Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданының Бударин, Сарытоғай және Тайпақ ауылдық округтері әкімдерін тіркеу туралы Ақжайық аудандық аумақтық сайлау комиссиясының хабарламасы

 

 

Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданының Бударин, Сарытоғай және Тайпақ ауылдық округтері әкімдерін тіркеу туралы Ақжайық аудандық аумақтық сайлау комиссиясының

ХАБАРЛАМАСЫ

 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 113-11-бабына сәйкес, аудандық аумақтық сайлау комиссиясы 2021 жылдың 25 шілде күні Бударин, Сарытоғай және Тайпақ  ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын өткізді.

Сайлаудың қорытындысына сәйкес, аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2021 жылғы 29 шілдегі шешімімен Бударин, Сарытоғай және Тайпақ ауылдық округтерінің әкімдері лауазымына келесі кандидаттар тіркелді:

Бударин ауылдық округі – Мусагалиев Шокан Рахимович, 1972 жылы туылған, Бударин ауылдық округінің әкімі, Бударин ауылында тұрады, «Nur Otan» саяси партиясынан ұсынылды.

Сарытоғай ауылдық округі  – Әлжан Абзал Жәрдемұлы, 1965  жылы туылған, Сарытоғай ауылдық округінің әкімі, Жанама ауылында тұрады, «Nur Otan» саяси партиясынан ұсынылды.

Тайпақ ауылдық округі  – Шаленов Болат Байгалиевич, 1963 жылы туылған, Тайпақ ауылдық округінің әкімі, Тайпақ ауылында тұрады, «Nur Otan» саяси партиясынан ұсынылды.

 

 

                   Комиссия төрағасы                      С.Аймукашев

 

        

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
29 июля 2021