Аудандық (қалалық) сайлау комиссиясына аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдеріне кандидаттардың Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкестігін тексеру үшін ұсынатын құжаттарының тізбесі.

Аудандық (қалалық) сайлау комиссиясына аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдеріне кандидаттардың Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкестігін тексеру үшін ұсынатын құжаттарының тізбесі

     Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдігіне кандидаттар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкестігін тексеру үшін аудандық (қалалық) сайлау комиссиясына мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

      2) осы тізбеге қосымшаға сәйкес нысан бойынша аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдігіне кандидаттың қызметтік тізімі;

      3) Еңбек кітапшасының көшірмесі;

      4) білімі туралы құжаттардың көшірмесі.

     "Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген білімі туралы құжаттарға "Халықааралық бағдарламалар орталығы" акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі".

Аудандық (қалалық) сайлау комиссиясы 1), 3) және 4) тармақшаларда көрсетілген құжаттардың көшірмелерін түпнұсқаларымен немесе нотариат куәландырған көшірмелерімен салыстырып тексереді.

     Аудандық (қалалық) сайлау комиссиясы кандидат құжаттарды тапсырғаннан кейін келесі күнтізбелік күннен кешіктірмей мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның тиісті аумақтық органына жоғарыда көрсетілген құжаттарды және құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі органның жеке тұлғаға мәліметтердің болуы / болмауы туралы деректерді алу үшін қойылған талапқа жауабын жолдайды.

Дата публикации
07 июля 2021