Ақжайық ауданы Базартөбе ауылдық округінің әкімі Б.Ш.Қдырғожиннің 2021 жылдың қорытындысы бойынша халық алдында есеп беру кездесуіне арналған БАЯНДАМАСЫ

Қаржы және экономика саласы

Ауылдық округтің бюджеті 28957000 болып бекітілді. Бюджет 100 пайызға игерілді.

2021 жылға 915208 мың теңге салық жиналды. Оның 4205 мың теңгесі жер, 47201 мың теңгесі мүлік, 863802 мың теңгесі техника салығы.

 

Ауыл шаруашылығы, ветеринария мен кәсіпкерлік саласы

Ауыл шаруашылығы саласы – еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының басым бағыты болып табылады.

Округте 2021 жылдың қорытындысымен 4397 бас ірі қара, 7988 бас қой – ешкі, 1560 бас жылқы бар. Өткен жылмен салыстырғанда ірі қара 2, жылқы 4 пайызға артып, қой – ешкі малы 1,5 пайызға кеміді.

Жергілікті шаруашылықтар мал басын асылдандыруға көңіл бөліп келеді. 2021 жылы 17 бас асыл тұқымды бұқа (Айка-4, Сабыр -5, Жәнібек-2, Алтай-2, Базартөбе –Агро СПК-4) сатып алынды.

Мүйізді ірі қара аналығымен тұқымдық түрлендіру жұмыстарына 725 бас қатысуы жоспарланып, бүгінде 369 бас немесе 51 %-ға орындалып отыр. 6 бас Еділбай асыл тұқымды қошқарын сатып алынып, тұқымдық түрлендіруге 327 бас қой аналығы қатысып, бұл бағыттағы жұмыстар орындалып отыр.

Шағын және орта бизнесті дамыту – ел экономикасына қосылған өлшеусіз үлес. «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының «Бастау Бизнес» жобасы шеңберінде кәсіпкерлік негіздеріне 1 азамат арнайы курстан өтіп 583 400 тг көлеміндегі қайтарымсыз мемлекеттік грантты ұтып, өз-өзін жұмыспен қамтушы ретінде тіркеліп, мал шаруашылығымен айналысуда.

Мемлекеттік бағдарлама аясында ауыл шаруашылығы саласына қажетті техникалар құрамы жыл сайын жаңартылуда. Атап айтқанда «Айка» шаруа қожалығы 1 трактор, тұқым сепкіш және жер жыртатын қосымша құралдарымен алып 500 га жер теліміне көпжылдық екпе шөптер (житняк, суданка) 10 га бау-бауша егу жоспарлауда.

Жыл басынан бері бруцеллез ауруына 4690 бас ірі қара мен  9396 бас қой – ешкі зерттеліп, оң нәтиже берген 13 бас мүйізді ірі қара мен  59  бас ұсақ мал түгелдей жойылды.

Биылғы жылы көктемде облыстық мәслихат шешімімен бекітілген Заң талаптарына сай мал бағымын ұйымдастыру, ауылшаруашылығы кооперативтерінің жұмысын жандандыруымыз қажет.

 

Халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау

2021 жылдың басынан жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасылар саны - 4 отбасы, олардың 4 – еуі де шартты бағытта алды.

Қазіргі уақытта 2 отбасы тоқсан сайын әлеуметтік кепілдендірілген пакетті уақытылы алып отыр.

Аудан әкімі жанындағы арнайы комиссияның шешімімен
11 отбасына 581620 мың теңге көлемінде материалдық көмек төленді.

Ақылы қоғамдық жұмысқа азаматтар 158 орын бойынша жұмысқа алынса, 5 адам тұрақты, 38 маусымдық, жастар тәжірибесіне қатысқандар саны - 2. 5 адам жеке кәсіпкер, шаруа қожалықтарына еңбек келісім шарты бойынша тіркелді.

 

Білім беру саласы

Округ аумағында 1 орта, 2 негізгі мектеп бар. Білім ордаларында 63 ұстаз қызмет жасауда. Олардың 50 - ы жоғары білімді, 13 - і арнаулы орта білімді. Округ бойынша 3 шағын орталықта 61 бала тәрбиеленуде. Материалдық – техникалық базаны жақсарту мақсатында округтегі мектептерге интерактивті тақталар берілді. Интернет желісіне қосылды.

Ұлттық бірыңғай тестілеуге 15 мектеп бітіруші орташа балл
55,6 пайызды құрады. Тестке қатынасқандардың 3 – і мемлекеттік грантқа ие болды.

Базартөбе ОЖББ мектебінің күрделі жөндеуге жобалық-сметалық құжаттары мемлекеттік сараптамадан өтуде. Аудан, облыс  әкімдерінен 2021 жылы Базартөбе ОЖЖБ мектебін күрделі жөндеуден өтуіне мүмкіндік туғызуларыңызды сұраймыз.

 

Денсаулық сақтау саласы

Денсаулық саласы адам өмірі үшін маңызды салалардың бірі.

Округте 1 дәрігерлік амбулатория, 2 медициналық пункт халыққа қызмет көрсетуде. Онда 1 дәрігер мен 6 орта буынды медицина мамандары жұмыс жасайды.

Қазіргі Базартөбе дәрігерлік амбулаториясы пайдалануға жарамсыз деп танылып, 2021-2022 жылдары жаңадан модульдік дәрігерлік амбулатория салу жоспарлануда.

Есепті мерзімде округ бойынша 9 сәби дүниеге келіп, 11 адам өмірден озды. Табиғи өсім - 2 ні құрап отыр.

Скринингтік тексеруден өтуі тиіс 848 адамның барлығы тексеруден өтіп, аурулығы ерте анықталды.

 

Мәдениет және спорт саласы

Ауылдық округте 1 мәдениет үйі, 3 кітапхана халыққа мәдени қызмет көрсетуде.

Мәдениет үйінде пандемияға байланысты мемлекеттік мерекелер мен даталы күндерге байланысты мерекелік концерттер онлайн форматта ұйымдастырылып өтуде.

Ауылдық округтегі 1 спорт алаңында спорттық сайыстар, шаралар өтуде. Қазіргі уақытта Базартөбе жалпы орта білім беретін мектебіндегі спорт залдың есігі аптаның барлық күндері тоғызқұмалақ, шахмат, волейбол, гір спортымен шұғылданушыларға айқара ашық.

 

Тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығы

Округке табиғи газ құбыры 2013 жылы жүргізілді. Қазіргі уақытта табиғи газ жүйесі 112 тұрғын үй мен 13 ғимаратқа тартылған. Жалпы, ауылдық округтегі тұрғын үйлердің 41 пайызына газ жүргізілген. Тұрғындар арасына көгілдір отынға қосылу туралы түсінік жұмыстары әлі де жүргізілуде.

Қызылжар елді мекеніне қосымша линия тарту жұмыстары биылғы жылы іске асырылатын болады.

«Ақбұлақ» бағдарламасы бойынша Базартөбе Қадырқұл Қызылжар  ауылындағы әрбір үйге таза су құбыры тартылған, халық таза судың игілігін көруде. Әр тұрғынға белгіленген норма мен таза ауыз суды мақсатты үнемдеп пайдалануға шақырамыз.

2021 жылы Базартөбе ауылындағы техникалық су бармайтын екі көшеге қосымша су құбыры тартылды. Жаз маусымында техникалық көше суы кестеге сәйкес уақытылы жүрді. Алдағы уақытта да ауыл тұрғындарына аулаларына жеміс ағаштарын, бау-бақшаларын егіп, абаттандыру жұмыстарына атсалысулары сұралады.

2021 жылы қосымша ұзындығы 3 км электр желісі кабель Қадырқұл ауылына тартылып 9 көше жарығы, Қызылжар ауылына 7 көше шамы, орнатылды. Округ бойынша жанып тұрғаны барлығы 70 прожектор. Қызылжар - 8, Қадырқұл - 9, Базартөбе - 53.

2021жылы ауыстырылғаны -35 дана.

 

Сыбайлас жемқорлықпен күрес, қоғамдық тәртіптің сақталуы, ішкі саясат саласы және арыз – шағымдармен жұмыс.

Округте 4 үкіметтік емес ұйым белсенді түрде жұмыс жасап, қоғамдық шараларға атсалысуда. Ардагерлер кеңесі, Аналар кеңесі, «Нұр Отан» бастауыш партия ұйымы. Партия мүшелері ауылдық округте ұйымдастырылған мәдени – көпшілік, спорттық шараларға белсенді қатынасып келеді.

Ауылдық округ әкімінің атына 2021 жыл бойы заңды және жеке тұлғалардан 5 өтініш түсіп, 2 – на түсінік беріліп, 3 өтініш қанағаттандырылды.

Әкімшілік ғимаратынан халыққа қызмет көрсету өз-өзіне қызмет көрсету бұрышы ашылып арнайы маман бекітіліп тұрғындардың қажеттілігіне қарай қызмет көрсетілуде.

 

БОЛАШАҚҚА БАҒДАР: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ

Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласындағы «Атамекен» кіші бағдарламасы аясында «Шағырай» қоғамдық қоры арқылы Орақ батырдың кесенесі бой көтеруде. «Мектепке жол»акциясы аясында көпбалалы отбасыларға көмектер көрсетілді. 2021 жылы Базартөбе ауылында қордаланып қалған 3500 т иесіз күл-қоқыс арнайы орынға шығарылды. Күл-қоқысты арнайы орынға шығару жөнінде әр үйге ескерту қағазы таратылды, ескертуді ескермеген жағдайда учаскелік полициямен бірлесе жұмыстанатын боламыз.

 

Базартөбе ауылдық округі бойынша:

  1. Базартөбе ОЖББ мектебін күрделі жөндеуден өткізу;
  2. Базартөбе дәрігерлік амбулаториясын жаңадан салу
  3. Азынабай – Тайпақ суландыру жүйесін іске қосу;
  4. Барбастау-Индер тас жолының іске қосылуы

 

Дата публикации
04 февраля 2022