Отчет отчетного собрания акима Кабыршактинского сельского округа Кенжебека Галимовича Каирова

Құрметті Қалияр Шадиярұлы,

Құрметті жиналысқа қатысушылар

Сіздерге 2021 жылдың қорытындысы бойынша атқарылған жұмыстар жөнінде баяндауға рұқсат етіңіздер.

Қабыршақты ауылдық округінің жалпы жер көлемі – 81,5 га. болса, оның шабындығы – 10332 га. мал жайылымы – 71168 га. құрайды.

Ауылымызда қыстақтарды қосқанда 208 аула бар, көше саны – 12; қыстақтар саны – 6; тұрғындар саны – 930 адам. Соның ішінде зейнеткерлер саны – 125; бюджет саласында жұмыс жасайтындар – 201; маусымдық жұмыста – 17; вахталық әдіспен жұмыс жасайтындар – 34; мүгедектер – 25. Өздеріңіз байқап отырғандай ауылдың демографиялық өсімі бір қалыпты.

Ауылдық округ бойынша мүмкіндігі шектеулі адамдар саны – 25. Соның ішінде ІІ топтағы – 10; ІІІ топтағы – 13 адам. Мүмкіндігі шектеулі балалар саны – 2. Жалғыз басты асыраушысы жоқ 3 қарияға үйден күтім жасалуда. Мүмкіндігі шектеулі жандарға түрлі жеңілдіктер қарастырылған. Ауылдық, аудандық деңгейдегі түрлі шаралардан шет қалып жатқан жоқ.

Бүгінде ауылымызда табиғи газды 194 үй (94%) пайдалануда. Сонымен қатар қазіргі уақытта "Птичник" қыстағына газ құбырын тарту бойынша жобалық сметалық құжаттама әзірленуде. 75 телефон нүктесі бар. Ауыл көшелеріне мезгілдің қараңғы уақытында жарықтандыру үшін 37 көше шамы орнатылды.

«Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша әр үйге су кіргізіліп, бүгінгі күнде ауылдың 196 тұрғын үйге яғни 94,2% таза ауыз сумен қамтылып отыр.

Қазіргі уақытта тұрғындардың өтінішін және ауылдың инфраструктурасын жақсарту мақсатында ауылдың кіреберіс жолын жөндеу мақсатында сметалық жобалық құжаттама жасақталды (ұзындығы 2,8 км құны – 256,0 млн).

 

Әлеуметтік сала.

Ауылдық округтің бюджет көлемі 27,964 млн. теңгені құрады. Барлық қаржы игерілді.

Салық түсімдері бойынша жылдық жоспар – 483,0 мың тг.

2021 жылы жергілікті бюджетке 924,8 теңге салық түсті, соның ішінде мүлік салығы 11,7 мың тг, жер салығы 8,9 мың тг, көлік салығы 872,9 мың тг, жеке табыс салығы 31,3 мың тг болып табылады.

Есепті кезеңде 21 отбасыға, яғни 918,855 мың теңге көлемінде материалдық көмек көрсетілді. 8 отбасы 1 млн 475 364 теңге атаулы әлеуметтік көмек алды.

2021 жылы тұрақты жұмысқа 3 адам, қоғамдық жұмысқа 168 адам, маусымдық жұмыспен 18 адам қамтылды. «Жастар тәжірибесінен» 8 жас маман өтті.

АШӨК «Бірлік» жетекшісі Е.Сариев қайырымдылық шаралары аясында аз қамтылған 15 отбасына төмендетілген бағада мал азығымен және өзінің бау-бақша өнімінен 4 отбасыға тегін картоппен көмек көрсетілді.

Ауыл тұрғындарынан жыл бойына 3 өтініш түсіп, олардың 1-і жеке кәсіпкердің коммерциялық, 2-і жеке тұрғындардың әлеуметтік мәселелеріне байланысты болды.

 

Білім беру саласы

Ауылымыздағы Бітік мектеп-бөбекжай кешенінде 29 мұғалімнің 25-і жоғары білімді, 4-і арнаулы орта білімді. Биылғы оқу жылында – 177 бала білім алуда. 4 оқушы «Птичник» қыстағынан арнайы көлікпен тасымалданады.

Өткен оқу жылында ҰБТ-ге қатысқан оқушы саны – 7 (орташа ұпай 60,7%), соның 1 - і ЖОО-на, 2 – і арнаулы орта оқу орындарына грантқа ие болды.

 

Денсаулық сақтау саласы

Ауылдық округ бойынша 1 дәрігерлік амбулатория жұмыс жасайды. Онда 1 дәрігер, 1 акушер, 4 медбике,1 фелдьшер, 1 лаборант жұмыс жасайды. Дәрігерлер мен медициналық қызметкерлер жеткілікті. Жоғарыда айтып өттім есепті кезеңде 15 сәби дүние есігін ашса, 8 адам дүниеден озды. Скрингтік тексерулерден өтуге тиісті тұрғындардың 80 пайызы тексеруден өткен. 2021 жылы КОВИД-19 қарсы екпе алуға тиісті 550 тұрғынның 360 – і яғни 66% екпе салдырды.

 

Мәдениет саласы

Ауылдық округімізде 1 мәдениет үйі, 2 кітапхана бар. Мәдениет үйіміз қазіргі кезде апаттық жағдайда деп танылып, алдағы уақытта жаңадан Мәдениет үйін салу жоспарда. Сонымен қатар ауыл тұрғындарының ұсынысымен Жақсылыков Рақым ағайға арнап ескерткіш (бюст) орнату жөнінде құжаттарын рәсімдеуге жұмыстанудамыз.  Ауылымыздың жастары әр түрлі спорт түрлерімен шұғылданады. Волейбол, футбол, еркін күрестен аудандық, облыстық, республикалық жарыстарда жақсы жетістіктерге қол жеткізді. Сонымен қатар ауылдың ересек Қабыршақты футбол командасы облыстық жоғарғы лигада бақ сынауда.

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерекесіне орай «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты бағдарламасының «Туған жер» арнайы жобасы аясында туған жері Қабыршақты ауылының көркеюіне үлес қосып, «MENINꞌ♥QABYRSHAQTY» кіші архитектуралық формасын орнатып берді. Ауылымыздың 1977 - 1978 жылғы азаматтары мен азаматшалары осы кешенді орнатуға 700 000 қаражат жұмсады.

Сонымен қатар ауылымыздың Бітік жалпы орта білім беретін мектебінің 1991 жылғы түлектері «STREET WORKOUT» спорттық кешенін орнатты, 5 млн қаражат көлемінде жұмсалды.

Діні тұрақты елдің – халқы да тұрақты – дегендей, ауылымыздың аты аталғанда дін мәселесі қатар аталатыны жасырын емес. Осы діни тұрақтылықты қалыптастыру мақсатында да аудандық ішкі саясат бөлімімен бекітілген жоспарға сай шаралар ұйымдастырылуда.

 

Шағын кәсіпкерлік саласы

Округте 26 шаруа қожалығы, 8 жеке кәсіпкер, 3 ауылшаруашылық өндірістік кооперативі, 3 дүкен, 3 дүңгіршек жұмыс жасайды.

Қазіргі уақытта шаруа қожалықтарын құруға, өз кәсібін ашуға ниет білдіріп отырған азаматтардың саны артуда. 3 ауыл тұрғыны қайтарымсыз грант алып, кәсіпкер ретінде өз кәсібін ашып, кірістер басқармасына тіркелді. Жыл бойына «Бастау – Бизнес» бағдарламасы бойынша 3 адам (А.Буршекова, Ш.Бушанова, Ұ.Сариева) 583 мың теңгеден қайтарымсыз мемлекеттік грантқа ие болды. Бұл мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған қолдауларды дұрыс насихаттау жұмыстарының нәтижесі.

 

Ауыл шаруашылық саласы

Қабыршақты ауылдық округі (01.01.2022) бойынша МІҚ – 3287 бас, с.і. тұрғындар - 1191, ш/қ – 1766, АШӨК – 330. Ұсақ мал (қой мен ешкі) – 5415 бас, с.і. тұрғындар - 3164, ш/қ - 2251, жылқы – 540, тұрғындар – 152, ш/қ - 388 басқа жетіп отыр. Өткен жылмен салыстырғанда МІҚ – 34 басқа көбейіп, жылқы – 32 басқа, ұсақ мал – 988басқа азайып отыр.

Округ көлемінде шаруа құрылымдарына алынған техникалар мен асыл тұқымды малдарға инвестициялық салымдарды субсидиялау бағдарламасына сәйкес инвестиция 11,33 млн теңге, ал асыл тұқымды малдарды сатып алу бойынша тартылған («Ануар», «Шынар», «Бану», «Серғали» шаруа қожалықтары) инвестиция 190,7 млн теңгені құрады. Барлығы 227,3 млн теңге инвестиция тартылғын, бұл өткен жылмен салыстырғанда 4 есеге артқан. Округ бойынша барлығы 38 бас асыл тұқымды бұқа сатып алынды.

Ағымдағы жылы «Дос» ауыл шаруашылық өндірістік кооперативі өз жұмысын бастап, ауыл тұрғындарының 175 бас МІҚ бойдақ малдарын жазғы уақытта ақылы түрде мал бағымын ұйымдастырды.

 

2021 жылдың ауыл тұрғындарымен кездесуде төмендегідей өзекті мәселелер көтерілген болатын:

1.Ауыл тұрғындарының мал бағымы және жайылымы

2.Көздіқарадан су тарту

3.Көшім өзеніндегі ауыз судың сапасы және деңгейінің түсуі.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ауыл азаматтары ауылға деген қамқорлығын, сүйіспеншілігін білдіруде. Ауыл азаматтары 1991 жылғы мектеп түлектері көше-воркаут спорт кешенін өз қаржыларына салып берді, және де ауылдың 1977 – 1978 жылы дүниеге келген бір топ азаматтар «Менің жүрегім - Қабыршақты» атты кіші архитектура орнатты. Осының бәрі болашақта жастарға үлгі-өнеге, тәрбие яғни ауылға болсын деген жанашырлық.

Көшім өзенінің су деңгейінің түсуі және таза ауыз су сапасы, Көздіқарадан су тарту мәселесі бойынша ауылға таза ауыз су ашық су көзі Көшім өзенінен алынып, тазартылып сосын халыққа беріледі. Алайда Көшім өзенінің су деңгейі соңғы уақыттарда күрт төмен түсіп кетіп отыр. Соның салдарынан яғни Көшім өзенінде ағыстың болмауы, судың бетіне балдырдың тұруы судың сапасына әсер етуде. Судың сапасын анықтау үшін сынама алынып сараптамаға жіберіліп отырды. Көшім өзенінің су деңгейі көршілес мемлекетке тәуелді екені бәрімізге мәлім. Бұл мәселе әрдайым бақылауда болды. Алдағы уақытта таза ауыз су мәселесін шешу бұл – Көздіқарадан су тарту. Қазіргі уақытта Көздіқарадан Қабыршақтыға (5 шақырым) таза ауыз су тарту бойынша сметалық – жобалық құжаттама жасақталуда.

Сонымен қатар ауылдың инфраструктура жақсарту мақсатында ауылдың ген планы жасалып жатыр.

Қазіргі уақытта ауыл тұрғындарының қолында 1191 бас  МІК бар. Соның ішінде аналығы 442 бас, бұқалар 3 бас, өгіздер 67 бас, баспақ 518 бас және 2118 бас МҰҚ (қой, ешкі). Болжам бойынша 200 бас бойдақ 150 аналық сиыр АШӨК «Дос» мал бағылса, 2021 жылмен салыстыратын болсақ 595 бас МІК елді мекен жерінде жайылымда болды. Қазіргі уақытта ауылдың елді-мекенінің жалпы жайылым жері 27464 га, соның ішінде қосымша қосылғаны 2718+739 га. Аталған елді - мекеннің жері ауыл тұрғындарының малдарының жайылымға жеткілікті яғни қанағаттандырылады деп айтуға болады.

Елді-мекеннің жерінде ауыл малдарын бағу мақсатында 1 үңгірлі құдық соғылды, алайда электр желісі болмағандықтан суды айдауға электрогенератор алынды. Алдағы уақытта мал суаратын астауды тұрғындармен бірігіп ұйымдастырамыз деген ойдамыз. Сонымен қатар малдарды сумен қамту мақсатында 1 тоған (кубик) қаздыруға сметалық құжаттама дайындалды. Алайда тоған қазу үшін Первомай каналына су мөлшерінің келуін анықтауымыз керек.

Енді тек алдағы уақытта мал бағуды ұйымдастыруымыз керек. Егерде мал бағымсыз жүрсе, айыппұл тұрағына қамалып белгілі бір мөлшерде айыппұл салынады. Қазіргі уақытта айыппұл тұрағының (бұрынғы раскол) жері рәсімделіп, ауыл әкімшілігінің теңгеріміне алынды. Енді сенімгерлікке беру жөнінде жұмыстанудамыз.

 

 

 

Округтегі өзекті мәселелер:

  1. Қабыршақты ауылының кіреберіс жолын күрделі жөндеу.
  2. Мәдениет үйін жаңадан салу.
  3. Көздіқарадан таза ауыз су тарту.
  4. Бұралқы иттерді жою.
  5. Тұрмыстық қатты қалдық төгетін орынды реттеу, қоршау.

 

Қоғамдық келісім кеңесімен талқыланып 2022 жылға жоспарланған жұмыс:

  1. Көше жарығын реттеу мақсатында 3 линия тарту, электр есептегіштер орнату, қосымша жарық шамдарын орнату.
  2. Техникалық сумен қамтуға арық жүйесіне пластикалық труба орнату.
Дата публикации
05 февраля 2022