2022 жылғы 13 ақпанға тағайындалған Ақжайық ауданының Базартөбе ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі учаскелік сайлау комиссияларының дайындығы жөнінде ақпарат

 

2022 жылғы 13 ақпанға тағайындалған

Ақжайық ауданының Базартөбе ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі учаскелік сайлау комиссияларының дайындығы жөнінде ақпарат.

 

             Ақжайық ауданының Базартөбе ауылдық округі Жайық өзенінің сол жақ жағалауында орналасқан, аудан орталығы Чапаев ауылына 125 шақырым қашықтықта. Ақжайық ауданында Базартөбе ауылдық округі әкімінің сайлауы 3 сайлау учаскесінде өткізіледі.  Базартөбе ауылдық округі бойынша 3 сайлау учаскенің құрамында 15 мүше жұмыс атқаруда.

             Барлығы 849 сайлаушылар бар. №40 сайлау учаскесінде-547, №41 сайлау учаскесінде-124, №42 сайлау учаскесінде-178.

Аталған округ бойынша  әкім лауазымына  өзін-өзі ұсыну жолымен 3 үміткерден тіркеліп отыр.

             Аудандық «Жайық таңы» газетінде және аудан әкімі аппаратының сайтында тұрғындар үшін сайлау учаскелерінің орналасқан жері, сайлау учаскелерінің шекаралары, құрамы, тіркелген кандидаттардың тізімі, сайлауалды бағдарламалары мен басқада қажетті хабарламалар берілді. 

             Әрбір сайлау учаскесінің ғимараты мен алдында үгіттік баспа материалдарын ілуге орындар әзірленді. Ауылдық округ әкімінің сайлауына орай үміткерлердің сенім білдірген адамдардың сайлаушылармен  кездесу үшін орындар белгіленіп,  кестесі газет бетіне жарияланды. Барлық үміткерлерге бірдей қолжетімді жағдай туғызылды.

             Сайлау учаскесінде кабиналар, үлкен-кіші жәшіктер, кеңсе тауарлары толық қамтылды.  Әлеуметтік қашықтықты сақтау үшін белгілер қойылды. Еріктілер сайлау учаскесінде сайлаушылардың  санын реттеп отырады. 3 сайлау учаскесінде қосалқы шығу есіктері бар, дауыс берген сайлаушылар дауыс беруге келген сайлаушылармен қиылыспайды. Барлық сайлау комиссия мүшелері жеке қорғану құралдарымен, сайлау учаскелері тепловизор, дезинфекциялық кілемшелер, қолға арналған антисептикалық құралдар, бетперделер,  сайлаушыларға арналған жеке автоқаламдар және қолғаптармен қамтылды. Сайлаушылардың қызуы көтерілген жағдайларында арнайы жарақтандырылған оқшалау бөлмелерінде медицина қызметкерлері қызмет көрсетеді.. Дауыс беру бөлмесінде Covid-19 алдын алу шараларын сақтау туралы ақпараттық материалдармен стендтер орнатылған.

             Базартөбе ауылдық округі бойынша №40 сайлау учаскесінде-18, №41 сайлау учаскесінде-5, №42 сайлау учаскесінде-7, барлығы 30 мүмкіндігі шектеулі азаматтар бар. Барлық сайлау учаскелерінде мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған көрсеткіштер бар. Мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін кіруі мен дауыс беруі үшін барлық ғимараттарда пандустар орнатылған,тактильді көрсеткіштері, лупа, трафареттермен қамтылып, кабиналар бейімделген.             Үйден дауыс беретін №40 сайлау учаскесінде-43, №41 сайлау учаскесінде-6 сайлаушы бар, №42 сайлау учаскесінде үйден дауыс беретін сайлаушылар жоқ.

    Сайлау учаскелері бірінші қабатта орналасқан. Барлық сайлау учаскелерінің сайлауды өткізуге дайын.

 

Дата публикации
12 февраля 2022