Ақжайық аудандық аумақтық сайлау комиссиясының хабары

Ақжайық аудандық аумақтық сайлау комиссиясының хабары

Қазақстан Республикасының «Сайлау туралы» Конституциялық Заңының 113-3 бабына сәйкес, 2021 жылдың 4 шілдесі күні Бударин ауылдық округі әкіміне үміткер болып «ADAL»  саяси партиясы ұсынуымен Абдрахманов Салык Ануарбекович аумақтық сайлау комиссиясына тиісті құжаттарын тапсырды. Ол Ақжайық ауданы Бударин ауылдық округі Бударин ауылының тұрғыны. 1994 жылы Батыс Қазақстан ауылшаруашылық институтын бітірген,  мамандығы- мал дәрігері. Қазіргі уақытта «Ақжайық аудандық ветеринариялық станциясы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнында  Бударин ауылдық округінің телім меңгерушісі болып жұмыс жасайды.

Тайпақ ауылдық округі әкіміне үміткер болып «ADAL»  саяси партиясы ұсынуымен Ибрашев Ануар Қалелұлы аумақтық сайлау комиссиясына тиісті құжаттарын тапсырды. Ол Ақжайық ауданы Чапаев ауылдық округі Чапаев ауылының тұрғыны. 2006 жылы  басқару және құқық институтын бітірген,  мамандығы- мұнай мен газ кен орындарын игеру. Қазіргі уақытта Ақжайық аудандық газ шаруашылығының газды пайдалану және жөндеу қызметі  акционерлік қоғамында  6 разрядты шебері болып жұмыс жасайды.

Тайпақ ауылдық округі әкіміне үміткер болып «Ақ жол»  саяси партиясы ұсынуымен Есеналиева Жанылсын Жанболатовна аумақтық сайлау комиссиясына тиісті құжаттарын тапсырды. Ол Ақжайық ауданы Чапаев ауылдық округі Чапаев ауылының тұрғыны. 2009 жылы мемлекеттік коммуналдық қазынашылық кәсіпорны Құрманғазы атындағы саз колледжін, мамандығы- кітапхана ісі және 2013 жылы Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетін бітірген,  мамандығы- кітапханашы. Қазіргі уақытта «Чапаев ауылындағы орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» мемлекеттік мекемесінде әдістеме бөлімінің жетекшісі болып жұмыс жасайды.

2021 жылдың 5 шілдесі күні Сарытоғай ауылдық округі әкіміне үміткер болып «Ауыл»  саяси партиясы ұсынуымен Абилов Маханбет Абаевич аумақтық сайлау комиссиясына тиісті құжаттарын тапсырды. Ол Ақжайық ауданы Жаңабұлақ ауылдық округі Жаңабұлақ ауылының тұрғыны. 2003 жылы Батыс Қазақстан аграрлық университетін мамандығы- зоотехния, ал 2012 жылы Еуразия Академиясын бітірген,  мамандығы- мемлекеттік және жергілікті басқару. Қазіргі уақытта Батыс Қазақстан облысы  Ақжайық ауданының «Атамекен» кәсіпкерлерді қолдау орталығында  менеджер-кеңесшісі  болып жұмыс жасайды.

Бударин ауылдық округі әкіміне үміткер болып «Ауыл»  саяси партиясы ұсынуымен Мангуров Ербол Имангалиевич аумақтық сайлау комиссиясына тиісті құжаттарын тапсырды. Ол Ақжайық ауданы Чапаев ауылдық округі Чапаев ауылының тұрғыны. 2002 жылы  Қазақстандық экономика және құқық институтын бітірген,  мамандығы- құқықтану. Қазіргі уақытта Чапаев орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі" мемлекеттік мекемесінде заңгер болып жұмыс жасайды.

Ақжайық аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ауылдық округ әкімдеріне үміткерлерді Қазақстан Республикасының «Сайлау туралы» Конституциялық Заңына және «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңына сәйкестігін анықтайтын болады.

 

 

Дата публикации
07 июля 2021