Ақжайық аудандық аумақтық сайлау комиссиясының хабары
Қазақстан Республикасының «Сайлау туралы» Конституциялық Заңының 113-3 бабына сәйкес, 2021 жылдың 2 шілдесі күні Бударин ауылдық округі әкіміне үміткер болып «Nur Otan» саяси партиясы ұсынуымен Мусагалиев Шокан Рахимович аумақтық сайлау комиссиясына тиісті құжаттарын тапсырды. Ол Ақжайық ауданы Бударин ауылдық округі Бударин ауылының тұрғыны. 1994 жылы Орал ауылшаруашылық техникумын бітірген, мамандығы- зооветтехник-ұйымдастырушы, ал 2003 жылы А.С.Пушкин атындағы Батыс Қазақстан гуманитарлық университетін бітірген, мамандығы- жоғары кәсіби білімді қазақ тілі мен әдебиеті мұғалім. Қазіргі уақытта Бударин ауылдық округі әкімі болып жұмыс жасайды.
Сарытоғай ауылдық округі әкіміне үміткер болып «Nur Otan» саяси партиясы ұсынуымен Әлжан Абзал Жәрдемұлы аумақтық сайлау комиссиясына тиісті құжаттарын тапсырды. Ол Ақжайық ауданы Сарытоғай ауылдық округі Жанама ауылының тұрғыны. 1989 жылы Гурьев педагогика институтын бітірген, мамандығы- тарих, қоғам тану және совет заңы пәнінің мұғалімі. Қазіргі уақытта Сарытоғай ауылдық округі әкімі болып жұмыс жасайды.
Тайпақ ауылдық округі әкіміне үміткер болып «Nur Otan» саяси партиясы ұсынуымен Шаленов Болат Байгалиевич аумақтық сайлау комиссиясына тиісті құжаттарын тапсырды. Ол Ақжайық ауданы Тайпақ ауылдық округі Тайпақ ауылының тұрғыны. 1985 жылы «Құрмет белгісі» орденді А.С.Пушкин атындағы Орал пед институты бітірген, мамандығы- сурет, сызу және еңбекке үйрету мұғалімі. Қазіргі уақытта Тайпақ ауылдық округі әкімі болып жұмыс жасайды.
2021 жылдың 3 шілдесі күні Сарытоғай ауылдық округі әкіміне үміткер болып өзін-өзі ұсынуымен Айткалиев Касым Жасуланулы аумақтық сайлау комиссиясына тиісті құжаттарын тапсырды. Ол Ақжайық ауданы Көнеккеткен ауылдық округі Көнеккеткен ауылының тұрғыны. Ол 2011 жылы Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетін бітірген, мамандығы - көлік, көліктехникасы және технологиялары. Қазіргі уақытта Көнеккеткен ауылдық округі әкімі аппаратында бас маман болып жұмыс жасайды.
Ақжайық аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ауылдық округ әкімдеріне үміткерлерді Қазақстан Республикасының «Сайлау туралы» Конституциялық Заңына және «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңына сәйкестігін анықтайтын болады.