Отчет отчетной встречи акима Есенсайского сельского округа с населением

Құрметті жиналысқа қатысушылар!

 

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша баяндама жасауға рұқсат етіңіздер .

 

Қаржы және экономика саласы, «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша.

2021 жылға жылдық бюджет 41 млн 805 мың теңге.

Жергілікті салық жыл бойынша 2 094 990 теңгені құрады (табыс салығы 218 938 мың, жер салығы 24327 теңге, мүлік салығы 52115 теңге, техника салығы 1 799 610 теңге).

Салықтық емес түсімдер, яғни мүлік жалдаудан түсетін түсім 158 700 теңге құрап отыр.

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша келген 1 жас маман жалпы сомасы 4 млн 375 500 теңге көтерме ақы алып, тұрғын үй сатып алды.

 

Ауыл шаруашылығы мен шағын кәсіпкерлік саласы

2021 жылдың қорытындысы бойынша ірі қара малы 5099, қой мен ешкі 6551, жылқы 1610, құс 731 басты құрады.

Бруцеллез ауруына шалдыққан 50 бас мүйізді ірі қара, 23 бас қой-ешкі анықталып барлығы да Орал қаласына ет комбинатына тапсырылды.

2021 жылы 1500 бас мүйізді ірі қара, 1000 бас қой-ешкі және 300 бас жылқы малы бірдейлендіруден өтіп түгелдей электронды қорға енгізілді.

Ауылдық округ бойынша 29 шаруа қожалығы бар. Оның ішінде 25 шаруа қожалығында 78 бас аталық, 268 бас аналық асыл тұқымды МІҚ,
4 шаруа қожалығы 16 қошқар, 200 бас асыл тұқымды қой малы бар. Мемлекеттен берілетін демеу қаржыға биылғы жылы 14 шаруа қожалық және 1 АӨК қатынасып, жалпы сомасы 15 млн 380 мың теңге қаржыға ие болды.

Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағытындағы «Бизнес бастау» бағдарламасымен ауданымызда
8 тұрығынымыз оқып, оның 6 қайтарымсыз грант алып жаңа кәсіппен айналысуға мүмкіндік алды. Қалған 1 тұрғын «Атамекен» кәсіпкерлік палатасы арқылы төмендетілген пайызбен несие алып мал шаруашылығымен айнылысу бағытында жұмыстануда. Екіншісі құжаттарының дұрыс болмауына байланысты несие беруден бас тартылды.

Сонымен қатар округімізде 11 сауда нүктесі бар, олар тұрғындарды азық-түлік және киім кешекпен қамтып, жұмыс жасап және өткізілген мерекелік іс-шараларға ат салысып, демеушіліктерін көрсетіп отырады.

Округте 2021 жылы 2 шаруа қожалығы, 2 жеке кәсіпкер тіркелді.

Лизинг арқылы 5шаруа қожалығы трактор, 1 тіркеме, 2 шөп шапқыш, 2 шөп тайлағыш және бір жеке тұрғын өз қаржысына 1 трактор шөп шапқыш агрегат сатып алды.

 

Халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау

Округте жұмыссыздықпен күресудің бір жолы ол қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру болып табылады. 2021 жылы ақылы қоғамдық жұмысқа 72 орын бөлініп, кезек бойынша 65 адам қоғамдық жұмысқа алынды.

Есепті мерзімде 4 жас маман «Жастар практикасы» бағдарламасы бойынша тәжірибеден өтсе, ал 4 тұрғын кәсіби білім алып, 3 тұрғынымыз тұрақты жұмысқа орналасты. Сонымен қатар 40 тұрғынымыз маусымдық жұмысқа орналасса, 7 тұрғын әлеуметтік жұмыс орны бойынша жұмысқа тұрды.

 

Білім беру саласы

Ауылдық округте 1 Жалпы ББМ, 1 Негізгі ББМ, 1 Бастауыш мектеп және 2 шағын орталықта 70 бүлдіршін тәрбиеленуде. Бүгінгі таңда 66 мұғалім 287 оқушыларға білім мен тәрбие беруде. Соның ішінде жоғары білімді-56, арнаулы орта білімді-10 ұстазымыз бар. Бастауыш мектеп оқушылары, аз қамтылған және жартылай отбасылардың 180 балалары ыстық тамақпен қамтылған және 16 оқушымыз елді мекендерден тасымалданып білім алуда. Мектебімізде 1тамыз-30 қыркүйек аралығында республикалық «Мектепке жол» акциясы өткізіліп. Акция барысында мектебіміздегі 42 оқушыға 440 000 теңге көлемінде көмек көрсетілген болатын.  

 

Денсаулық сақтау саласы бойынша

Округ бойынша Есенсай ауылында 1 дәрігерлік амбулатория, Кеңсуат, Тасоба елді мекенінде, 2 медициналық пункт халыққа қызмет көрсетеді.

Онда 7 орта буынды медицина мамандары жұмыс жасайды. Сонымен қатар жетіспейтін мамандарда жоқ емес. Аталған медициналық бөлімшелері, дәрі-дәрмек, құрал-жабдықтармен қамтылған.  

Есепті кезеңде 19 сәби өмірге келіп, 11 адам дүниеден озды. Осы кезге дейін ана мен бала өлімі болған жоқ.

Округ бойынша 865 адам вакцина алуға жатса, соның 524 бірінші компонентін алып 60,6 пайызды құраса, екінші компонент алғандар 56,9 пайызды құраған. Ревакцинация 65,1 пайызды құрап отыр. «Файзер» вакцинасының бірінші компонентін 6 тұрғын алды.

 

Мәдениет және спорт саласы

Ауылдық округте 1 мәдениет үйі, 1 клуб, 2 кітапхана халыққа мәдени қызмет көрсетуде (1-і жаңа модульді автоматтандырылған кітапхана).

Оқу жылы басталғалы мектебімізде асық ату, волейбол, тоғызқұмалақ үйірмелері, мәдениет үйінде домбыра, вокал және келіндер үйірмесі жұмыс жасап тұр. Үйірме жетекшісі дәстүрлі әнші, ұстаз, сазгер «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Қуанышқалиева Күләш Қуатқызы.

Сонымен қатар ауылымызда күрес және бокс үйірмелері жұмыс жасап, жас спортшылар аудандық, облыстық деңгейдегі жарыстарда жеңістерден корініп жүр.

Жаз айларында ауылымызда салауатты өмір салтын насихаттау, спортшылар арасында достық қарым-қатынасты нығайту мақсатында жасөспірімдер арасында қазақ күресі және бокстан облыстық және аудандық турнирлер өтті. Бұқаралық спортты дамыту мақсатында Есенсай ОЖББ мектебінің спорт залы кешкі мезгілде волейбол, баскетбол, үстел тенисі ойындары үшін ашық. Сонымен қатар «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында мектебіміздің түлектері мәдениет және спорт саласына өз үлестерін қосып, ауыл орталығына жазғы сахна және мұз айдынын жасап, сыйға тарқан болса, Есенсай және Кеңсуат ауылдарына 2 дана 16 қанатты киіз сыйға тарту етілді. Сонымен қатар ауылдық округ әкімі аппаратының тапсырысымен Кеңсуат елді-мекенінде көлемі 40*20 метр шағын футбол алаңы салынды. Откен жыл соңында мәдениет саласы қызметкерлері концерттік бағдарлама мен Құрайлысай, Сайқұдық ауылдарына барып халыққа көңіл күй сыйлады.

 

Ауыз сумен және табиғи газбен қамту

Округке табиғи газ құбыры 2013 жылы жүргізілді. Қазіргі уақытта табиғи газ жүйесі округіміздің барлық 10 әлеуметтік нысандарына тартылып жылыту жүйесі іске қосылды, сонымен қатар табиғи газ жүйесі 167 тұрғын үй мен 1 тойханаға жүргізілді. «Ақбұлақ» «Таза ауыз су» бағдарламасымен Есенсай, Кеңсуат ауылдары ауыз су мен қамтамассыз етілді. Тасоба елді мекеніне комплексті блок модулі таза ауыз су қондырғысы орнатылды. Ағымдағы жылы, ауылымыздағы ауыз су мұнарасын ауыстыру жұмыстары жүргізілетін болады.

 

Жол қатынасы, телефон байланысы, электр жеткізу және тазалық мәселесі

Елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары ұдайы жүріп отырады, тұрғындар өз күштерімен қатты тұрмыстық қалдықтарды, күл-қоқыстарын уақытылы тазалап, шығарып отырады. 

Округте көктемгі және күзгі ағаш отырғызу акциялары барысында 150 дана ағаш егілді.

2021 жылы Есенсай және Кеңсуат ауыл тұрғындары KCELL ұялы байланыс жүйесімен қамтамассыз етілді.

Сыбайлас жемқорлықпен күрес, қоғамдық тәртіптің сақталуы және арыз-шағымдамен жұмыс мәселесі бойынша

Округте қоғамдық тәртіпті бұзған 112 тұрғынға әкімшілік хаттама толтырылып, оның 50 айыппұл салынса, 62- тұрғынға ескерту берілді. Сонымен қатар 3 қылмыстық іс тіркеліп, оның 2-еуі ашылса, алаяқтық санатындағы бір қылмыс күні бүгінге ашылмады.

Ауылдық округ әкімінің атына 2021 жылы жеке тұлғалардан жалпы саны 15 жазбаша өтініш түсті. Түскен жазбаша өтініштердің 14 түсінік беріліп ал қалған 1 өтініш тиісте органдарға уақытылы жолданды.

 

Қоғамдық – саяси жағдай

Ауылдағы жағдай қалыпты. Ауылмыздағы әлеуметтік қауырттылық ошағы, діни экстремизмнің көрінісі мен ұлтаралық араздық сипатындағы оқиғалар орын алған жоқ.

Тыңдағандарыңызға рахмет.

Дата публикации
07 февраля 2022