АҚЖАЙЫҚ АУДАНЫНЫҢ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ҚАУЛЫСЫ
Чапаев ауылы № 22 2026 жылғы 13 қазан
2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған
Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Ақжайық аудандық мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 14-бабына, 26-бабының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 13 қазандағы №60/98, №60/99, қаулыларына сәйкес Ақжайық ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- 2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Ақжайық аудандық мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың қоса беріліп отырған күнтізбелік жоспары (бұдан әрі – Күнтізбелік жоспар) бекітілсін.
- Күнтізбелік жоспар сайлауды ұйымдастыру мен өткізуді қамтамасыз ету үшін ауданның округтік және учаскелік сайлау комиссияларына жіберілсін.
- Осы қаулы Ақжайық ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылсын.
- Осы қаулының орындалуын бақылау төраға орынбасары С.Стармаусоваға жүктелсін.
- Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Төраға Е.Мангуров
Хатшы А.Нургазиева