2022-2024 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы

2022-2024 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы

 

Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес Ақжайық аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. 2022-2024 жылдарға арналған аудандық бюджет 1, 2 және 3 -қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2022 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 8 511 499 мың теңге:

салықтық түсімдер – 1 493 447 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 8 857 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 5 717 мың теңге;

трансферттер түсімі – 7 003 478 мың теңге;

2) шығындар – 8 511 499 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – -111 857 мың теңге:

бюджеттік кредиттер – 0 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 111 857 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 теңге:

қаржы активтерін сатып алу – 0 теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – 111 857 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –
- 111 857 мың теңге;

қарыздар түсімі – 0 мың теңге;

қарыздарды өтеу – 111 857 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 0 теңге.

  1. 2022 жылға арналған аудандық бюджет түсімдері Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес қалыптастырылады.
  2. Жергілікті бюджеттердің теңгерімділігін қамтамасыз ету үшін 2022 жылдың кірістер бөлу нормативі төмендегі кіші сыныптар кірістері бойынша белгіленсін:

1) жеке табыс салығы аудандық бюджетке 100% мөлшерінде есепке алынады;

2) әлеуметтік салық аудандық бюджетке 100% мөлшерінде есепке алынады.

  1. Жергілікті атқарушы органдарға қарасты мемлекеттік мекемелер ұсынатын қызметтер мен тауарларды өткізуден түсетін ақшалар Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі және Қазақстан Республикасының Үкіметі анықтаған тәртіпте пайдаланылады.
  2. Облыстық бюджеттен 2022 жылы берілетін субвенция көлемінің жалпы сомасы – 6 542 578 мың теңге болып белгіленсін.
  3. 2022 жылға арналған аудандық бюджеттен жергілікті өзін-өзі басқару органдарына берілетін субвенция – 430 674 мың теңге көлемінде
    4 – қосымшаға сәйкес белгіленсін.
  4. 2021 жылға арналған ауданның жергілікті атқарушы органдарының резерві – 20 000 мың теңге көлемінде бекітілсін.
  5. 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен белгіленген мамандар лауазымдарының тізбесіне сәйкес ауылдық жерлерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт саласының азаматтық қызметшілеріне, осы қызмет түрлерімен қалада айналысатын азаматтық қызметшілердің ставкаларымен салыстырғанда, лауазымдық жалақыларын 25% көтеру көзделсін.
  6. 2022 жылға арналған аудандық бюджетте ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдық округтер әкімдері аппаратының мемлекеттік қызметшілеріне көтерме жәрдемақы және тұрғын үй алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау көзделсін.
  7. Аудандық мәслихат аппаратының басшысы (А. Умбеталиев) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
  8. Осы шешім 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Лауазымы

 

Аты-жөні

 

Дата публикации
30 ноября 2021