Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары бойынша айқындалған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдар тізбесі

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша әдістемелік ұсынымдардың 32 тармағына сәйкес сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдарды айқындау кезінде қолда бар лауазымдарды екі санатқа – басшылар мен орындаушыларға бөлуі тиіс.

Шешімдер қабылдау және ұйымдық-шаруашылық функцияларды жүзеге асыру құқығының болуын ескере отырып, басшылардың барлық санаты жоғары сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің болуына жатады, сондықтан оларды функционалдық міндеттерін талдаусыз сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұшыраған лауазымдарға жатқызу керек.

Орындаушылар лауазымдарының сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұшырау деңгейі функционалдық ерекшеліктерін ескере отырып, сыбайлас жемқорлық функцияларының тізімін негізге ала отырып айқындалады.

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары бойынша айқындалған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдар тізбесі

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау объектісінің атауы:

«Ақжайық ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

 

№

Сыбайлас жемқорлық тәуекеліне шалдыққан лауазым

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар лауазымдық өкілеттіктер

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері

Ақжайық аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі «Отбасын қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

1

Кадр маман

Жауапты мамандарға тиісті Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Азаматтық қызметке кіру және азаматтық қызметшінің бос лауазымына орналасу қағидаларын заңнама талаптарын сақтау, кемшіліктерге жол бермеу мақсатында құқықтық оқытуды ұйымдастыру.

Отбасын қолдау орталығында лауазымды орынның ұзақ уақыт бос тұруы.

 

«Ақжайық ауданы әкімдігінің мемлекеттік коммуналдық «Жайықтехсервис» кәсіпорны мемлекеттік мекемесі

2

Есепші маман

Бухгалтерлік есепті  ұйымдастыру және жүргізу.

Мемлекеттік бағдарламалар арқылы бөлінген бюджеттік қаржының ретті түрде пайдалануын жүзеге асырады. Бюджеттік қаражатты тиімді және мақсатты пайдалану. Бюджеттік қаражатың толық көлемде игерілуін қамтамасыз ету.

Әлеуметтік төлемдер бойынша дербес шоттан үзінді көшірмеге сәйкес 11290,72 мың теңге және ЗапКазРэк 26717,91 мең теңге (электроэнергия) кем төленген.

«Ақжайық ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі «Жігер спорт клубы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

3

Кадр маман

Жауапты мамандарға тиісті Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі н, Азаматтық қызметке кіру және азаматтық қызметшінің бос лауазымына орналасу қағидаларын заңнама талаптарын сақтау, кемшіліктерге жол бермеу мақсатында құқықтық оқытуды ұйымдастыру.

Жігер спорт клубында лауазымды орындардың ұзақ уақыт бос тұруы.

 

«Ақжайық ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Ақжайық аудандық мәдени – демалыс орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

4

Кадр маман

Жауапты мамандарға тиісті Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Азаматтық қызметке кіру және азаматтық қызметшінің бос лауазымына орналасу қағидаларын заңнама талаптарын сақтау, кемшіліктерге жол бермеу мақсатында құқықтық оқытуды ұйымдастыру.

Ақжайық аудандық мәдени – демалыс орталығында лауазымды орындардың ұзақ уақыт бос тұруы.

«Есенсай ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі

5

Ауылдық округ әкімі

Жауапты мамандарға Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы қолданыстағы заңнама талаптарын сақтау, кемшіліктерге жол бермеу мақсатында құқықтық оқытуды ұйымдастыру.

Есенсай ауылдық округі әкімі аппаратына қызметке орналасқан кіші қызметкердің аталған мемлекеттік мекеме басшылығымен туыстық қарым-қатынасының бар екендігі анықталды.

«Жаңабұлақ ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі

6

Кадр маман

Жауапты мамандарға тиісті Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Азаматтық қызметке кіру және азаматтық қызметшінің бос лауазымына орналасу қағидаларын заңнама талаптарын сақтау, кемшіліктерге жол бермеу мақсатында құқықтық оқытуды ұйымдастыру.

Жаңабұлақ ауылдық оукругі әкімі аппаратында лауазымды орынның ұзақ  уақыт бос тұруы.

 

Дата публикации
01 октября 2026