Өсімдіктер карантині саласында мемлекеттік қызмет көрсетудің стандартына өзгерістер

Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Ақжайық аудандық аумақтық инспекциясы 2021 жылдың 28 мамырында   Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің № 172 бұйрығымен  ҚР аумағын карантиндік объектілерден және бөтен текті түрлерден қорғау жөніндегі қағидасына және  өсімдіктер карантині саласында мемлекеттік қызмет көрсетудін Стандартына өзгерістер мен толықтырулар  еңгізілгенін және 2021 жылғы 7 тамыздан бастап күшіне енгенін хабарлайды. Жоғарыда аталған құжаттардың жаңартылған редакциясы «Әділет» ҚАС жарияланған.

Еңгізілген өзгерістерге сәйкес,  мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің көрсету  мерзімі өзгертілді.

        "Карантинге жатқызылған өнiмдi Қазақстан Республикасының аумағында тасуға карантиндік сертификат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтін мерзімі өтінішті портал арқылы берген сәттен бастап – 1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетіледі. Өтінімдерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі "электрондық үкіметтің" www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы арқылы жүзеге асырылады. Сертификаттарды да осы платформалардан алуға болады.

Ал  егер  өз өніміңізді  елімізден  тыс  аумақтарға  шығаратын  болсаңыз, онда                «Карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкетуге фитосанитариялық  сертификат беру» мемлекеттік қызметіне жүгінесіз. Бұл сертификатты өтініш берген сәттен 3 жұмыс күні ішінде ала аласыз.

 Сондай-ақ, аталмыш қызметтерді Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 17 сәуірдегі № 131 бұйрығымен  бекітілген карантиндік фитосанитариялық талаптарға сәйкестігін растайтын, өтініш берілген күнге дейін күнтізбелік 7 (жеті) күннен асырмай берілген,  карантинге жатқызылған өнімнің жай-күйін карантиндік фитосанитариялық сараптау қорытындысын өтінішке қоса берілсе , карантинге жатқызылған өнімнің Қазақстан Республикасының аумағында тасымалдауға карантиндік сертификат, немесе Қазақстан Республикасының аумағынан әкету үшін фитосанитариялық сертификат беруге арналған өтініш аумақтық бөлімшенің (көрсетілетін қызметті берушінің) кеңсесінде тіркелген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс сағаты ішінде ала аласыз.

Сонымен қатар,  карантинге жатқызылған өнімнің мәлімделген партиясының межелі елдің карантиндік фитосанитариялық талаптарына сәйкестігін растайтын, өтініш берілген күнге дейін күнтізбелік 7 (жеті) күннен асырмай берілген,  карантинге жатқызылған өнімнің жай-күйін карантиндік фитосанитариялық сараптау қорытындысы қоса берілсе, тез бұзылатын карантинге жатқызылған өнімді (жемістер, жидектер, көкөністер, бақша дақылдары) Қазақстан Республикасының аумағында тасымалдауға карантиндік сертификат және Қазақстан Республикасының аумағынан әкету үшін фитосанитариялық сертификат алуға арналған өтініш аумақтық бөлімшенің (көрсетілетін қызметті берушінің) кеңсесінде тіркелген сәттен бастап 3 (үш) жұмыс сағаты ішінде қаралып, қызмет көрсетіледі. Мемлекеттік қызметтердің барлығы тегін көрсетіледі.

Өсімдіктер карантині саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша толық ақпаратты Чапаев ауылы, Мендәлиев көшесі, 23 мекенжайында орналасқан аудандық аумақтық инспекциядан білуге болады.

Байланыс телефоны: 92-4-24.

 

 

Жексенғали Асқаров, аудандық аумақтық инспекцияның бас маманы, өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторы.

Дата публикации
30 сентября 2021