2021 жылдың 1 тоқсанына мемлекеттік қызмет көрсету сапасын ішкі бақылау бойынша талдамалық анықтама
Мемлекеттік қызметтердің сапасына ішкі бақылау нәтижелері бойынша 2021 жылдың 1 тоқсанында 18 ауылдық округ пен 7 бөлім арқылы-1372 қызмет көрсетілсе, с.і. қағаз түрінде-0, «электрондық үкімет» веб-порталы және (немесе) Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету мүмкіндігі болса да, қағаз түрінде көрсетілгендер-26, электрондық түрде көрсетілген мемлекеттік қызметтер-1346. Ауылдық округтерде өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары арқылы көрсетілген қызметтердің саны-1494. Ақжайық ауданы әкімдігіндегі «Ашық әкімдік» жобасында көрсетілген қызметтердің саны-278.
Электрондық форматта көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің санын арттыру мақсатында Ақжайық ауданы мекемелерінің барлық санаттағы қызметкерлері (мемлекеттік және азаматтық қызметкерлер, техникалық персонал) және аудан тұрғындары барлығы-958 электрондық цифрлық қолтаңба алды және ауданымызда мобильді азаматтар базасына - 97 адам тіркелген. Электрондық цифрлық қолтаңба санын арттыру бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта өз жалғасын табатын болады.
Ағымдағы жылдың қаңтар айында аудандық қоғамдық кеңес отырысында «Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша 2020 жылдың атқарылған жұмыстары туралы» баяндама жасалды.
2021 жылдың қаңтар айында «Азаматтарға арналған үкімет» МК КЕ АҚ аудан бойынша филиалының ХКҚО-ның басшысы, аудан әкімі аппаратының көрсетілетін мемлекеттік қызметтер жауапты маманы, дербес бөлімдер мен ауылдық округ мамандарының қатысуымен онлайн түрде семинар өткізілді.
2021 жылдың ақпан айында ХКҚО-ының аудандық филиалының маманы және ауылдық округтердің жастар жетекшілерінің қатысуымен өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштарында электрондық мемлекеттік қызметтерді алу бойынша туындағын сұрақтарына және қызметтерді e-gov.kz порталында онлайн алу мүмкіндігі бойынша нұсқаулық ретінде түсіндірме онлайн кеңес өткізілді.
Электронды мемлекеттік қызметтер насихаттау мақсатында «Әскерге шақыруды кейінге қалдыру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын түсіндіру бойынша бейнеролик түсірілді. Бейнеролик аудан әкімдігінің facebook әлеуметтік парақшасында және аудан бойынша мемлекеттік органдардың бірыңғай интернет ресурстарының платформасында жарияланды.
Аудан әкімі орынбасарымен бекітілген ауылдық округ әкімдері мен дербес бөлім басшыларының 2021 жылға әлеуметтік желіде тікелей эфир ұйымдастыру кестесіне сәйкес аудан мекемелерінің қатысуымен тікелей эфирлер ұйымдастырылып, аудан әкімдігінің және аталмыш мекемелердің facebook әлеуметтік парақшаларында жариялануда.
2021 жылдың наурыз айында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-ы БҚО филиалының Ақжайық ауданы бойынша Халыққа қызмет көрсету бөлімінде мемлекеттік қызметтерді көрсетудің сапасына қоғамдық бақылауды күшейту бойынша онлайн форматта қоғамдық бақылау өткізілді.
2021 жылдың наурыз айында аудандық жер қатынастары бөлімінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тақтасында осы бөлім арқылы көрсетілетін қызметтер туралы ақпараттарды алу үшін QR кодымен ашу мүмкіндігі қарастырған арнайы ақпараттық парақшалар орналастырылды.
2021 жылдың наурыз айында аудан әкімі аппараты басшысының төрағалығымен ауылдық округ мамандарының, аудандық Халыққа қызмет көрсету орталығының кеңесші маманының және дербес бөлімдер мамандарының қатысуымен мемлекеттік қызметтердің қағидаларындағы өзгерістерді талқылау, «Е-лицензиялау» ақпараттық жүйесінде жұмыс жүргізу, е-gov.порталы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің электронды алу бойынша туындаған сұрақтар бойынша кеңес өткізілді.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнамаларының сақталуы бойынша ішкі бақылау жүргізу жоспарына сәйкес 1 тоқсанда аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінде ішкі бақылау іс-шарасы жүргізіліп, қорытындысы бойынша ұсыныстар берілді (бақылау іс-шарасының актлері жалғанды).
Электронды көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша Чапаев орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі КММ-сі «Ағаш кесу билеті мен орман билетінің нысандарын, оларды есепке алу, сақтау, толтыру және беру қағидаларын бекіту туралы» аудандық «Жайық таңы» газетінің 29.01.2021 ж. №4 санында жарияланды. Сонымен қатар, мемлекеттік органдардың бірыңғай интернет ресурстарының платформасының аудан бойынша парақшасында Халыққа қызмет көрсету айдарында мемлекеттік көрсетілген қызметтердегі өзгеріс бойынша ақпарат орналастырылды.
Мемлекеттік қызметтің сапасын, қолжетімділік деңгейін жақсартуда тұрғындардың арыз-шағымдарын, ұсыныстарын және сын-пікірлерін ескерудің маңызы өте зор. Осы бағытта ауданның мемлекеттік қызмет көрсетілетін барлық мекемелерінде тұрғындардың арыз-шағымдары мен ұсыныстары үшін арнайы жәшіктер орнатылған. Күні бүгінге мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге қатысты арыз-шағымдар түскен жоқ.
Аудан бойынша мерзімі бұзылып көрсетілген қызметтер жоқ.
Аудан тұрғындарының мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпаратқа қолжетімділігін қамтамасыз ету және «E-gov» интернет ресурсын, «E-mobile» мобильді қосымшасын танымал ету мақсатында аудан әкімдігінің ресми сайтында, «Facebook» әлеуметтік желісіндегі әкімдіктің ресми парақшасында және жергілікті «Жайық таңы» қоғамдық-саяси газетінде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және қызмет сапасын жетілдіру бойынша атқарылған шаралар мен өткізілген дөңгелек үстелдер, семинар, кеңес отырыстары туралы ұдайы мақалалар жариялануда.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта жоспар бойынша жүзеге асырылатын болады.