Ақжайық аудандық мәслихатының 2021 жылғы 22 қаңтардағы №2-2 «Ақжайық ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы

Ақжайық аудандық мәслихатының

2021 жылғы 22 қаңтардағы №2-2

«Ақжайық ауданының әлеуметтік

көмек көрсету, оның мөлшерлерін

белгілеу және мұқтаж азаматтардың

 жекелеген санаттарының тізбесін

айқындау қағидаларын бекіту туралы»

шешіміне өзгерістер және толықтырулар

енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының «Ардагерлер туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын
бекіту туралы» қаулысына сәйкес, Ақжайық аудандық
мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Ақжайық аудандық мәслихатының 2021 жылғы 22 қаңтардағы № 2-2 «Ақжайық ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» шешіміне келесі өзгерістер және толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген шешіммен бекітілген Ақжайық ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларында:

7-тармақта:

1-тармақша келесі мазмұндағы 1.1) тармақшамен толықтырылсын:

«1.1) Кеңес Армиясының еріктi жалдамалы құрамының адамдарына; Кеңес Армиясының әскери қызметшiлерiне; Ауғанстан аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне (қатысушылары, қаза тапқандардың отбасылары); 1986–1987 жылдары ЧАЭС апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жоюға қатысқандарға, сондай-ақ ядролық сынақтарға тiкелей қатысқан адамдарға; 1988–1989 жылдары ЧАЭС апаттың салдарларын жоюға қатысушылар қатарындағы, қоныс аудару күні құрсақта болған балаларды қоса алғанда, оқшаулау және көшіру аймақтарынан Қазақстан Республикасына қоныс аударылған (өз еркімен кеткен) адамдарға; қаза тапқандардың отбасыларына; ЧАЭС апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың және ядролық сынақтардың салдарынан сәуле ауруына шалдығып қайтыс болғандардың немесе қайтыс болған мүгедектердiң, сондай-ақ қайтыс болуы белгiленген тәртiппен солардың әсеріне байланысты болған азаматтардың отбасыларына; бұрынғы КСР Одағын қорғау, әскери қызметтiң өзге де мiндеттерiн басқа кезеңдерде атқару кезiнде жаралануы, контузия алуы, мертігуі салдарынан немесе майданда болуына байланысты, сондай-ақ Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа да мемлекеттерде әскери қызметiн өткеру кезiнде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған әскери қызметшiлерге; ЧАЭС апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық сынақтардың салдарынан мүгедек болған адамдарға және мүгедектігі ата-анасының бiрiнiң радиациялық сәуле алуымен генетикалық байланысты олардың балаларына; бейбiт уақытта әскери қызметiн өткеру кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшiлердiң отбасыларына коммуналдық қызметтеріне шығындарын өтеу үшін 2 АЕК мөлшерінде;»;

8-тармақта:

2-тармақша келесі мазмұндағы 2.1) тармақшамен толықтырылсын:

«2.1) Ауғанстан аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне (қатысушыларына) (зейнет жасына жетпенен) жерлеуге, табыстарын есепке алмай 15,7 АЕК мөлшерінде;»

3-қосымшада:

реттік нөмірі 5.3 жолындағы «30 000» сандары «100 000» сандарымен ауыстырылсын.

  1. Ақжайық аудандық мәслихат аппаратының басшысы (А.Умбеталиев) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
  2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Лауазымы

 

Аты-жөні

 

Дата публикации
08 июня 2021