биік аналар» атты әжелер ансамбльдері арасындағы онлайн байқауына қатысқан «Ақтілек» әжелер ансамблі І орынды иеленді. Қазақстан Республикасының халық әртісі, Халық қаһарманы Р.Бағланованың 100 жылдық мерей тойына арналған аудандық «Ақмаңдайлым» онлайн ән байқауына қатысқан Т.Амирова
ІІ орын алды. Дарынды балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, руха-ни және интеллектуалды деңгейлерін көтеру, есімдерін елге таныту мақсатында ұйымдастырылған облыстық дәстүрлі онлайн «Балдәурен» балалар шығарма-шылығы фестиваліне қатысқан Марсель Нұрсұлтан дипломант атанды. Халықаралық би күніне орай «Жайық өрнектері» атты хореографиялық ұжым-дар арасындағы аудандық онлайн байқауына қатысқан «Толқын» бишілер тобы жүлделі І орынға ие болды. Композитор Сейітқали Қайырғалиевтің туға-нына 75 жыл толуына байланысты ұйымдастырылған ІІІ аймақтық «Екі жұлдыз» онлайн ән байқауына Жандос Таскарин қатысты. Вокалды аспаптар ансамбльдері арасындағы «Орда туған мекенім» облыс бойынша қашықтықтан болған онлайн байқауына қатысқан Халықтық «Толқын» вокалды аспаптар ансамблі ерекше өнер көрсеткені үшін марапатталды. Республикалық жыршы ˗ термешілер байқауының дипломанты Көшерғали Макаровтың 70 жасына орай өткізілген конкурстың арнайы жүлдесіне Ақмарал Таудаева ие болды.
Ауылдық округте 7 спорт алаңы, 1 спорт мектебі бар. Тайпақ жасөспірімдер және балалар спорт мектебінде түрлі спорттық сайыстар, шаралар жиі өткізіледі. Қазіргі уақытта Тайпақ жасөспірімдер және балалар спорт мектебіндегі 6 спорт секциясында 170 бала спортпен шұғылданады.
Ауыз сумен және табиғи газбен қамту
Округке табиғи газ құбыры 1993 жылы жүргізілді. Табиғи газ жүйесі 1013 тұрғын үйге, 84 мекеме мен кәсіпорынға тартылған. Ауылдық округтегі үйлердің 82 пайызына газ жүргізілген.
Шабдаржап ауылы тұрғындарының 86 пайызына және Томпақ ауылы тұрғындарының 79 пайыз үйлеріне су жеткізілді, Тайпақ ауылдық округінің тұрғындарының 97 пайызы таза сумен қамтамасыз етілген.
898 тұрғын үй, 1 монша, 5 кафе, 9 дүкен, 1 шеберхана, 1 мешіт және 22 мекеме таза ауыз су жүйесіне қосылған. 2020 жылмен салыстырғанда су қосқан үйлер 2 пайызға артқан.
Тұрғын үй құрылысы
Биылғы жылы тұрғын үй құрылыс мақсатына пайдалануға жер телімін сұраған 6 өтініш түсті, 4-еуіне жер телімдері бөлінді.
Ағымдағы жылы Тайпақ ауылында тұрғындар салған 2 жаңа үй, Шабдаржап ауылында 2 жаңа үй бой түзеді, барлығы 457,1 шаршы метр тұрғын үй құрылысы аяқталды. Есептегі мерзімде бюджеттен құрылысқа 111859 мың теңге қаржы бөліну нәтижесінде Тайпақ ауылында екі қабатты 12 пәтерлік арендалық үйдің құрылысы басталып, салынып жатыр.
2021 жылы Тайпақ ауылдық округі әкімі аппаратының әкімшілік ғимаратын күрделі жөндеуден өткізуге 43390,1 мың теңге қаржы бөлініп, күрделі жөндеу жұмыстары атқарылуда.
Жол қатынасы, телефон байланысы, электр жарығын жеткізу және тазалық мәселесі
Елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарына жергілікті бюджеттен 7161 мың теңге қаржы бөлінді. Қаражаттың тиісті бөлігі көшелерді абаттандыруға пайдаланылды, соның ішінде, ауылдағы саябақтарға су жеткізуге 1870 мың теңге жұмсалды. 896,1 мың теңге 2011 тонна қатты қалдықтарды шығаруға, техникалық қалдықтар полигонын ретке келтіруге қажетті құрылыс материалдарын сатып алуға 3121 мың теңге жұмсалды.
Тайпақ ауылдық округ әкімі аппаратының есебінен 420 мың теңге Тайпақ ауылының жол белгідегі атауын жаздыруға, 60 мың теңге ағаш және 67,2 мың теңге гүл көшеттерін сатып алуға жұмсалды. Көктемгі көгалдандыру маусымында жеке кәсіпкер Еркебұлан Әжікенов 300 мың теңгенің жеміс ағаштары көшеттерін сатып алып берді. Жеке кәсіпкер Ернар Сариевтің ауылды абаттандыруға қосқан 100 мың теңге қаржысы Тайпақ мешітін әктеу, әрлендіру жұмыстарына жұмсалды.
2021 жылы көше жарығы мен оны техникалық қадағалауға 6522 мың теңге бөлінді, соның ішінде көше жарығына 4572 мың теңге, көше жарығын техникалық қадағалауға 1950 мың теңге жұмсалды, 2021 жылға бөлінген қаржы 578,6 мың теңгеге сатып алынған шамдар Тайпақ, Томпақ, Шабдаржап ауылдарына орнатылды. Тайпақ ауылының ұзындығы 1 шақырым Достық көшесін жарықтандыруға 3472 мың теңге қаржы бөлініп, көше бойына 48 жаңа шам орнатылды.
Тайпақ ауылына кіре беріс жолда "Экологиялық жасыл белдеу" жасауға қажетті 25 тонналық су жинайтын резервуар 2904 мың теңгеге сатып алынды.
Жыл бойы өткізіліп келген санитарлық тазалық сенбіліктеріне 515 адам қатысып, көшелерді, автокөлік трассасы бойларын, бұрынғы қоқыс төгу алаңдарын, өзен жағалауларын тазарту жұмыстары жүргізілді, арам шөптерді ору, ағаштардың артық бұтақтарын кесу, ағаштарды әктеу жұмыстары, ауылды қоқыстардан тазарту жұмыстары атқарылды.
Ғаламтор желісі қалыпты жұмыс істеуде. 545 тұрғын үй мен 40 мекемеге ғаламтор нүктесі қосылған.
Сыбайлас жемқорлықпен күрес, қоғамдық тәртіптің сақталуы және арыз – шағымдармен жұмыс
Ауылдық округтің аумағында қоғамдық тәртіп сақталуына қызмет етуге жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің 3 қызметкері және 1 қызметтік автокөлік бекітілген. Олар аулаларды аралау және қылмысқа қарсы күрес жайында ақпараттық насихаттау жұмыстарын, кәмелетке толмаған жастардың арасында тәрбиелік жұмыстарды атқарып жатыр.
Тайпақ ауылында қауіпсіздікті қамтамасыз ету және сақтандыру құрылғыларымен мониторингілеу, қауіпсіздіктің дабыл және балама жүйелерімен қамтамасыз ету қызметтеріне мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру нәтижесінде 4428,6 мың теңге игеріліп, Тайпақ ауылының стратегиялық маңызды бөліктерінде 5 жерге 15 видеокамера орнатылды.
Есепті мерзімде ауылдық округте 27 қылмыс жасалған, соның ішінде 6-уы мал ұрлығы, алаяқтық бойынша қылмыстық іс -2, ұсақ-түйек жымқыру-6, ұрлық-3, адамның денсаулығына ауыр зиян келтіру арқылы адам өліміне жеткізу-1 және тб.. Жасалған қылмыстың 24-і ашылды, ашылмағаны-3, ашылуы-88,9%. 2021 жылы Тайпақ ауылдық округінің тұрғындарына 276 әкім-шілік құқық бұзушылық хаттамалары толтырылған.
Ауылдық округ әкімінің атына 2021 жылы жеке тұлғалардан 28 өтініш, заңды тұлғалардан 3 өтініш түсті, 22 жеке қабылдау болды. Жазбаша түскен өтініштердің 2-еуі әлеуметтік мәселелер мен жұмыспен қамту мәселелерін, 19-ы жер қатынастары мәселелерін, 3 өтініш тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, 1-еуі экономика және мемлекеттік сатып алу мәселелерін, 6-уы басқа да әр түрлі мәселелерді қамтиды. Түскен өтініштердің 9-ы толық қанағаттандырылып, 10–ына түсінік берілді, 12-сі басқа органдарға қарау үшін жіберілді.