АҚЖАЙЫҚ АУДАНДЫҚ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ХАБАРЫ
Қазақстан Республикасының «Сайлау туралы» Конституциялық Заңының 113-3 бабына сәйкес, 2022 жылдың 19 қаңтар күні Базартөбе ауылдық округі әкіміне үміткер болып өзін-өзі ұсынумен Зиеденов Нурбек Кенжеевич аумақтық сайлау комиссиясына тиісті құжаттарын тапсырды. Ол Ақжайық ауданы Базартөбе ауылдық округі Базартөбе ауылының тұрғыны. 1997 жылы «Құрмет белгісі» орденді А.С.Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын бітірген, мамандығы- орыс мектебіндегі қазақ тілі мен әдебиеті, ал 2019 жылы Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетін бітірген, мамандығы- қазақ тілі мен әдебиеті. Қазіргі уақытта «Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Ақжайық ауданы білім беру бөлімінің «Базартөбе жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде директор болып жұмыс жасайды.
2022 жылдың 24 қаңтар күні Базартөбе ауылдық округі әкіміне үміткер болып өзін-өзі ұсынумен Досымова Гулбаршын Тлековна аумақтық сайлау комиссиясына тиісті құжаттарын тапсырды. Ол Ақжайық ауданы Ақсуат ауылдық округі Ақсуат ауылының тұрғыны. 2007 жылы Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық универитетін бітірген, мамандығы- ветеринарлық-санитария дәрігері. Қазіргі уақытта «Ақжайық аудандық ветеринариялық станциясы» МКК Ақсуат ауылдық округінің телім меңгерушісі болып жұмыс жасайды.
Ақжайық аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ауылдық округ әкімдеріне үміткерлерді Қазақстан Республикасының «Сайлау туралы» Конституциялық Заңына және «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңына сәйкестігін анықтайтын болады.