Отчет акима Караултобинского сельского округа о проделанной работе в 2021 году

Қаржы және экономика саласы

Ауылдық округтің әлеуметтік - экономикалық дамуының негізі болып табылатын жылдық бюджет көлемі 27 млн 427 мың теңгені құрады.

Ауыл шаруашылығы мен шағын кәсіпкерлік саласы

Қазіргі таңда ауылдық округте жылдық санақ бойынша ірі қара малы 5258, қой мен ешкі 7788 жылқы 1687 түйе 3 басты құрайды.

Жыл басынан бері бруцеллез ауруына шалдыққан 84 мүйізді ірі қара мен 12 бас ұсақ мал түгелдей жойылды.

Округ бойынша 27 шаруа қожалығы, 17 кәсіпкер қызмет көрсетуде. Мүйізді ірі қара малын асылдандыру және одан алған өнімді ұлғайту мақсатында 1«Қарауылтөбе КГБ» жауапкершілігі шектеулі серіктестік жетекшісі А.Дюсенгалиев және 7 шаруа қожалығы 33 асыл тұқымды бұқа сатып алып, мал басын түрлендіруге қатысты.

Ауылымызда 2021 жылы «Айқын» шаруа қожалығы жетекшісі А.Муканов 16 млн 450 мың тенгеге 45 бас асыл тұқымды ақ бас малын,
МТЗ-82 тракторымен қоса кун, шөп тайлағыш және шалғы сатып акеліп, кәсібін жалғастыруда.

Ауыл шаруашылықты қолдау қорынан «Масқар» жетекшісі К.Тукенов 12млн тенге қаражат алып 39 бас ірі қара мал, «Канат» шаруа қожалығы 1млн 200мың тг кун, «Крым» шаруа қожалығы 1млн 800мың тг шөп шалғы және кун, «Ихсан» шаруа қожалығы 720мың тг 6 бас асыл тұқымды қошқар, «Жігер» шаруа қожалығы 1млн 100мың тг шөп шалғы сатып алды 

Ауылымызға 2021 жылға ақшалай инвестиция 46 миллион теңгені құрады.

Округ бойынша 7,3 га бау-бақша егілді.

Ауылдық округтегі тұрғындардың малдарын дала суымен қамтамасыз ету мақсатында «Азнабай-Тайпақ» суландыру жүйесін каналдарын тазарту жұмыстары жүргізілуде.

Ауылымызда 1 дөңгелек жөндеу шеберханасы, 1 жүн түту цехі,
1 паром өткелі жұмыс жасап тұр. Қыстың қиын уақытында Атырау –Орал тас жолына дейінгі екі ортаның жолының қарын аршу үшін угольник тіркемесімен Т40 АМ тракторы дайын тұр.

 

Халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау

2021 жылы «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы аясында 4 адам қысқа мерзімді кәсіби оқуға жолданды. Округ бойынша АӘК және балалар жәрдемақысын алатын аз қамтылған отбасылар саны-7, оған жұмсалған қаражаттар 2млн 778мын 993 теңге.

Материалдық көмек алғандар 12 адам, оған жұмсалған қаражат-510 мың 475 тг. Жұмысқа орналасқандар - 63адам с.і тұрақты жұмысқа орналасқандар - 19 адам, жоспар бойынша қоғамдық жұмысқа-158 адам, жастар практикасы бағдарламасы бойынша 4 адам машықтан өтті.

Қайырымдылық айы аясында мүмкіндігі шектеулі және аз қамтылған отбастарына 750мың тенге көлемінде көмек берілді.

Сонымен қатар «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы аясында 5 адам қайтарымсыз 583,400 теңгенің грантын ұтып алып, 1 адам тігін кәсібін бастаса қалған
4 адам мал өсіру кәсіптерін ашып жұмыстануда.

 

«Рухани жаңғыру» және қайырымдылық жұмыстары

2021 жылы 1964 жылы туған мектеп бітіргендеріне 40 жыл толған түлектер балаларға ойын алаңын жасап берді. Мектеп бітіргендеріне
10 жыл толған 1993 жылғы туылған ұл-қыздары ауылымызға замана үрдестегі сұлулық беретін «Менің жүрегім Қарауылтөбе» таным белгісін орнатып берді. Ауылдың біріккен кәсіпкерлері биыл ауылымызға мешіт құрылысының қадасын қадап, қабырғасын көтеріп, есік–терезесін салып, төбесін жауып қойды.

1984 жылғы туылғандар мектеп бітіргендеріне 20 жыл толған түлектер қыста балалар ойнайтын мұз айдынын, жазда баскетбол, футбол ойнайтын алаңға айналатын типтік түнгі жарық шамдармен жабдықталған спорт аланын салып берді.

Тағы бір атап кететін жағдай өткен 2021 жылдың ақпан айында ауылымызға жаңадан көшіп келген Канат Мухамбетовтың отбасында ауыр қаза болды. Жап-жас отанасы апатқа түсіп, төрт бірдей сәби анасыз аңырады. Осы сәтті ести сала жас жаңадан қоныстанған отбасының жағдайына қарап, толыққанды көмектің қажет екені көрінді. Барлық ауылдың басы біріккен уатсап желісіндегі топтарға жағдайды баяндап, көмек көрсетуге елді шақырдым. Қарауылтөбелік халықтың жанашырлығы қашан да ояу тұратынды. Дереу қазаны жерлеу үшін шығытын шығындармен, отбасына қажетті дүниелерді жиыстырып, бір атаның баласындай атқара кетті. Ақпанның «Бөрісырақ» уақытындағы қатты қыстың қиындығы уақытында болған жағдай үйде отырған халықты қайрап, сол қаза болған үйдің маңынан табылуға себеп болды .

Бір күнде қажетті тамақ, керек жарақ, отын судан бөлек миллионның үстінде қаражат жиналды. Бұл қаражатқа заманға сай бейімделген үйге қажетті газ, су, жылыту жүйесі орнатылған үй сатып алып бердік. Жас балаларды атасы мен әжесіне қарауға азда болса үй жайы ыңғайлы болсын дедік. Мектеп, балабақша, спорт залдарына жақын жерден таңдап алып берілді. Әрине ананың орнын толтыра алмасақта ауылдастарым үлкен адамгершілікпен елдікті көрсетті. Осы орайда ауылдастарыма үлкен алғыс айтамын. Халқымызда «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» деген сөз бар.Ауылдың көркейуіне үлес қосып жүрген барша ауылдастарыма  айтар алғысым шексіз

Білім беру саласы

Ауылдық округте 1 орта мектеп және 1 бөбекжай жұмыс жасайды. Нұрбақыт бөбекжайында 40 бүлдіршінге танымдық тәрбие беріп қалыптастыруда. Округ бойынша 49 мұғалім оқушыларға білім мен тәрбие беруде. Тайпақ орта жалпы білім беретін мектебінде
2021-2022 оқу жылы 48 мұғалім оқушыларға білім мен тәрбие беруде. Соның ішінде 44- і жоғары білімді, арнаулы орта-5.

Тайпақ орта жалпы білім беретін мектебінің 2021-2022 оқу жылының ІІ тоқсанында мектепте 1-11 сыныпта 241 оқушы, мектепалды даярлық тобында 18 тәрбиеленуші білім алады.

Мектебімізде оқу жылы басында әлеуметтік жағдайы төмен отбасы оқушыларына республикалық «Мектепке жол» акциясы бойынша
222 мың 742 тг көлемінде көмек көрсетілді. Оның ішінде 6 оқушыға Ақжайық аудандық білім бөлімінен арнайы барлығы 122 мың 742 теңге болатын киім-кешек пен оқу құралдары берілсе, мектебіміздің мұғалімдері жалпы құны 30 мың теңге, жеке кәсіпкер С.А.Сағынаев
70 мың тг демеушілік көрсетті.

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай бастауыш сыныптың ата- аналары түгелдей балаларға арнап арнайы форма тіктірсе, 5 сынып жетекшісі Б.Суюншалиева өз сыныбындағы 13 оқушыға арнап мектеп формасын тіктіріп демеушілік жасады.

2021-2022 оқу жылы басынан мектебіміздің 121 оқушысы, яғни 50 пайызы ыстық тамақпен қамтылған.

Бүгінде мектебімізде 12 үйірме жұмыс жасайды, бұл барлық мектеп оқушыларының 90 пайызын құрайды. 2021 жылы мектепті 12 түлек бітірсе оның 8-і жоғары оқуға грантқа, 3-еуі колледжге грантқа, 1-еуі ақылы жоғары оқу орнына түсті.

Мектебіміздің оқушылары оқу жылы басынан бері әртүрлі деңгейдегі байқау-сайыс, жобаларға қатынасып, жеңімпаз атануда. Оқушы тәрбиелеуде осы шәкірттерінің жетістікке жетуіне, оқуға түсулеріне Тайпақ ОЖББ мектебінің ұстаздарының еңбектері орасан зор.

 

Денсаулық сақтау саласы

Округте 2020 жылы ауылдық амбулатория жөндеуден өтіп халықтың игилігіне қызмет көрсетуде. Онда 8 арнаулы орта білімді медицина мамандары жұмыс жасайды. 18-65 жас аралығында 804 адам вакцина алуға жататын болса соның 478 адам вакцина алып 59 пайызды құрап отыр. Әліде тұрғындар арасында вакцина алуға атүсті қарап, түсінбеушілік танытып отырғандар бар.

Тұрғындар арасында негізгі әлеуметтік ауруларды ерте анықтауға арналған тегін скрининг зерттеулерден жоспар бойынша өтетін тұрғындар 100% өтті. Округ бойынша туберкулез аурымен есепте 2 адам тіркеуде.

Сондай-ақ амбулаторияда жаңа «УАЗ» автокөлігі қызметке жарап тұр.

Мәдениет және спорт саласы

Ауылдық округте 1 мәдениет үйі, 1 кітапхана халыққа қызмет көрсетуде.

Қарауылтөбе мәдениет үйінде 3 үйірме яғни, «Ақ әжем» әжелер ансамблі, добыра үйірмесі, вокал жұмыс жасайды     

Ауылдық мәдениет үйі толық қамтылған музыкалық аппаратурамен қамтамасыз етілді. Ауылымыздағы ашылған күрес залының жұмыстары да жақсы деңгейде жұмыс жасап келеді. Ауылымыздың спортшылары мен өнерпаздары әр түрлі болған сайыстардан ауылымыздың намысын қорғап тек жоғары орыннан көрініп жүргені біздің ортақ қуанышымыз және жетістігіміз. Соның ішінде мүмкіндігі жектеулі жандар арасындағы өткен аудандық жарыстан жерлестеріміз жүлделі екінші орын алды.

Мұқанов Меңдірей ағамыз мүмкіндігі шектеулі жандар арасында облыстық шығармашылық байқауынан жүлделі үшінші орын алды. Ауылымызда Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орайластырып, түрлі мәдени спорттық көпшілік шаралар өткізілді.

Соның бірі атап айтсақ облыстық деңгейде 150 жасөспірім палуандар бағын сынаған «Үздік шопан», «Ленин», «Қызыл ту» ордендерінің иегері марқұм Оспанов Оразбай атамыздың атына қазақша күрестен ұрпақтарының демеушілігімен жарыс өтті. Ардагер спортшы Нұрболат Жусуповтың 50 жасқа толуына орай ересектер арасында қазақша күрестен, мекеме қызметкерлері арасында волейболдан жарыс өтті.

Тайпақ ОЖББ мектебінің спортзалында ауыл жастарына кестеге сәйкес жүйелі түрде спорттық ойындарын өткізуге есігі әрдайым ашық. Сонымен қоса заманауи стрит вооркаут, футбол алаңы, хоккей-корт, баскетбол алаңы халыққа еркін спортпен айналысуларына жарап тұр. Ал қазақ күресі залында күндізгі уақытта 42 бала, кешкі уақытта 32 ауыл жастары қазақ күресі, дзюдо,үстел теннисімен және дене шынықтырумен тұрақты түрде айналысуына мүмкіндік жасалған. Биыл балаларға және жалпы тұрғындарға арналған 1 мұз айдыны кұйылып жасалды. Тұрғындар үшін спорттың қай түрімен айналысам деседе барлық бағытта дамытуға құрлымдық мүмкіндігіміз қалыптасып келеді.

 

2021 жылы еңбектерімен құрметті қызметтері үшін медальдар алған ауыл  тұрғындарымызбен мақтанамыз:

Мазимов Марат Серікұлы - Қазақстан орманын қорғаудағы мінсіз қызметі үшін 3 дәрежелі медалімен

Ихсанов Ғиззат Құжатұлы - Ақжайық ауданының құрметті азаматы атағын алды.

Крымов Мэлс Махметұлы - Ақжайық ауданының «Жомарт жүрек» премиясын иеленді

Тайбағаров Ғиният Шағатайұлы - Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған мерекелік медальмен

Орақаев Аслан Нұрланұлы - облыс әкімі Ғ. Есқалиевтың «Алғыс хаты» және «Жыл үздігі» жастар сыйлығының «Ең жас қайсар құтқарушы» номинациясы, батырлығы мен қайсарлығы үшін меделіне ие болды.

Сағнаев Асқар Кенжесұлы Қазақстан ақбас тұқымының қалыптасуына 70 жылдық  мерейлі мерекесіне орай, тұқымның дамып-жаңғыруына  атсалысқан еңбегі үшін «Алғыс хатпен» марапатталды.   

 Жұмағалиев Асылбек Орынтайұлы – спортты дамытуға зор үлесі үшін «Спорт жанашыры» марапатының иегері атанды.

Ахатова Любовь Курманқызы - «Білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағына сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталды.

Мектебіміз облыстық туризм-өлкетану бағытындағы «Хрустальды шоқыр» байқауынан жүлделі ІІ орын иеленді. Айрықша айта кететіні осы құрметке иеленген ауылдастардан бөлек, жалпы барлық деңгейдегі барлық түрлі сайыстардың жетістігін есептей келе 2021 жылы 200 медельмен қортындыладық.

2021 жыл Қарауылтөбе ауылдық округі үшін медальді жыл болды. Бұл ауылымыз үшін үлкен мәртебе.

 

Ауыз сумен және табиғи газбен қамту

Ауылдық округте табиғи газ құбыры алғаш 2013 жылы бастап жүргізілді. Қазіргі уақытта табиғи газ жүйесіне 195 үй, 6 мекеме және
4 кәсіпкерлік нысан қосылған. 2021 жылы 6 тұрғын таза су  желісіне қосылды. Бүгінде таза су желісіне 201 үйге қосылған. Әлі де осы бағытта жұмыстар жүргізу жалғасын табады

2022 жылы Қарауылтөбе ауылы бойынша 3800 метр ауылымыздағы барлық көшелерге жаяу жүргіншілер жолын салыну жоспарлаудамыз. Барлық қажетті құжаттар жинақталып дайындалды.

 

Абаттандыру бойынша және тұрғындардың үлесі

Өткен жылы елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру мақсатында 2490 т. қатты тұрмыстық қалдықтары шығарылды. Соның ішінде 6 иесіз үйдің орны және ескі моншаның орны тазартылды. Ескі үйдің орнынан шыққан таза топырақпен қыста жүретін жол бойындағы қарасудың үстінен көпір жасалды. Қатты қалдықтар төгетін полигонның айналасы жинақталып, ортасынан қоқыс төгуге арналған алаңдар ашып ыңғайластырылды. Ауыл ішіне 190 түп ағаш соның ішінде 1964 жылғы мектеп түлектері бастаған 50 түп (ель, тополь пирамидальный) көшеттері отырғызылды, бұл іги істің жалғасын Д.Ихсанов жалғастырып 140 түп көктерек көшеттерін отырғызды. Ж.Крымовтың демеушілігімен 30 қап ақбалшық жағдайы төмен отбасыларға тегін үлестіріліп берілді. Барлық ауыл ішіндегі өсіп тұрған ағаштар әктеліп, түптері қопсытылып күтім көрсетілді. 2021 жылы тұрғындар «Менің аулам-менің бағым» акциясы аясында 50 түп алма ағашын өз бақтарына екті. Одан бөлек тұрғындар әр түрлі сұрыптағы жеміс ағаштарын отырғызды. Ауылдық округ бойынша биыл көшеге тұрғындардың демеушілігімен 21 электр энергия үнемдеуіш шамдары орнатылды. Былтыр 65 шам болса қазіргі уақытта жалпы саны 86 көше шамдары түнгі  мезгілде жарықтандыруда.

 

Төтенше жағдай, қоғамдық тәртіптің сақталуы және арыз – шағымдармен жұмыс бойынша

Былтыр округ бойынша 8 күн қатарынан дала өрті орын алды. Өрт кезінде талмай өрт сөндіруге қатысқан жерлестеріме алғыс айтамын. Далада шөп науқанына кіріспес бұрын техникаларыңызды байқаудан өткізіп, егжей- тегжей мұқият қарап жұмысқа кірісулеріңіз міндетті екенін ескерткім келеді. Әрине ешкім қастықпен жер өртемес. Жаман айтпай жақсы жоқ. Өрт болған жағдайға шаруа қожалық басшылары өздеріңізбен бірге су бүріккіштен (ранстан) бастап суды тасып жеткізетін, су сору насостарымен жерді жыртатын техникаларыңызбен және мейлінше мол құрамда бригадаларыңызды жасақтап алдын–ала дайын отыруларыңыз қажет. Сонда ғана тілсіз жаудан құтыламыз деп есептеймін.

Өткен жылы округ бойынша есепті мерзімде 12 қылмыс тіркеліп, әкімшілік құқық бұзушылар бойынша 120 хаттама толтырылыды.

2021 жылы ауылдық округ әкімінің атына жеке тұлғалардан
13 өтініш түскен болса, 7 өтініш қанағаттандырылып, 6 өтінішке түсінік берілді.

Округте 3 үкіметтік емес ұйым белсенді түрде қоғамдық шараларға атсалысуда.

 

 

Дата публикации
07 февраля 2022