Ақжайық ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы

         ЖОБА                                                                                                                                     

Ақжайық ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 23-бабы 1-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабы 2-тармағына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, ШЕШТІМ:

  1. Ақжайық ауданының аумағында дауыс беруді өткізу және дауыстарды санау үшін сайлау учаскелері осы шешімнің қосымшасына сәйкес құрылсын.
  2. Ақжайық ауданы әкімінің 2018 жылғы 27 қарашадағы № 21 «Ақжайық ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5415 тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
  3. Ақжайық ауданы әкімі аппаратының басшысы осы шешімнің Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
  4. Осы шешімнің орындалуын бақылау Ақжайық ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
  5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Лауазымы

 

Аты-жөні

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Ақжайық аудандық аумақтық

сайлау комиссиясы

 

Дата публикации
12 октября 2021