Қаржы және экономика саласы
Ауылдық округтің әлеуметтік – экономикалық дамуының негізі болып табылатын жылдық бюджет көлемі 38 млн 429 мың теңгені құрады. 2021 жылдық бюджеттің шығыс бөлігі 100 % игерілді. Салық түсімдері: мүлік - 29700, жер – 3600, көлік – 757 500 теңге.
Ауыл шаруашылығы мен кәсіпкерлік саласы
Жылдық есеп бойынша мүйізді ірі қара 2697 бас, қой 3302 бас, ешкі 1096 бас, жылқы 1117 бас, түйе 15 бас, үй құстары 1004 басты құрайды.
Округ бойынша бірдейлендіру жұмыстары барысында 800 бас мүйізді ірі қара, 2000 бас қой – ешкі, 176 бас құлын, 2 бас түйе малы дерекқорға енгізілді.
Бұралқы иттерді аулау бағытында да жұмыстар жүргізілді, алайда үй иелерінің ит-мысықтарды тіркеу, күтіп ұстау бағытында тұрғындарға түсіндірме жұмыстары жүргізілсе де, бұралқы иттер мен мысықтардың саны әлі де азаймай, үй жануарларына тиісу фактілері орын алып отыр.
Округ малдары жоспарға сай әртүрлі ауруларға қарсы егілді. Сонымен қатар жануарлар арасындағы ауруларға қарсы ветеринарлық профилактикалық шаралар жүргізіліп, жоспарға сай қан алынып, Тайпақ аймақтық зертханасына зерттеуге жіберіліп отырды. Есепті кезеңде 14 бас ұсақ малдың бруцеллез ауруына шалдыққаны анықталып, уақытылы ет комбинатына тапсырылды. Округ бойынша мүйізді ірі қара малынан бруцеллез ауруы анықталған жоқ.
Округ бойынша 7 шаруа қожалығы 10 бас жалпы құны 2 млн 800 мың теңгеге асыл тұқымды бұқа сатып алды. «Сарман-Дидар» ауыл шаруашылығы кооперативі 2 бас асыл тұқымды бұқаны жалға алды. 2 шаруа қожалығы 280 мың теңгеге асыл тұқымды қошқар сатып алуға қол жеткізді.
Жыл бойынша 3 млн 80 мың теңгеге инвестиция тартылды. «Жәрдем» шаруа қожалығы 50 га жерге люцерн егу бағытында жұмыстанып, құжаттарын рәсімдеуде.
Есепті кезеңде округ бойынша конкурстық негізде 4 азамат жер телімдерін алып, 2-еуі шаруа қожалықтарын ашу бағытында жұмыстануда.
Округ орталығынан қашықта орналасқан жерлерді жалға алған шаруа қожалықтары су тапшылығына байланысты жерлерін мақсатты пайдалана алмай отыр.
Округте 44 кәсіпкерлік субъектісі тіркелген, оның 31 мал шаруашылығымен айналысатын шаруа қожалықтары, 11 жеке кәсіпкер, 2 несие серіктестігі, кәсіпкерлік саласында 15 адам еңбекпен қамтылып отыр,оның 13 ауыл шаруашылығында, 2 саудада.
Округ бойынша 2 жеке кәсіпкер мен 7 шаруа қожалығы өз қарамағындағы 13 жұмысшымен электронды еңбек келісім шартын жасап, ресми түрде тіркеді. Бұл жұмыстар жалғасын табатын болады.
Халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік саласы
Есепті кезеңде жұмыссыздар есебінде тұрған 7 адам тұрақты жұмысқа, 53 адам уақытша (газоператор, киім ілуші,шаруа қожалықтарына жұмысшы) жұмысқа орналасты. 2021 жылы 63 адам ақылы қоғамдық жұмыспен қамтылып, 3 адам жастар тәжірибесінен өтті. 5 шаруа қожалығы 12 адамды әлеуметтік жұмыс орнына алды. «Бастау Бизнес» бағдарламасы бойынша қысқа мерзімді кәсіпкерлік негіздері курстарынан өткен 3 жұмыссыз тұрғын әрқайсысы 583 мың 400 теңгеден қайтарымсыз мемлекеттік грантты иеленіп, өз кәсіптерін жетілдіру бағытында жұмыстануда. 1 жеке кәсіпкер «Еңбек» бағдарламасы арқылы 1 млн 500 мың теңгеге несие алды. Сарман ауылының жұмыссыз 1 тұрғыны 5 млн 700 мың теңгеге несие алып, 20 бас мүйізді ірі қара малын сатып алуды жоспарлап отыр. Құжаттары дайын.
Есепті кезеңде мекемелердің, шаруа қожалықтары мен кәсіпкерлердің, жалпы қайырымды жандардың демеушілігімен 521 300 теңгеге аз қамтылған, мүгедек, көп балалы отбасыларына қайырымдылық көмегі көрсетілді. Осы қысқы маусымда мүмкіндігі шектеулі және аз қамтылған 5 отбасына тегін, 8 отбасына жеңілдікпен Тайпақ орман шаруашылығы мекемесі арқылы ағаш отынымен көмек берілді.
Әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларына көмек қолын созып, демеуші болған шаруа қожалық басшыларына, мекемелерге, кәсіпкерлерге, Тайпақ орман шаруашылығы мекемесіне ауыл тұрғындары атынан ризашылығымды білдіремін.
Аудан әкімі жанындағы арнайы комиссияның шешімімен 13 адамға 726 333 теңгенің бір жолғы материалдық көмегі берілді.
Білім беру саласы
Округте 1 орта, 1 бастауыш, 2 мектеп жанындағы шағын орталық жұмыс жасайды.Сарытоғай жалпы орта білім беретін мектебінде 181 оқушы, Сарман бастауыш мектебінде 13 оқушы, 48 бала шағын орталықтарда білім, тәрбие алуда. 16 оқушы Сарман ауылынан тасымалданып оқылады. Мектепке жол акциясы арқылы аз қамтылған оқушыларға 141 000 тенгенің көмегі көрсетілді.
Денсаулық сақтау саласы
Округте 1 фельдшерлік акушерлік пункт, 1 медициналық пункт тұрғындарға қызмет көрсетеді.Тұрғындар арасында негізгі әлеуметтік ауруларды ерте анықтауға арналған тегін скрининг зерттеулерден 195 ересек адам, 203 бала, 122 адам флюрографиядан өтті. Есепті кезеңде 15 сәби дүниеге келді, 6 адам дүниеден озды.
Мәдениет және спорт саласы
Округте 1 мәдениет үйі және 2 кітапхана қызмет көрсетеді.Мектептегі 6 спорттық секцияда 120 бала спорттың әр түрімен шұғылданады.Мектептің спортзалында бекітілген кестеге сәйкес ауыл жастары үшін спортпен шұғылдануға мүмкіндік жасалған. Мектеп оқушылары мен ауыл жастарының спортқа деген ынтасы жоғары, аудан, облыс көлеміндегі спорттық жарыстарға (күрес, шахмат) қатысып, жүлделі орындарды иеленіп жүр.
Биылғы жылы қаңтар айында Біріккен Араб Әмірлігінің астанасы Абу-Даби қаласында қазіргі спорттың жаңа түрі ММА-дан өткен әлем чемпионатында 65,8 кг салмақта сынға түсіп, қола жүлдеге ие болған ауылымыздың ұлы, мектеп түлегі Шабдан Самғат Қайратұлына үлкен қошемет білдірейік құрметті ауылдастар. Бұл ауылдың спорт тарихында бұрын болмаған жетістік, ауыл, аудан, облысымыз үшін үлкен мақтаныш.
Чемпион ұлымызға ауыл болып құрмет көрсетіп, сый-сияпатымызды ұсындық. Сонымен қатар спорттың осы түрін ауылымызға алып келіп, ауыл балаларын алғаш жаттықтырған Шабдан Гамзат Қайратұлына да ризашылық білдіремін. Ауыл балаларының спорттағы жетістіктері көбейе берсін!
Ауыз сумен және табиғи газбен қамтылу
«Ақбұлақ» бағдарламасы бойынша Жанама, Сарман ауылдары таза ауыз сумен қамтылып отыр.
2021 жылы қосымша 7 үй көгілдір отынға қосылып, бүгінгі таңда 144 үй және 6 әлеуметтік нысан көгілдір отынның қызығын көруде.
2021 жылы көптен жоспарланып жүрген Жанама ауылының негізгі көшесіне құны 7 млн 056 мың теңге тұратын техникалық су жүргізілді. Биылғы жылы техникалық суды пайдаланатын тұтынушылардың санын арттыру жоспарда бар. Техникалық судың келуі тұрғындарға таза ауыз суды үнемдеуге, ауласына бау-бақша, жеміс ағаштарын егіп, өнім алуға мүмкіндік береді.
Байланыс, тазалық мәселесі
Елді мекендерді жарықтандыру бағытында Жанама, Сарман ауылдарында түнгі жарықпен қамтылған, істен шыққан фонарлар уақтылы ауыстырылып отырылады.Округ бойынша 130 үй отау телеарнасына қосылған. Көктем және жаз айларында жеке үйлер маңындағы күл-қоқыстарды шығару, ауыл маңындағы қара су, Жайық өзені жағалауларын тазарту жұмыстары жүйеге қойылған. Аталған жұмыстарға ауыл азаматтарының жеке техникалары мен шаруа қожалықтарының техникалары пайдаланылады.
Ауылдық округі әкімінің атына жыл бойына жеке тұрғындардан 12 өтініш келіп түскен болатын, оның 10 еңбек мәселесі, соның 10 түсіндіріліп, 2 тиісті жауабы жолданды. Сонымен қатар жеке қосалқы шаруашылықтарындағы жерлерін нақтылау бойынша 9 өтініш қабылданып, тиісті орындарға жолданды.
Былтырғы жылғы есепті кездесуде төмендегідей мәселелер көтерілген болатын:
Округ алдында тұрған өзекті мәселелер: