Ақжайық ауданы бойынша 2020 жылдың 4 тоқсанында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы есеп
Мемлекеттік қызметтердің сапасына ішкі бақылау нәтижелері бойынша 2020 жылдың 4 тоқсанында 18 ауылдық округ пен 9 бөлім арқылы-1190 қызмет көрсетілсе, с.і. қағаз түрінде-218, «электрондық үкімет» веб-порталы және (немесе) Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету мүмкіндігі болса да, қағаз түрінде көрсетілгендер-107,электрондық түрде көрсетілген мемлекеттік қызметтер-865. Ауылдық округтерде өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары арқылы көрсетілген қызметтердің саны-3205. Ақжайық ауданы әкімдігіндегі «Ашық әкімдік» жобасында көрсетілген қызметтердің саны-578.
Электрондық форматта көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің санын арттыру мақсатында Ақжайық ауданы мекемелерінің барлық санаттағы қызметкерлері (мемлекеттік және азаматтық қызметкерлер, техникалық персонал) және аудан тұрғындары барлығы-1334 электрондық цифрлық қолтаңба алды және ауданымызда мобильді азаматтар базасына-54 адам тіркелген. Электрондық цифрлық қолтаңба санын арттыру бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта өз жалғасын табатын болады.
Ағымдағы жылдың қазан айында ауылдық округ мамандары және дербес бөлім мамандарының арасында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша жаңа бекітліген нормативтік құқықтық актілер талқылау мақсатында құқықтық оқытулар өткізілді.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнамаларының сақталуы бойынша ішкі бақылау жүргізу жоспарына сәйкес 4 тоқсанда аудандық жер қатынастары бөлімде және Бударин мектеп бала-бақша кешенінде ішкі бақылау іс-шарасы жүргізіліп, қорытындысы бойынша ұсыныстар берілді (бақылау іс-шарасының актлері жалғанды).
Стандарттар мен регламенттер бекітілу уақытына сәйкес аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсында уақтылы жариялануда.
Мемлекеттік қызметтің сапасын, қолжетімділік деңгейін жақсартуда тұрғындардың арыз-шағымдарын, ұсыныстарын және сын-пікірлерін ескерудің маңызы өте зор. Осы бағытта ауданның мемлекеттік қызмет көрсетілетін барлық мекемелерінде тұрғындардың арыз-шағымдары мен ұсыныстары үшін арнайы жәшіктер орнатылған. Күні бүгінге мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге қатысты арыз-шағымдар түскен жоқ.
Аудан бойынша мерзімі бұзылып көрсетілген қызметтер жоқ.
Аудан тұрғындарының мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпаратқа қолжетімділігін қамтамасыз ету және «E-gov» интернет ресурсын, «E-mobile» мобильді қосымшасын танымал ету мақсатында аудан әкімдігінің ресми сайтында, «Facebook» әлеуметтік желісіндегі әкімдіктің ресми парақшасында және жергілікті «Жайық таңы» қоғамдық-саяси газетінде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және қызмет сапасын жетілдіру бойынша атқарылған шаралар мен өткізілген дөңгелек үстелдер, семинар, кеңес отырыстары туралы ұдайы мақалалар жариялануда.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта жоспар бойынша жүзеге асырылатын болады.