Базаршолан ауылдық округінің әкімі Р.Бимановтың 2021 жылы атқарылған жұмыстар туралы есебі

Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 5 ақпандағы «Орталық атқарушы органдар басшыларының, әкімдердің, ұлттық жоғары оқу орындары ректорларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» №190 Жарлығына сәйкес Базаршолан ауылдық округі әкімі аппараты 2021 жылы  Қазақстан Республикасы заңдары шеңберінде жер­гілікті өзін-өзі басқарудың дер­бес бюджеті мен коммуналдық меншікті пайдалану, жергілікті өзін-өзі басқарудың 4-деңгейлі қаржыландыруы арқылы көптеген жұмыстар атқарды. Дәстүрге айналған барлық деңгейдегі әкімдердің халықпен жүздесуі және атқарылған жұмыстары туралы есеп беруі, күрделі мәселелерге баса назар аударып, оларды шешу жолдарын қарастырып, алдағы уақыттағы жұмыстарды жоспарлау біздің басты міндетіміз. Басты мақсат-ауылды жан-жақты көркейту, ауыл шаруашылығын дамыту, жаңа жұмыс орындарын ашу, жұмыссыз тұрғындарды ақылы қоғамдық   жұмыстарға және әлеуметтік жұмыстарға тарту,  кәсіптік оқыту,  жұмысқа орналастыру, кәсіпкерлікті дамыту, тұрғындарға мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыру, тұрғындар тарапынан көтерілген әлеуметтік мәселелер мен ұсыныстарды уақтылы шешу.

Базаршолан ауылдық округі бойынша 2021 жылдың 12 айында тұрғындармен 2 кездесу өткізілді. Күн тәртібінде тұрғындардың күнделікті өзекті мәселелері талқыланып, олардың айтқан ұсыныс-пікірлеріне іс-шаралар жоспары белгіленіп, заң аясында орындалу барысы туралы хабарланып отырды.

Округ бойынша бүгінгі таңда 1415 тұрғын бар. Базаршолан ауылын қоса есептегенде 2 елді мекен 305 аула, 303 отбасы, 13 қыстақ бар.

 

Қаржы және экономика саласы, «Дипломмен ауылға» бағдарламасы

Ауылдық округтің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізі болып табылатын жылдық бюджет көлемі 36 млн 524 мың теңгені құрады. Шығыс бөлігі 100 пайызға орындалды. Жергілікті салық жыл бойына
1 млн 174 мың теңгені құрады (жер салығы 54200 теңге, мүлік салығы 42100 теңге, техника салығы 1 млн 77700 теңге).

 

Ауыл шаруашылығы мен шағын кәсіпкерлік саласы

Ауыл шаруашылығында да нәтижелі істер мен өзгерістер жалғасын тапты. Ауылдық округ тұрғындары мал басын көбейтіп, бақша өсіріп, аудан экономикасына өз үлестерін қосуда. 2021 жыл бойынша ірі қара малы 3173, қой мен ешкі 6832, жылқы 1726, түйе 5 басты құрады. Базаршолан ауылдық  округінің негізгі бағыты мал шаруашылығы болғандықтан малдың асылдандырылуына көп көңіл бөлуде.

Ауылдық округ бойынша 30 шаруа қожалығы бар. Округ бойынша тұқымдық түрлендіруге 425 бас аналық мал қатынасуда. Тұқымдық түрлендіруге қатынасып отырған 9 шаруа құрылымы, 2 ауыл шаруашылық өндірістік кооперативі 8,8 млн теңге көлемінде демеу қаржыға қол жеткізді Жаңадан 2 шаруа қожалығы құрылды. 2021 жылға жоспар бойынша 10 асыл тұқымды бұқа, 3 қошқар, 1 ауыл шаруашылық техникасын алу жоспарланған болатын. Жоспарға сәйкес округімізде
17 асыл тұқымды бұқа, 13 қошқар, 1 ауыл шаруашылық техникалары сатып алынды. «Сыбаға» бағдарламасы бойынша «Шымыр мешіті» шаруа қожалығы 22 млн тенге көлемінде несие алып 50 бас асыл тұқымды ақ бас қашар сатып алды. «Бизнес бастау» куәлігімен Рахметова Анаргүл 1 млн 700 тг құжаттарын тапсырды.

Көптеген ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері мемлекеттің қаржылай қолдауын іс жүзінде сезінді және өндірісті жүргізудің жаңа технологияларын, еңбекті ұйымдастырудың инновациялық тәсілдерін енгізе отырып, ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемін арттыруды негізгі мақсаттар ретінде қарауда Лизинг бағдарламасы бойынша «Қайсар» ш/қ 1(бір) МТЗ-82 тракторын 1 шөп шапқыш, «Бекнұр» шаруа қожалығы 1 МТЗ-82 тракторын өз қаражатына сатып алды.

Биыл округ бойынша 11400 тонна мал азығын дайындауға тапсырма беріліп, 100 пайыз орындалып отыр. Мал азығын дайындау науханына 24 трактор, 56 орақ. 7 шөп тайлағыш, 9 шөп тиегіш қатынасты. Бүгінде жоспар 100 пайыз орындалды.

Бау бақша егу ауыл тұрғындары өз аулаларына картоп, көкөніс бақша дақылдарын екті.

Округімізде 12 жеке кәсіпкер бар. Барлығы тұрғындарды азық-түлік және киім кешекпен қамтып, жұмыс жасап жатыр. Өткізілген мерекелік іс-шараларға ат салысып, демеушіліктерін көрсетуде.

 

Халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау

Округте жұмыссыздықпен күресудің бір жолы ол қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру болып табылады. 2021 жылы ақылы  қоғамдық жұмысқа кезек бойынша 152 адам қоғамдық жұмысқа тартылды. 2 АӨК және 2 жеке кәсіпкер құрылып 4 жұмысшыларын тіркеді. Жастар тәжірибесі бойынша 3 адам уақытша жұмысқа орналасты. 46 адам оның ішінде 27 адам уақытша жұмысқа, 16 адам тұрақты жұмысқа барлығы 50 адам жұмысқа орналасты. «Бизнес бастау» жобасы бойынша 585,4 мың теңге грант иегері атанған көп балалы аналар мен 29 жасқа дейінгі жастар Дарипова Нүргүл тауық өсірумен, Тукенова Ақмоншақ мал өсірумен, Рахметова Анаргүль, Құсанова Гүлмира тігін құралдарын, Құбаш Бағила наубайхана бағыттарымен айналысуда. 16 азаматқа 758 мың 422 теңге көлемінде аудан әкімдігі жанындағы комиссия арқылы біржолғы материалдық көмек берілді.

«Қайырымдылық айлығы» аясында тұрмысы төмен отбасылар мен жалғыз басты қарияларға, мүмкіндігі шектеулі отбасыларға Тайпақ орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесі арқылы тегін отын түсірілді. Наурыз айында 10 отбасына 60000 теңге көлемінде азық – түліктей көмек көрсетілді.

«Халық» қайырымдылық қоры «Ел тірегі – Елбасы» науқанын жалғастырып 8 отбасыға әр қайсысына жалпы салмағы 50 кг құрайтын азық – түлік табысталды.

 

Білім беру саласы

Жыл сайын мектептерде ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп отырылады. «Мектепке жол» акциясынан округ аумағында орналасқан барлық мекемелер мен тұрғындар да сырт қалмай, екі мектептің аз қамтылған отбасыларынан шыққан оқушы балаларына оқу құралдары мен киім-кешектер алып берді.

Ауылдық округте 2 мектеп, 1 мектеп жанындағы балабақша,
1 шағын орталық бар. Бүгінгі таңда 48 мұғалім 263 оқушыларға білім беруде. Соның ішінде жоғары білімді-37, арнаулы орта білімді-11 мұғалім бар. Биылғы жылы 12 оқушы мектеп бітірді, оның 9 ҰБТ-ға қатысты. ҰБТ орташа балы 98% көрсеткішке ие.

Оқушыларға сапалы білім мен саналы тәрбие беру жолында еңбек етіп жүрген ұстаздардың жыл бойы жеткен жетістіктері де аз емес. Аудандық, облыстық, республикалық байқауларда, пән олимпиадаларында жүлделі орындарға ие болып жүр.

 

Денсаулық сақтау саласы бойынша

Округ бойынша 3 ем алу мекемелері қызмет көрсетуде. Базаршолан ауылдық округінде селолық дәрігерлік амбулатория және Есім, Баянтөбе елді мекенінде 2 медициналық пунктері қызмет көрсетуде. Штат саны 1 дәрігер, 6 орта медициналық қызметкерлері бар. Аталған медициналық бөлімшелері, дәрі-дәрмек, құрал-жабдықтармен қамтылған.

Ауылдық дәрігерлік пункті телефон байланысымен, УАЗ автокөлігімен және қысқы мезгілге газбен қамтылған. Мектеп пен балабақшада 2 медбике қызмет етеді. Есепті кезеңде ана мен бала өлімі болған жоқ.

«Саламатты Қазақстан» бағдарламасы бойынша тұрғындар арасында негізгі әлеуметтік ауруларды ерте анықтауға арналған тегін скрининг – зерттеулерден және флюрографиялық тексерулерден 2021 жылы барлығы  594 адам өтіп, тұрғындардың денсаулығын тексеру скринингі 100 пайызға орындалып отыр.

 

Мәдениет және спорт саласы

Ауылдық округте 1 мәдениет үйі, 3 кітапхана халыққа мәдени қызмет көрсетуде. Базаршолан мәдениет үйінде 5 үйірме жұмыс жасайды. Округ бойынша биылғы жылы жаңадан спорт алаңы салынды. Есепті жыл ішінде жоспарланған мәдени шаралардың барлығы өткізілді.

Ауылымызда салынған спорт алаңы жастар мен жасөспірімдердің бос уақытын өткізуге таптырмас орын болды. Ауылымызда өткізілетін барлық спорттық іс – шаралар осы спорттық алаңда өткізіліп отырады. Осының нәтижесінде аудан көлемінде жастарымыздың қатысып, қол жеткізіп жүрген үздік нәтижелері аз емес. Биылғы жылы облыстық Ақбидай біріншілігінде гір тасын көтеруден Дарипов Айбек бас жүлдені иеленді, сонымен қатар біздің Волейболшылар командасы аудандық «Ауданының біріншілігінде» қатысып жүлделі орындарды иеленді.

Сонымен қатар ауылдық округте ақсақалдар кеңесі, жастар ұйымы, әйелдер кеңесі, қоғамдық келісім кеңесі жұмыс жасайды. Қоғамдық ұйымдар үнемі ауылдың мәдени көпшілік шараларына белсене араласып отырады. Ауылымызға қатысты ауыл жастарының ауыл – аймағымызға тигізген көмектері көп болды.

 

Ауыз сумен және табиғи газбен қамту.

Округке табиғи газ құбыры 2012 жылы жүргізілді. Табиғи газ жүйесі

120 үйге, 8 мекеме мен 1 тойханаға тартылған. Есім ауылына табиғи газ 7 үй 3 мекеме бар. Ақбұлақ бағдарламасы бойынша Базаршолан ауылында 214 үйге, Есім ауылында15 үйге, Баянтөбе ауылында 10 үйге су жүргізілді. Жергілікті бюджет есебінен округ орталығына 3 км 200 метрге жазғы техникалық су жүргізілді. Табиғи газ жүргізу бойынша 2021 жылы 50 ауыл тұрғынының құжаттары рәсімделіп 170 мың тенгеден тұратын газдың бағасын 100 мың тенгеге түсіріп 40 отбасы жүргізді. және ішке жүргізу бойынша 220 мың тенгеден 20 үй көгілдір отын жүргізді.

 

Жол қатынасы, телефон байланысы, электр жеткізу және тазалық мәселесі

Жыл бойы өткізіліп келген санитарлық тазалық сенбіліктеріне ерікті жастар адам қатысып, көшелерді, автокөлік трассасы бойларын, бұрынғы қоқыс төгу алаңдарын, өзен жағалауларын тазарту жұмыстары жүргізілді, арам шөптерді ору, ағаштардың артық бұтақтарын кесу, ағаштарды әктеу жұмыстары, ауылды қоқыстардан тазарту жұмыстары атқарылды. Округте Сәуір айында «Бүкіл қазақстандық ағаш отырғызу күніне» орай 40 түп жас тал егілді. 

Есепті кезеңде ауылдық округ тұрғындарының өз қаражаты есебінен 870 тонна қатты тұрмыстық қалдықтары арнайы орын полигонға шығарылды. Сонымен қатар мемлекеттік сатып алу жоспары бойынша жергілікті бюджеттен 2 млн 800 мың тенгеге «Амина» ЖК арқылы 13980 тонна қордаланған күл қоқыс шығарылды.

Округте жыл басынан бері бірнеше сенбіліктер өткізіліп, оған округтегі мекеме қызметкерлері белсене қатынасты. 2020 жылдың желтоқсан айында округ орталығына «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында талшықтық-оптикалық интернет желiсін жүргізу жұмыстары басталып 2021 жылы округ әкімшілігіне, Ғ.Махамбетов атнындағы ЖОББ мектебіне, дәрігерлік амбулаторияға интернет қосылды.

 

Сыбайлас жемқорлықпен күрес, қоғамдық тәртіптің сақталуы және арыз-шағымдамен жұмыс

Округте бір полиция қызметкері жұмыс істейді. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында учаскелік полиция ауылдық округ әкімі аппаратымен, ақсақалдар алқасымен бірге отырып қоғамдық тәртіпті сақтау мақсатында ұдайы бірлесе жұмыс атқарып келеді. Ауылдық округ әкімінің атына 2021 жылы жеке тұлғалардан тұрғын үй құрылысына жер пайдалану үшін 3 жер телімін сұраған өтініш түсті, барлығыда қанағаттандырылды.

 

2022 жылға жоспар.

  1. 1941-1945 ж.ж Ұлы Отан соғысы құрбандарына арналған монумент жанына саябақ ашу (сахна жабыдықтау).
  2. Кәсіпкерлікті дамыту, жеке кәсіпкерлер мен мен жаңа жұмыс орнын ашуға ниет білдірген ауылдық округ тұрғындарының әлеуметтік бағдарламалар бойынша аудандық жұмыспен қамту бөлімі арқылы жеңілдетілген несие алуына ықпал жасау.
  3. Ауылдық округтегі елді мекендерді абаттандыру, көркейту, көгалдан-дыру жұмыстарын жүргізу.
  4. Кедейшілікпен күресу мақсатында тұрғындардың бау-бақша егуіне, мал өсіруіне ықпал жасау, несие алып, кәсіп ашуға бағыттау.
  5. Көп балалы аналарға, мүмкіншілігі шектеулі жандарға, жалғызбасты аналарға қайырымдылық көмектер ұйымдастыру.
  6. Жастармен жұмысты жандандыру, мәдени және спорт шараларының бұқаралылығын арттыру, елді мекендердегі спорт, демалыс орындарының жұмысын жетілдіру, тұрғындардың спорт алаңдарын тегін пайдалануға қолжетімділігін арттыру. Тұрғындар арасында салауатты өмір салтын насихаттауды жандандыру.

 

Округ бойынша өзекті мәселелер.

  1. Округте мал шаруашылығын одан әрі дамыту мақсатында Азнабай-Тайпақ суару-суландыру жүйесін күрделі жөндеу.
  2. Базаршолан-Тайпақ жайын жолын жөндеу
  3. Әкімшілік ғимаратын күрделі жөндеу жүргізу.
  4. Базаршолан-Тайпақ арасындағы Жайық өзенінен өту үшін өткел қою.

 

Дата публикации
04 февраля 2022