Қаржы және экономика саласы
Ауылдық округтің әлеуметтік - экономикалық дамуының негізі болып табылатын жылдық бюджет көлемі 2021 жылы республикалық бюджетті қосқанда 28 млн. 681 мың теңгені құрады (І тоқсан бойынша 5 млн. 83 мың, ІІ тоқсан бойынша 5 млн. 527 мың, ІІІ тоқсан бойынша 7 млн. 267 мың, ІV тоқсан бойынша 10 млн. 804 мың теңгені құрады).
2021 жылғы түскен салық 4 млн. 554 мың тенгені құрады. Барлығы 4 млн. 554 мың тенге. Соның ішінде пайдаланылғаны 4 млн. 554 мың тенге.
Ауыл шаруашылығы
2021 жылдың қорытындысы бойынша жеке тұрғындар мен шаруа қожалықтарында 4762 бас МІҚ, 7505 бас қой мен ешкі, 2329 бас жылқы және 1185 бас құс есепте тұр.
Жыл басынан бері 4762 МІҚ бруцеллез ауруына зерттеліп теріс көрсеткіш көрсетті.
Ірі қара малының сапалық құрамын жақсартуға бағытталған селекциялық асылдандыру жұмыстарымен айналысатын шаруа қожалықтарының саны артып келеді. «Жамбыл KZ» АШК-нің есебінен 5 бас аталық бұқа сатып алынды. Сонымен қатар шаруа қожалықтары 10 бас асыл тұқымды қошқарлар сатып алды. Бұл жұмыстар өз жалғасын табатын болады.
Қараша айында Бітік ауылына жаңадан көбік қазылып, пайдалануға берілді.
Жамбыл ауылының «Көшім» өзені жағасында орналасқан табиғи ерекшелігін пайдаланып әрбір аулаға құбыр арқылы техникалық су жеткізіліп,әрбір аула иесінің бау-бақша алаңы болуы үшін жұмыстар жасалынды. 41 аулада көкөніс, 32 аулада жеміс-жидек отырғызылды.
Малға қысқы азық дайындау науқаны кезінде округ бойынша 17,310 тонна шөп шабылды.
Білім беру,денсаулық сақтау және мәдениет саласы
Қазіргі кезеңде округте 2 негізгі, 1 бастауыш мектеп, 3 дәрігерлік бөлімше, 1 мәдениет үйі, 1 ауылдық клуб, 3 кітапхана 3 шағын орталық жұмыс жасайды.
Округтегі мектеп жасындағы балалардың барлығы да жалпыға бірдей білім берумен қамтылған. 2020-2021ж.ж. оқу жылында оқушылардың 100 пайызы ыстық тамақпен қамтылды. Балаларды мектепке дейіңгі оқу және тәрбие жұмыстарымен қамтитын 3 шағын орталықта 53 бала тәрбиеленеді.
Жазғы демалыс кездерінде 45 бала мектеп жанындағы және аудан көлеміндегі тұрақты,сауықтыру лагерлерінде демалды. Жамбыл ауылында балалар демалатын аудандық «Атамекен» жазғы балалар демалыс лагері жұмыс жасайды.
Ағымдағы жыл бойына 48 мәдени-көпшілік шара өткізілді.
Ауылдық округ бойынша тұрғындар арасында белсенді демалысты, дене тәрбиесі мен бұқаралық спортты дамыту,салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында жұмыстар жүргізіледі. Типтік жобадағы 1 дене шынықтыру залы, 2 спорт алаңы жұмыс жасайды.
Коронавирусқа қарсы екпе алу жұмыстары қарқынды жүргізілгенімен күтілген нәтижеге қол жеткізілмеді. Округ халқының 30 проценті ғана екпе алды. Ауыл әкімшілігі мен жауапты тұлғалардың бастауымен халыққа түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Аудан орталығынан мобильді топ, жылжымалы екпе егу пункті (автобус) шақыртылды. Алайда, халықтың басым бөлігі екпе алудан бас тартты. Оның себебі – әлеуметтік желідегі антиваксерлік саясатты ұстанушылардың медиа контенттері. 2021 жылы сәби немесе ана өлімі тіркелген жоқ.
Халықты әлеуметтік қолдау, «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту»
Статистикалық мәліметтер бойынша округтегі жалпы тұрғындардың саны 891 адам. Соның ішінде еңбекке қабылетті тұрғындар саны 492 адам. Бұл жалпы халық санының 53 пайызын құрайды. Экономикалық белсенді халық 224 адам. Бұл еңбекке қабылетті тұрғындар санының 44,3 пайызы. Өзін-өзі қамтып отырғандар қатарына жатқызып отырғандарымыз 224 адам, 45,5 пайызды құрайды. Жұмыспен қамту орталығында тіркелген жұмыссыздар саны 57 адам.
Жаңа жұмыс орындарын ашу жоспары 92 пайызды құрады.
55 адам, соның ішінде 22 тұрақты, 33 маусымдық жұмысқа орналастырылды. Оның сыртында 12 адам аудан және округ аумақтарында инфроқұрылымды дамыту бағытында жұмыс жасап жатқан мердігерлерде жұмыс істеді. 136 адам қоғамдық жұмысқа қабылданды.
Кәсіпкерлікті қолдаудың негізгі тетігі болып табылатын шағын несиелердің қолжетімді бола бастауының арқасында жеке ісін ұйымдастыруды қалайтын бағдарламаға қатысушылардың саны жыл санап көбейіп келеді. Күні бүгінге округ бойынша шағын кәсіпкерлік субьектілерінің саны 47 Округтің географиялық орналасуы негізінен мал шаруашылығымен айналысуға қолайлы болғандықтан шағын кәсіпкерлік саласында да олардың үлес салмағы басым. Кәсіпкерлік субьектілерінің 43 ауылшаруашылық құрылымдары.
Кәсіпкерлік дағдыларына оқыту, соның ішінде ауылшаруашылық кооперативтерін қалыптастыру қағидаттарына,олардың бизнес жобаларын сүйемелдеуге бағытталған «Бастау Бизнес» жобасы бойынша 3 адам қысқа мерзімді оқуға қатысып, 2 адам 583 мыңнан грант алып өз істерін ашуға мүмкіндік алды.6 адам еңбек нарығындағы сұранысқа ие қысқа мерзімді 1 айлық кәсіби оқуға жолданды. Қысқа мерзімді кәсіптік оқу жоспары 100 пайызға орындалды.
Ағымдағы жылы 6 отбасына жаңа форматтағы АӘК тағайындалды.
Ауылдың тазалығы, абаттандыру,көгалдандыру, инфроқұрылым
Ағымдағы жылы Республикалық, жергілікті тазалық акциялары округ бойынша жоғары дәрежеде өткізілді. «Таза жағалау» акциясы аясында Көшім жағасы қоқыстардан тазартылды.
Сәуір айында орман отырғызу күніне орай және қазан айында саябақтардағы қураған талдар ауыстырылып, жаңадан 120 түп жасыл желектер отырғызылды. Санитарлық экологиялық айлық, «Таза жағалау», «Таза орман» республикалық акциясы кездерінде елді мекендердің аумағын, «Көшім» көлінің жағалауларын, Чапаев-Казталовка автожолының бойын қатты тұрмыстық қалдықтар мен қураған ағаштардан тазалау сенбіліктері өткізілді.
Өздеріңізге белгілі, 2020 жылы Жамбыл ауылдық округіне газ, ауыз су, ұялы байланыс желілері тартылып, іске қосылды. Биылға жылы да аталған жұмыстар тоқтаған жоқ. 32 үйге газ қосылды.
Сонымен қатар, ұялы байланыс тек «Activ» операторымен шектеліп келген болатын. Үстіміздегі жылдың тамыз айында ауылға қосымша «Beeline», «Tele2» ұялы байланыстарымен қамтылды. Елді мекендерге кіреберіс жолдар мен ауылішілік жолдар тегістелді.